22.12.2021
  230


Автор: Жібек Ысқақова

Анашым, мерекеңізбен!

Алақанда аялап, әлпештеген,
Мейірім төккен анашым көктемдей бұл.
Сегізінші наурызбен құттықтаймын ,
Айналаны құлпыртып, гүлді еткен бұл.

Анашым сіз мәңгілік көктемімсіз,
Құлпыратын күн сайын күлім қағып.
Өткенім мен бүгінім, ертеңімсіз,
Әр күніме күш берер үміт жағып.

Құтты болсын анашым, мерекеңіз,
Әнімізбен, жырымызбен тербетеміз.
Отбасының көктемі сіз анашым,
Өзіңізбен артады берекеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу