22.12.2021
  340


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз мерекең құтты болсын, Анашым!

Көктем келді ортамызға нұр шашып,
Бәйшешектер айналада гүл ашып.
Сол көктемнің ең алғашқы мейрамы,
Келді анашым баршамызды қуантып.

Құтты болсын мерекеңіз анашым,
Шаттығымен бастайтын көктем күні.
Жандүниеңіз нұрлансын жан анашым,
Жаныңызды тербетіп көктем үні.

Қуаныштан күйіңіз арылмасын,
Жаныңызға бұл көктем нұрын төккен.
Саулығыңыз анашым мықты болып,
Күндеріңіз көп болсын күлімдеткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу