Өлеңдер ✍️

  21.12.2021
  152


Автор: Естеу Нүсіпбеков

Қорыну

Айтарымды айтқыштар айтты ғой деп,
Айтып-айтып ат таңдап қайтты ғой деп.
Ер мен жүген сыпырып бесті атымды,
Жіберуші ем өріске «әйт, шу, әй» деп.
Менің есем, несібем кеміп кепті.
Ал айтқыштың өрісі кеңіп кепті.
Қосамжарлау біреуге — ұсақтық деп,
Қосақталу көгенге тұсақтық деп.
Қойдай қоңыр болғанды жан ұнатып,
Дәметпеуші ем ешкімнен құшақ, құрмет.

Тізімінен түсіппін тойшылдардың,
Қатарынан күсіппін ойшылдардың.
Әлдекімнің таланын артық санап,
Әлдекімнің дарынын асық санап,
Жабығушы ем тізгінді тартып ұстап,
Бәйгі төбе сөресін қашық санап.
Аямаппын басқаға артық баға,
Қоя саппын өзіме тартық баға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу