Өлеңдер ✍️

  21.12.2021
  105


Автор: Естеу Нүсіпбеков

Бірінен бірі биік

Жетпіс жас — жеті кезең, жеті дәуір,
Желкеме көп жүк артты: жеңіл де ауыр.
Жеңілі жел өтінде желпіндірді,
Ауыры арқа-жонды етті жауыр.

Бірінен бірі биік кезеңдерім,
Аямай алдан тосты белең-белін.
Тайғақ та қия-құзды қиын жолдар
Ернімнің талай көрді кезергенін.

Бірінен бірі өктем дәуірлерім
Сіңірді жазды әкелер сәуір лебін.
Үміті, арманы да, шыдамы да,
Төзімі, қажыры да — бәрі тегін.

Аз емес алғандарым бойға шақтап,
Жортсам да шаршамадым ой қасаттап.
Десе де дегеніме жете алмадым,
Отырмын опыныспен шоқ құшақтап…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу