Өлеңдер ✍️

  19.12.2021
  248


Автор: Қонаш Қалдыоразұлы

Ұстазыма

Ұмытам ба, сонау жылды алғашқы,
Сонда жерді ерте қалың қар басты.
Тұңғыш рет көрдім ұстаз ағаны,
Содан бері жылдар жылмен жалғасты.
Не екенін білмеуші едім білімнің,
Білдімдағы, бал қымыздай сімірдім.
Таң боп сонда атқан алдан сен едің,
Ұстаз аға ойын аршып ініңнің.
Білім деген дарияны мен кешкем,
Нәрін алған азаматпын ер жеткен.
Үміт артып күттің бе екен, ұстазым,
Асау жырды мен сияқты тентектен.
Жадыратар жайлап жанды таң самал,
Бақытымды әр күн тұрып қарсы алам,
Таңның нұры сенің нұрың секілді,
О, ұстазым! Алғаш мені қарсы алған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу