19.12.2021
  133


Автор: Сафуан Шаймерденов

Сәбиттің дұрысы

1954 жылы Украинаның Россияға қайта қосылуының үш жүз жылдығы тойланды. Сол тойға Қазақстаннан барғандардың бірі — Сәбит Мұқанов.


Қайда жүрсе де қаламы қолынан түспейтін жазушы келе салып, сегіз-тоғыз баспа табақтай көл-көсір очерк жазды. Сол очеркті мен «Әдебиет және искусство» журналының кезекті санына дайындадым. Ең алдымен, көлемін торт баспа табаққа түсірдім. Оның үстіне, асығыстау жазылғандықтан, долаңдау шыққан дүниені жақсылап тұрып редакцияладым. Сәбит журналға кетер жаңа нұсқаны оқып шығып, разы екенін танытты.


— Бала, редакциялағаның дұрыс болған.


Очерк терілуге кетті. Мен болсам, үлкен ағаға аз да болса қызмет еткенімді, ол қызметімді үлкен ағаның қабылдап разы болғанын мақтан етіп жүрдім. Бірақ бұл қуанышым ұзаққа бармады. Журнал жұртқа тарардың алдында қайшыға келіп түссін: Украинаның Россияға қайта қосылуы. Ал Сәбит болса, қайтасыз қосылуы деп баса берген. Сәбит жіберген қатені мен де байқамаппын. Украинаның Россияға қосылуы — деп тарта беріппін. Сол қате жөнделіп, очерк қайта терілуге тиісті. Мойныма әжептәуір ақша мінетін түрі бар. Енді қайттым? Қинала-қинала Сәбеңе телефон шылдыраттым. Ойым — өзінен кеткен қате болғандықтан, шығынын да өзі көтеретін шығар ғой баяғы. Осылай да осылай. Мені тыңдап алғаннан кейін, Сәбит жауабы тым қысқа болды:


— Дұрыс...


Мұқановтың осы «дұрысы» маған мың сомға түсті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу