17.12.2021
  472


Автор: Нұрхан Жанаев

Төрт түлік баласы

Түйе баласын «бота» дейміз,
Кішкене бір жота дейміз.
Жылқы баласын «құлын» дейміз,
Желбіреген тұлым дейміз.
Сиыр баласын «бұзау» дейміз,
Сүзісем дейтін бұзық-ау дейміз.
Қой баласын «қозы» дейміз,
Енесінің нақ өзі дейміз.
Ешкі баласын «лақ» дейміз,
Шұнтыңдаған шұнақ дейміз.
Кәне, тағы қайталайық,
Мүдіріссіз айта алайық:
Бота,
Құлын,
Бұзау,
Қозы,
Лақ.
Айту енді қиын емес
Төлдер жайлы құрсақ кеңес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу