17.12.2021
  139


Автор: Саттар Ерубаев

Бәйгеден бәйге...

Мұнан екі айдай бұрын Қазақстан Жер комиссариаты төлді жақсылап күтуге бәйге жариялап, бәйгенің шарттары да қойылған болатын. Бәйгенің шарттарын орындағандарға бәйге берілмеген де болған. Директивтер жазып орындарға жіберді де Жер комиссариаты жұмған аузын ашпай қойды. Сол жарияланған бәйгенің барысын ешкім білмейді. Қай колхоз, қай ауданның бұл бәйгеге ұштасқаны туралы бір жапырақ ақпар жоқ. Бырдин жолдас шынымен-ақ: «Бәйгенің барысын, оған кімнің ұштасқанын бәйгенің қорытындысы шыққасын ғана айтамыз... Тіпті, қолым тиетін емес. Бірқатардан бері Семейдің ет комбинатының жұмысында отырмын. Бәйгенің срогы біткен кезде қорытындысын шығарып, сводканы жасап сендерге жіберуімізде сөз жоқ» — деп жылпылдайды, бұдан құйрыққа салады.


Жер комиссариаты бәйгені жариялауын жарияласа да сол бәйгенің срогының тез өтуіне шыдайтын емес. Бәйгенің қорытындысын шығаруға құмар-ақ.


Жақында тағы да мал азығының қорын жасауға бәйге жарияланды. Бәйге жариялануда бірқатары басын көтерді де, мал шаруашылық секторы бұрынғы қалпына түсті. Бұрынғы орын, қым-қиғаш отырыс. Штаб оқиды, қағаз жазады, бір — біріне қатынас қағаздарды жолдайды. Сыртынан қараған адамға, қиратып іс істеп жатқан сияқты көрінеді.


Тұрмыс бұларды күтетін емес. Басталған іс Жер комиссариатының мал шаруашылық секторының сасыған кабинетін аттап жатқанын өздері білмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу