17.12.2021
  194


Автор: Саттар Ерубаев

Шығыстың сұлулары

Новелла


«Шығыстың сұлулары» — әйелдер сататын зынахана еді. Үлкен әдемі залда қамалған қойдай жүзге тарта әйелдер отыратын. Бұлардың киімдері де, сымбаттары да түрлі-түрлі келіп, тек кәсіптері ғана бір-ақ нәрсе болатын. Еркектер келіп таңдап жүріп біреуін алып жоғары номерлерге кететін, Токиодағы ең қызу сауданың бірі осы әйелдер саудасы еді. Бірақ жаңағы әйелдердің бәрі бірден қызу саудаға түспейтін. Іштерінде аса сұлуларын қолды-аяққа тигізбей Токио буржуалары, чиновниктері бір минут тұрғызбайтын. Ал жұпынылаулары арзан болатын да, ана сұлулардай қолдан-қолға өтіп жүрмейтін.


Бірақ соңғы уақытта «Жас офицерлер» ұйымының мүшелері келіп, сауданы қыздырды. Әйелдер өте шаршап, түнде жатарда төсектеріне ес-түстерін білмей құлайды. Таңертең күйеуі ішкен арақ, билеу, темекінің көк түтіні бастарын мең-зең қылып, барлық денелері сал болып қимылдауға жарамай қалатын. Бірақ амал не, тұрып қайтадан бастайтын.


Белі бұралған кербез, империяның мақтаны болған — осылай өмір сүретін.


Бұл әйелдер сататын үйдің жанында театр болатын. Бұл театр эротикадан, еркек пен әйелдердің жақындасуынан басқа еш нәрсе көрсетпейтін. Әрине, театрға келушілердің көбі оны көрген соң, әйел жататын үйдің тұрғылықты қонағы болып алатын.


Бәрінен қызығы, ойынның артынан келгендерге зынаханада мынадай сұлулары бар деп әйелдерді біртіндеп сахнаға шығарып, жанды жарнама ететін. «Қанжарлы оқымыстылар тобының» съезі осы «Шығыс сұлуларының» театрында ашылды. Ашылар алдында театр иесі сұлу әйелдерінің сахнаға шығарып, «заявкелерін бере берсеңдер де болады» дегендей болды. Шынында қанжарлы оқымыстылар, жаңа көрген әйелдерінен таңданғандарын айтып, конторға барып, өздеріне меншіктік жатты.


Асакодан келген — я офицер екені, я ғылымпаз екені белгісіз бір делегат үй иесіне келіп:


Үй иесі күліп, жайдары ғана:


Ол болмайды ғой, О-кей сұлу профессор Авенің меншігінде ғой — деді.


Делегат сасып қалып, кешірім сұрап шыға жөнелді.


«Қанжарлы оқымыстылар тобы» — «Жас офицерлер» мен Сеюкай партиясының мүшелерінен құралған топ. Бұл топ ұйымдасқалы — 2 жыл. Топтың программасы — үлкен соғысты тез бастау. Сондықтан съездің ашылуына Жапония бастаушы адмирал Арахидің өзі қатысты. Съезді топтың президенті профессор Аве ашты.


Съездің күн тәртібі Азия және соғыс.


Тағы біраз мәселелер.


Токио газеттері съезд күнделігін үзбей жазып тұрды. Әсіресе Сеюкай партиясы көсемдерінің бірі Ламомото Тейдзироға жақын «Күні шыққан ел» атты газетке «Қанжарлы оқымыстылар тобы» деген сөйлемді өзгеше өрнектеп, «Қанжар мен оқымыстылар тобы жасасын!» деп үлкен аншлаг берді.


Токио газеттеріне үлкен сенсация болған нәрсе-профессор Дойхэраның «Мимикрия және Жапония» деген баяндамасы болды.


Газеттер Дойхараны мақтап, суреттерін қос-қостап басып, аяқ-қолын жерге тигізбей жатты.


Керек десеңіз, «Berliner tagblat-тың» Токиодағы профессор Авемен әңгімелеседі. Профессор Авенің «Дойхара-империя ғылымының көгінде туған жарық жұлдыз, бұл жұлдыз Темірқазық сияқты, барлық адасқандарға компас болады» деген сөзін Германия газеттері түгел басты. Домей Цусин агенттігі съезд хабарын Жапонияға теріс таратты. Степани агенттігі де көп еңбек етті.


Профессор Дойхара отставкадағы генерал еді.


Не себептен екені белгісіз, әйтеуір, генерал Дойхараның әскери карьерасы құлап түскенмен, кейін ғылымға ұмтылғаны да рас. Осы соңғы март реформасында әскер арасында арахишылдық ықпалы күшті болған соң, оны қоймай жұрт отставкаға шығарған. Генерал жас күнінде Оксфорд университетінде оқып жүргенде атақты Паултонның мимикрия жөнінде 5-6 лекциясын тыңдаған. Содан соң бұл университет тастап, соғыс жолымен кеткен. Бірақ мимикрияны бір түрлі жақсы көретін. Тағы бір айта кететін нәрсе, бұл генералдың профессор деп аталуы. Бұл ат съезге келгенше жоқ еді. Осы баяндамасымен байланысты неден екені қайдам, журналистер, газеттер профессор деп атап кетті. Әйтеуір, ең әдепкіде біреу профессор деп айта салып, содан осылай кетті.


Енді газеттер хорын шулатқан Дойхараның баяндамасына келейік.


Мимикрия деген сөз-еліктеу деген сөз. Былайша айтқанда бір жәндіктің (көбелек, шыбын) қасиеттерін екінші жәндікті иемденіп алатыны жөніндегі ғылым. Ендеше, мимикрия кебежесі жәндіктер жөніндегі ғылым. Дарвин кезінде болмаса да мимикрия (Менделизм, Мендель оқуы кезінде пайда болды). Венттің, Уоллестің көрсеткен фактілеріне Дарвин өте қуанып, қосылатынын білдірген. Паултон жәндіктер түсінің үшке бөлінетінін көрсеткен. Бірінші түс-көз бояушылық. Жәндіктің түсі жүрген жерінде шөптің бір түстес болып, көзге түспейді. Бұған дәлел — құмдағы кейбір жәндіктер түсінің сұр болуы, көк шөп арасындағы кейбір жәндіктердің көк болуы.


Екінші-бір жәндік екінші бір жәндікке өте ұқсас болады. Бұл біріне-бірі еліктегенін көрсетеді. Міне, осы басқаға еліктеуші жәндіктің түсін псевдоапосемитикалы түс дейді.


Бірінші-апотетикалы түсі бар жәндік көзге көрінбегендіктен жауға жем болмайды.


Екінші-псевдоапосемитикалы түсі бар жәндік «еті ащы, иісі аңқыған», жеуге жарамайтын жәндіктердің «тонын жамылып» жауға жем болмайды.


Үшінші-апосемитикалы түсі бар жәндік шынында еті ащы, жеуге жарамайтын болғандықтан жауға жем болмайды.


Профессор Дойхараның қорытындысы бойынша жәндіктердің, аң, адамдардың өмірі біреуге жем болмай, біреуді жем қылу үшін күрес болмақшы. Сондықтан барлық халықтың, оның ішінде Жапонияның мақсаты қалай да біреуге жеу болады.


Дойхара Жапонияның жемі" туралы айта кетіп, жер жүзі мемлекеттерін екіге бөлді.


1) Апосемитикалы мемлекеттер.


2) Псевдоапосемитикалы мемлекеттер.


Біріншісі: «жеуге келмейтін» еті ащы-Германия, Италия сықылды мемлекеттер. Бұларға тию керек емес.


Екінші: жеуге жарайтын, жейтін мемлекеттер. Бұлар біріншісінен «тонын жамылған»; сондықтан да, жапон солқылдақтары алданып, жеуге жарамас деп жүр. Міне, осы қателік жапон халқының есінде болу керек.


Мәжіліс артында Арахи сөйледі. Ол, басты жаңалық Кеңестер Одағы екенін, тез үлкен соғысты ашудың, ол үшін елшіліктегі «Сеюкай» мен «Жас офицерлерге» көшу керек екендігін айтты.


— Азияның шөбі қуарып, шаңы аспанға шығып кетті. Оны қанмен суару керек-деді адмирал Арахи. Оқымыстылар түрегеліп айқайлап адмиралды құрметтеді.


Химия королінің бұрынғы хатшысы Момодзо қарындасының үйіне жүгіріп келді. Есіктен жүгіріп келіп, көрген-білгенін сыбырлап соғып жатты. Қарындасының «тұра тұр» дегенін де байқамады. Бір уақытта ішкі үйдің есігі ашылып кетті.


— Ол, кәдімгі физик Кувяси ме?-деді химия королі.


Ертеңіне химия королі Тояма Авені кабинетіне шақырып алды.


— Енді қисыны келмейтін қойыртпақ ғылымды қойсаң да болады-деді сөз аяғында король-біздің жігіттер профессор Кувясиді ертіп, чертеждерін, аппаратын алып келеді, адам ұйықтататын химиялық элементтер. Аппараттың иесі-мен оны істен шығарған сен боласың, мақұл ма? — деді.


Профессор корольдің алдына жығылып, аяғын құшақтай алды.


Ертеңіне түнде «Жас офицерлер» тобы үйлерін қамап, өкімет басыларын өлтірді. Сөйтіп, өкімет өз қолдарына алды. Премьер-министрлікке адмирал Арахи отырды. Полиция да, өкімет әскері де қарсы шықпады. Өкімет фашизм қолына кетті.


Жапон фашистері үлкен соғыс жарында екенін, Кеңестер Одағымен тез соғыс ашатынын айтты. Ашық декларация жариялады.


Сол күні газеттер Токионың шетінде бір шұңқырдан белгілі профессор Кувясидің сүйек табылғанын хабарлады. Оның аппараты жөнінде бір ауыз сөз жазылмады.


ІІІ


Арахи өкімет басына келгелі программасын орындауға бар күшін салды. Кеңес үкіметі соғысты бастады. Жапония императоры жалпы мобилизация туралы декретке кеше ғана қол қойды. Бірақ самурай тұқымдарының Улан-Баторды басып алғанына 5 күн болып қалды.


Хабаровск, Владивосток, Иркутск қалаларының соғыс жағдайына көшкенше де 5 күн болды.


«PolKice Belovaxtr» газетінің майдандарына Жапония армиясының бастығы адмирал Арахи:


— Біз Орал тауына жеткенше тоқтамаймыз. Орал тауының бергі жағы түгел Жапон империясының қолына кетуі керек -деп жауап берген.


Бірақ Кеңестер Одағының шекарасынан өтіп, Жапония әскері бір қадам да баса алмады. Империя самолеттері шекараға ұшып келді де, артиллерияның отына шыдай алмай, алдынан дауыл соғып, көкірегінен итергесін қайқайып барып, кейін қарай ұшып кеткен қарға құсап, ізімен қайтады. Кейбіреулері оқ тиген құстай, жер сүзе құлап, шекара үстінде қалады.


Бірақ Токио табыс дабылын қағып жатты. Улан-Баторды алғаннан бері Жапония газеттері бұл хабарды көкке көтеріп, әскербасылар құрметіне тост көтерумен болды.


Өкіметке жақын газетте жапон өндіріс корольдары жазған «Жаңа намаз» текстісі басылып шықты. Бұл тексте «Я, құдай, өзіңнің ұйғаруың бойынша, Оралға дейін жерді империяға қаратамыз» делінген. Бұл намаз тексі жоғарғы шіркеу орны бекіткен, әрбір жапон ұлына осыны бұрынғы намаз орнына оқы деп тапсырған.


Улан-Баторды алу құрметіне Токио байлары арасында күні-түні бал, банкет, той болып жатты. Тіпті князь Куваяси 1930 жылғы күнделіктерін газетке басып, ондағы «болашақ соғыста Жапония Улан-Баторды басып алады, содан әрі Кеңестер Одағына ауыз салады» деген жерін бетке ұстап, өзін әулие деп жариялап жатты.


Токиодағы орыс ақтарының газетін Улан-Баторды қалай алғаны жөнінде осы бес күн ішінде бір роман да жариялап үлгерді. Бұрынғы Петербург салонының гүлі болған, қазір Токио швейцары эмигрант жазушы «бір жапон офицеріне он монғол қызының қалай таласқаны» туралы жазады. Тіпті жапон әйелдері сүйетін бір өзгешелігі бар деп патшалы Ресей «патриотының» аузынан суы құриды.


Осака қаласындағы күйеу алмай қойғандары кәрі қыз қолын кесіп, қанын ағызып, бөтелкеге құйып адмирал Арахиге жібертті.


«Самурайдың қанымен қылышыңды суар, ол еш уақытта қайрылмайтын болады»-деп жазыпты. «Бұл еш еркек көрмеген таза қыздың қаны»-деп те қойыпты «жас ару».


Бірақ кәрі қыздың қаны еш нәрсеге себеп бола алмады. Владивосток пен Хабаровскіге дейін Уссури өзенінен, Хабаровскіден Манчжурия станциясына дейін Амур өзенінен өтем деушілердің сүйеп суда қалып жатты.


1904 жылғы орыс-жапон соғысында орыс әскері түгелімен су түбіне кеткен. Арахишылар осы соғыста да сондай табысқа жетеміз деп ойлаған.


Шынында, бұл теңіз соғысының үлкенді Цусимадан кем болған жоқ. Бұны біз түгел келтірейік: 7 август күні Владивостоктан 200 миль жоғары Совет атты порттың жанында ашық теңізде 10. 000 тонналық 3 крейсер, бір авионосеттен құрылған жапон эскадрасы көрініп қалды. Корабльдерден аспанға 12 самолет көтеріліп, қалаға қарай тартып отырды. Ойламаған жерден бұл самолеттер портты қалаға бомба тастады.


Сол кезде порттан теңізге үш жеңіл крейсер шықты. Толқынсыз ашық теңізде жапон снарядтары кеңес креисерлерінің орнын сипалап, таба алмай жүргендей жан-жағынан түсіп, теңіз суын таудай етіп, аспанға лақтырумен болды. 8 дюймді зеңбіректерден атылған бір снаряд кеңес крейсерін бірінші теуіп, өрт басталған соң кейін қайтып кетті.


Крейсерсіз қалған күш, кеңес эскадрасын қусырып, жапондар қалаға жақындай түсіп, порт гаваны ата бастады.


Осы уақытта порттан 20 кеңес самолет! Жапон самолеттерін атакасына қарамай, жапон эскадрасының үстіне шықты. Бомбылар теңіз бетінің тас-талқанын шығарды. Бір крейсер жамбастап біраз жүріп, суға сүңгіп, жоқ болды.


Жапон самолетері кеңес самолеттерінің астына түсіп, төменнен жоғары қарай пулеметпен ата бастады. Бір уақытта екі жақтың самолеттері де қашуын қойып, бір-біріне ұмтыла түсті. Әуеде соғыс басталды. Екі самолет соғысып, жанып теңізге түсіп жоқ болды. Жапон авианосецінен тағы бес-алты самолет көтеріліп, тура қалаға тартып, порт үйлеріне радио станцияға, складтарға, жарадағы қамалдарға бомбы тастады. Портта өрт басталды. Кеңес самолеттері екі бөлініп, бір бөлек қалаға ұмтылды.


Порттан тағы екі крейсер ашық теңізге шығып, кеңес эскадрасы жапондықтарды Кеңестің бір истребителі екі жапон бомбовозын құлатты. Сонда ашық теңіз жақтан жапонның екінші эскадрасы келді. Артиллерия бет бақтырмай кеңес эскадрасын кейін ығыстырды. Келген эскадрадан тағы 20 самолет көтеріліп, аспанда темір құстар қаптап кетті. Кеңес эскадрасы төмен Владивостокке қарай жылжыды. Қаланың жау қолына өтуі-күмәнсіз болды.


Сол уақытта жапон эскадраларының екі кеңсе қайыры келіп қалды. Олар торпеда тастады. Жапон эскадралары бетін бұрып кейін кетті. «Асахиякрен» қатардан шықты.


Осы уақытта Уссури таулары жақтан шегірткедей қаптап, көкжиекке қара ноқатқа толтырып 200 гидропландар көрінді. Жапон самолеттері Хаккайдоға, Лаперуза бұғазына қарай тартып отырды. Үрейі ұшқан жапон эскадралары да олардың соңынан селтеңдеп ерді, кеңес самолеттері қуа жөнелді.


Жапон флоты екі бөлініп Владивостокке аттанды. Бірі Хоккайдодан шығып, Сангар бұғазынан өтіп, ұшы-қиырсыз төңкеріліп жатқан теңіз толқынымен тұра Владивостокке келе жатты.


екіншісі Корей бұғазынан өтті, темекі тартып отырды.


Адмирал Уланаға жапон эскадрасына «Совет» портына Лаперуза бұғазына қарай дегенде, флотының күшін жол жаққа аударып жіберіп, Корея жағынан келіп Владивостоті басып алмақшы еді. Тынық мұхит флотының эскадралары кейін қайтқанда, Сангар бұғазынан келе жатқан жапон эскадралары алдынан шығып, Тынық мұхит эскадраларын кейін шегініп жіңішке Татар бұғазына алып тұрып жазады. Тіпті жапон жігіттерін әйелдер сүйетін бір өзгешелігі бар деп көшені Ресей «патриотының» аузынан суы құриды.


Осака қаласындағы күйеу алмай құйған қыз қолын кесіп, қанын ағызып, құйып адмирал Арахиге «Самурайдың қанымен қылышыңды суар, ол еш уақытта қайрылмайтын болады»-деп жазыпты. «Бұл еш еркек көрмеген таза қыздың қаны»-деп те қойыпты «жас ару».


Бірақ кәрі қыздың қаны еш нәрсеге себеп бола алмады. Владивосток пен Хабаровске дейін Уссури өзенінен, Хабаровскіден Манчжурия станциясына дейін Амур өзенінен өтем деушілері суда қалып жатты.


1904 жылғы орыс-жапон соғысында орыс эскадриялары түгелімен су түбіне кеткен. Арахишылар осы соғыста да сондай табысқа жетеміз деп ойлаған.


Онан соң бұл эскадралар орағытып бару үшін, теңіздің ішіне қарай кетті. Бірақ алдынан Тынық мұхит эскадралары шыға келді.


Жапон флотының бұл эскадралары да қоршауда қалды. Арты-жағалау артиллериясы, алды-кеңес корабльдері.


Адмирал Уланаға қателескенін жаңа сезді. Адмирал Уланаға Кеңестер Одағының жапон теңізін алақандай жер қоймай, қаптап кететін осыншалықты зор флоты бар деп ойламаған еді. Жау күшін бағаламау-теңіз соғысында ең басты қауіп.


Жапон авианосецтері мен крейсерлерінен 100 шықты, самолет көтерілді.


Кеңестер Одағы жақтағы теңіз жағалауынан да 100 шақты самолет ұшып келді. Су дауылпаздары айқаса бастады.


Енді жапон теңізіндегі соғысқа Тынық мұхит флоты мен жапон флоты тегіс қатысты. Соғысқа араласпаған бір корабль, бір гидроплан қалмады. Крейсерлердің де, самолеттердің де саны уақыт-уақыт сайын көбейе түсті. Майданның бір шеті Владивосток, бір шеті Сангар бұғазына дейін барды. Көрініп жатқан теңіз беті соғыс сахнасына тарлық қылды.


Өртенген самолет, корабльдер, жарылған снарядтар теңіз ішін өрт қылып жіберді, теңіз қайнап асты-үстіне шығып жатты.


Қоршалған жапон эскадралары Тынық мұхит флотының қатарын жарып өтті, негізгі күшке қосылу үшін алға ұмтылды. Алдынан 10. 000 тонналы 4 крейсер артиллерия отына қарамай алға шықты. Артынан эсминецтер Кеңестің 3 линейный кораблі олармен соғыс ашты. «Касанаги» мен «Менсейто» қатардан шықты, 4 эсминец су түбіне кетті. Олардың орнын 7 жапон жеңіл крейсері келіп басты. Бұның бәрі үлкен кеңес крейсерінің 8 дюймді зеңбіректен атқан снарядтарының астында қалды.


Беттей алмай кейін қайтты.


Адмирал Уланаға эскадралардың қоршауда, кеңес снарядтарының ойнағында, өте қауіпті жағдайда қалғанын сезіп, қалайда жау қоршауын жарып шығуды бұйырды.


Артиллерия оғын жаудырып, крейсер эскадрасы, эсминец флотилиясы атакаға шықты. Оның артынан қатарын жайып 10. 000 тонналық крейсерлер, эсминецтермен қоршалған көп эскадралар алға ұмтылды. Бірақ екі жақтан атылған снарядтардың түскен жерінен өте алмай көп корабльдер өртеніп жатты. Біразы суға батты. Бірақ алға ұмтылу тоқталмады. Осы уақытта екі кеңес қайығы келіп торпедалар тастады. Жапония эскадралары быт-шыт болып жан-жаққа қашты. Бір-екі корабль соғысып та қалды. Бірінің оң бөксесі тесіліп, су жұтып қатардан шықты. Осы жағдайды пайдаланып, кеңес эсминецтері минаға кезек берді. Жақындасып атысты. Екі жақтың бірнеше эсминецтері соқтырып су түбіне кетті.


Содан сараң 10-да жапон эскадралары көп корабльдерінен айрылып, Кореяға қарай бұрылып, зорға құтылды. Екі бөлінген жапон флоты қосылды. Сөйтіп теңіздің Корея жағасына қарай кетті. Кеңістің флоттарымен айқасуда адмирал Уланаға Цусима соғысын екінші рет кермекші еді. Белгілі Ресей ғой деп, табысты болатынына сезсіз сенетін еді. Іс жүзінде олай болмай шықты, топас орыс адмиралының Цусимадағы эскадраларындай, теңіздің толқынына әлдеқашан батқанын сезейін деді. Орыс моряктарын теңізге салып, тоғытқан қойдай қылып империя зеңбірегін аузына қарай айдайтын Рождественскийлермен жапон адмиралдары енді кездесе алмас.


Сорлы арахишылар дәуірден ұтылған екен, осылардан жарты ғасыр бұрын туса ғой, ауыздарын толтыра қан ұрттар еді. Адмирал Уланаға соғыс сахнасын теңіздің Корея жағалауына алып кетуге тырысты. Сүйеу болмаса, жеңу қиын. Корея жаққа жақындап жергілікті күшпен авиацияның көмегін пайдалану керек. Кем боп қалған жерде толтырып отырмай болмайды. Адмирал Уланаға қаша ұрысып, жауды резервтеп күші жаққа алып кетуге тырысты. Жау мұны сезді, бірақ қорыққан жоқ.


Қазіргі соғыста жеңіп шығудың басты шарты авиация ғой.


Сондықтан да Уланаға разведкаға самолеттерін жіберді. Тағы әуе соғысы басталды. Жапон теңізі жарылып, күні тұтылғандай болды. Көкте де, суда да моторы, тарсыл-гүрсіл снаряд даусы қаптап кетті. Аспан суға, су аспанға араласқан тас-талқан болды. Самолеттерді авианосец крейсерлер атып жатты. Бірақ кеңес самолеттері теңіз бетін шағаладай қаптап кетті. Владивосток жақтан көктемде келетін құстардай келді де жатты.


Жапондықтардың тек авианосецтеріне салып алып келген самолеттері төтеп бере алмады


Әуе соғысымен қабаттасып екі жақтың екі эскадрасының арасында ұрыс болды. Бұлар 10. ООО тонналық крейсерлерден құрылған: қарулары да теңбе-тең. Соғыс алыстан атысудан басталды. Онан соң екеуі жақындасып аралары 25 километр болды. Бір жапон кораблінің палубасын снаряд талқандап жіберді, борты лезде су жұтып, корабль батып кетті.


Біраздан соң екі жақ та кеп зиян тапты. Кеңестегі линейный корабльдері көмекке шықты. Жапон эскадралары есінен адасты. «Каконың» алдыңғы жағы суға батып кетті. «Пузияма» қатардан шығып, портқа қарай кетті. Енді жапон эскадрасы келді. Бірақ мұны кеңес корабльдері снаряд астына алып, жолатпай кейін қайтарып жіберді. Жапонның линейный корабльдері келді.


Жапон флоты ырыса түсіп. Кеңес флоты да жапон эскадраларын Владивосток жаққа айдамақшы болды. Екеуі де маневр жасап, шырқ айналумен жүрді. Жапон флоты шығысқа, кеңес флоты терістікке бет алды. Бір жерде екі флот тағы кездесіп қалды. . . Кеңестің эсминец флотилиясы жапонның жеңіл крейсерлеріне атака жасады. Ешқандай қарсылыққа қарамай жаңбырдай жауған снарядқа қарсы алға ұмтылды. Бұл уақытта екі жақтың флоты да жақындап келіп қалды. Жапонның жеңіл крейсерлері атакаға шыдай алмады.


Енді кеңес флоты эсминецтеріне тағы бір атака жасап, жаудың үрейі ұшқанын пайдаланып, үлкен соғыс ашпақшы болды.


14 август күні Тынық мұхит флотының командирі Кеңестер Одағының маршалына жапон флотының негізгі күшін жойып, қалғандарын шешіндіріп, қуып жібергені жөнінде рапорт берді.


Бұл сұмдық жапон флотының жеңілу артынан іле-шала болды. Кеңестер Одағы суда да, құрғақта да жеңіп, интервентиллерге Қызыл Армияның күшін көрсетті. Жапондар кейін қашты. Майдан сахнасы екі-үш күн тыныс алды.


Міне, бұл сұмдық осыдан үш күн өтіп, төртінші күні таңертең болды.


Бүкіл қиыр Шығыс шекарасындағы Қызыл Тулы армия бір секунд ішінде ұйықтады да қалды. Жауынгерлер еш нәрседен қаперсіз өз жұмыстарын атқарып жүргенде, бастары мең-зең болып, денелері ауыр тартып, талықсып, көздері жұмылып ұйықтап, құлай-құлай кетісті. Майдан линиясында ұйықтамаған бір адам қалмады, тек бір деревнядағы штаб ұйықтамай қалды. Ол майдан линиясына жіберілген күштің алқымына ілінбей қалса керек.


Инженер Төлепов самолет, автомобиль, танк, поезд, корабльдерді алыстан тоқтатып тастайтын машинасын қиыр Шығыс майданында сыннан өткізуге келгенше үш күн болған еді. Академик Вознесенский Төлепов аппаратына сынаушы комиссияның мүшесі болып келген еді.


Қиыр Шығыс армиясын ұйықтатқан жапон профессорының ультра сәулесі бір секунд ішінде Токиодан Кеңестер Одағына жетіп, барлық армияны ұйықтатып үлгерген.


Бірақ Қиыр Шығыста штабтан басқа екі-ақ адам ұйықтамай қалған, олар: инженер Төлепов пен академик Вознесенский еді.


Дәл ультракүлгін сәуле келген секундтың басында ракетапланға мініп, Жапонияны айналып, листовка таратып, жаңағы секунд бітпей қайтып оралған еді. Сөйтіп, бір секундта 5000 километр жерге барып қайтқан еді.


Адам ұйықтайтын сәуле келгенде бұлар Жапонияда болып, ояу қалған еді.


Келген соң академиктің басы айналып, әлсіреп, талықсып төсекке жатып қалды.


Инженер Төлепов лабораторияға келіп, қызметіне кірісті. Осы уақытта есік ашылып кетті, екі жапон офицері кіріп келді.


— Көтер қолыңды! — деп біреуі айқай салды.


Инженер Төлепов қолды қалтаға сала беріп еді артынан біреу ұстай алды. Жалт қараса, артында да екі офицер тұр екен.


Төрт мылтық төрт жағынан тірелді.


Инженер өлерін білді. Стол үстіндегі микрофонға көзі түсті.


«Аппараттың қайда екенін айтсам ба екен»-деген ой сап ете қалды. «Қой мыналар бітіп, жойып жіберер»-деді.


Сонан соң микрофонға аузын таяп:


— Қиыр Шығыс армиясын жапон ғылымпазы ұйықтатып тастады. Ертең Москваны, Донбасты, басқа ірі қалаларды ұйықтатып, Кеңестер Одағын басып алмақшы. -Мен инженер Төлепов еліне бара жатып, Кеңес Одағына қасық қаным қалғанша. . .


Бұл өзінен-өзі неге сөйлеп тұр деп таң қалып тұрған офицер түсіне қойып, мылтықтың шүйдесімен қойып Инженер етпетінен түсті.


Бірақ инженер Төлеповтың еліне бара жатқандағы ащы даусын микрофон бір секундте жер жүзіне түгел жайды.


Төрт офицер инженер Төлеповтың қол-аяғын байлап тастады. Біреуі пышақпен инженердің жуан желке тамырын қиып жіберіп, бір насосты тығып қойды. Насос бір тамшы да қалдырмай инженердің қанын сорып алды.


Төлепов елін қалды. Ашық көздері әйнектей көкшіл тартып кетті, жүрегі тоқтады.


Өлгенін білген офицерлер шыға жөнелді.


Академиктің бойына қуат кіріп, басын көтеріп алғанда Төлепов жоқ екен. «Ол лабораторияда болар» деп орнынан тұрып сонда барды. Сілейіп өліп жатқан инженерді көріп, жүгіріп келіп құшақтай алды.


— Рақмет! Аппарат қайда?! — деп айқай салды.


— Рақмет! Лизаға не деймін, Рақмет қайда деймін?


Академиктің көзінен бірінші рет жас шықты.


«Аппарат, аппарат» деді есі ауыңқырап! Қонақтардың тапсыруы бойынша сынаудан кейін Рақмет аппаратының қайда екенін оның өзінен басқа тірі жан білмейтін. Қай қалада, қай жерде екенін ешкімге айтпаған. Рақмет жерде тұрып аппаратын радиомен жүргізетін.


Академиктің көзі Рақмет қанын сорып алған насос пен үлкен шыныдағы бес литр қанға түсті. Академик қолын апарып еді, ұйып қалған қара қошқыл қан әлі жылы екен. Рақметтің өлгеніне 20 минут болған еді. Академик орнынан қарғып тұрды


«Автожектор» атты қолдан жасаған жүрек-машинаны әкеліп жүргізді. Машинаның трубкасын Рақметтің желкесіндегі қан шыққан жеріне жапсырды. Пышақпен өзінің желке тамырын қиып жіберіп, насосты тыға қойды. Насос академиктің қанын тартып алып кетіп жатты. Машина-жүрек кәдімгідей соғып, жылы қанды Рақмет тамырларына тарата бастады. 5 минуттан кейін еліктің ерні қозғалды, бірден кездескен жарықты жатырқап, көзі жұмылыңқырады. Бірте-бірте жанданып, пульсі жүре бастады. Рақмет бір күрсініп саусақтарын жұмды. Даусын шығарды. Сөйтіп жүрегіне тамырларынан қан тарап, өз өкпелері кислородпен дем ала бастады. Рақмет басын көтеріп алды. Бірақ академик өліп қалған еді.


Академик алдында «Өзім әлі, біреуді шақыртсам қайтеді деп те ойлаған жоқ».


Ал Рақмет аппараты өте қымбат еді. Аппаратты сақтап қалу, Отанды мына пәледен сақтап қалу ниеті көп ойландырған жоқ еді. Өзі елін, біреуді тірілту бір түрлі заңды нәрсе құсады оған. Сытылып бара жатқан біреуді әшейін сүйеген ғана болды. Ол өзінің өлетінін, өліп бара жатқанын, өлгенін сезген жоқ. Ал оның барлық ойы Рақметтің прутінде болды. «Қайтер екен» деп шыдамады. Бірақ Рақмет денесіне қан жүгіре бастаған сайын, мұның денесінде қан азая түсіп, ол жанданған сайын бұл аларып, ақырында Рақметтің өзінің өлгенін сезбей кетті.


Әрине, академик өзінің де, неше түрлі самолеттерінің де, бір минутта айды айналып келетін ракетапланының да Отанға қымбат екенін білетін.


Бірақ академикке бәрінен бұрын өз елінде миллиондаған адамнан қымбат еді. Сондықтан да академик өзінен, өзінің самолеттерінен, миллиондаған адамдарға өлім әкелетін жаудың кораблі, самолеттерін тоқтатып тастайтын аппаратты артық санады. Сондықтан да ол «өлсем бе екен, өлмесем бе екен?» деп ойланған жоқ. Жауапты міндетті атқарғандай болып өліп кетті.


Рақмет орнынан қарғып тұрды. Біліп жатқан академикті көрді. Барлық сырға түсінді. Бірақ ойлануға уақыт жоқ еді. Отан үлкен қауіпте тұр еді. Рақмет желкесін таңды. Жүгіріп далаға шықты. Штабқа барды. Бір сағат өтпей-ақ ұйықтап қалған екі жүз мыңдаған қызыл ерлердің орнын айналадағы колхозшылар басып, позицияны жауға бермеген екен. 10 минут өтпей-ақ Рақмет айрықша тапсырыс алып, ракетапланға мініп, Тынық мұхитқа қарай бет бұрып жоқ болды.


«Қиыр Шығыс армиясы ұйықтады делінген»-суық хабар бір минутте сумаңдап кеңес еліне-Москвадан Мурманскіге ұшты. Орал тауларын аралады. Астраханьды аралап Каспий теңізін толқындатты. Қазаннан қалықтап өтіп, Кавказ тауын жаңғырықтырды. Алты айлықты алты аттап, суды кешіп, тас таптап, арқаны басып асқақтап өтті-суық хабар.


Орап өтіп Оралды, Обь өзенін жағалай мұз боп жатқан терістік боранына бой бермей, Солтүстіктің теңізін сықырлатып тербетті-суық хабар.


Каспийді кесіп, Қарақұмды басып өтіп, Памирдің шыңына шығып, Азияны айқайлап оятты-суық хабар.


Облыстан ауданға, қаладан деревняға, заводтан шахтаға, таудан тасқа секірді-суық хабар.


Сонау Балтықтан Қара теңізден Камчаткаға дейін, Каспийден Сахалинге дейін, Памирден Мурманға дейін, Байкалдан Таймырға дейін, жатқан 170 миллион кеңес халқын аяғынан тік тұрғызды-суық хабар.


Ерікті өскен ел едің-еріңді жояйын депті ғой, ерінің жатқан елі еді-етегіңнен тартайын депті ғой, ер боп өскен ел едің-еңсеңді түсірді ғой, Еділ-Жайық екі өзен, Енисей мен Ленаннан қан ағызайын депті ғой-деді суық хабар.


Бас білмей өскен асау бақытыңды, қойынға сыймайтын қуанышыңды құртпақшы болыпты ғой, бақытты өміріне қанды қолын сұғып, ен далаңдағы еркін өскен самурай таптамақ болыпты ғой-деді суық хабар.


Қырмызыдай Қырымыңды, құлпырған Кавказыңды, қазыналы Қазақстаныңды, топырағы сап алтын, тасы гауһар меруерт, жоқшылықты білмеген, қуаныш пен бақыты гүлденген бүкіл социалистік Отаныңды-самурай солдаттарының казармасы, Токио саудагерлерінің лавкасы етпекші болыпты ғой-деді суық хабар.


Суық хабар сумаңдап 170 миллион халықтың үстінен атойлап өтті. Белін буынып, жүгіріп далаға шықпаған адам қалмады Отанда.


Планетаның алтыдан бір бөлегін, Шығыс Европаны жер қайысқан адам басып, құмырсқаның илеуі етіп жіберді.


Қаны қарайған халықтың ашуы ішіне сыймай, эфирді айқаймен толтырып, жерді дірілдетті. Түнімен халық ұйықтамады, жарылған факельдер шығыс Европаны жап -жарық қылды. Таң ата Отанның миллиондаған адамдары қалаларға арылды. Он мыңдаған қалалардағы жұмысшылар қатар түзеп олардың алдынан шықты. Бір күннің ішінде Кеңестер Одағында 200. ООО митингі өтті. Халық ашуы судай байлау бермей кеңес жерін алып кетті.


— Социалистік Отанға қи қадам басып көрсінші-деген айқай көк тіреді. Одақтың барлық түпкірінен Москваға телеграмма жауды.


Ұлы халық данышпан көсеміне шын берілгендігін білдірді. Жауға аттануға рұқсат сұрады. Бір жүз жетпіс миллион адамның қосылып: «Жасасын партия!»-деп ұралаған даусы бүкіл Европаны жаңғырықтырып, ел құлағын өлеңдетті.


Сол күні жер жүзінің обсерваториялары Кеңестер Одағының барлық ауданында жер тоқтамай қойғанын жариялады. Жер халықтың қайраты мен ашуы еді.


Сонда 170 миллион халық: «Біріміз қалмастан Отанды қорғауға аттанамыз»-деген еді.


Кеңестер Одағының геройы Молоковтың Арктикадағы Диксон аралында жатқанына бес күн болды. Боран ұйтқып, бір қадам жерді көрсетпеді. Түнде радио арқылы суық хабарды естумен Москваға рұқсат сұрап телеграмма берді. Жауап алар күтіп түнімен ұйықтамады.


Ертеңіне таңертең рұқсат келгенде күшейе түскеніне де, ұшу мүмкіншілігінің жоқ екендігіне де қарамастан, самолетке мініп, долы боранға араласып, кабинада отырып самолеттің тұмсық жағын көре алмады. Қазір тауға соқтырып қалуы да мүмкін. Боран самолетін бір жоғары, бір төмен лақтырып, желге қарсы ұшқан қарғадай қылды. Демде самолет денесі мұз боп қатып қалды. Бірақ Молоков елім туралы ойлаған да жоқ еді.


Москваға жер жүзінің барлық түкпірлерінен 200. ООО ғылымпаздар ұшып келді. Барлығы да «уақиғаның болған жері-Қиыр Шығысқа» жіберуді талап етті.


Хабарды естісімен Швейцарияда ауырып жатқан ұлы жазушы Ромэн Роллан Москваға ұшып келді.


— Кеңестер Одағы мынадай халге түсіп жатқанда, жата алмадым-деді ұлы жазушы Москва жұмысшыларына.


Қиыр Шығыс армиясының ұйықтап қалған хабары жер жүзіне түгел тарады. Ұйықтататын аппаратты ойлап тапқан Аве атты профессор екен деген хабар жер жарды.


Байлар газеттері кеңес үкіметі енді құрыды деп шулап жатты. Адмирал Арахиге герман генералы Геринг құттықтау телеграмма соқты.


Бірақ жер жүзінде жұмысшылар, еңбекшілер митинг ашып, Кеңестер Одағын қорғау қамына кірісіп жатты. Коминтерн үндеуін жер жүзі еңбекшілері қарсы алып, ұлы көсем атына мың миллиондаған телеграммалар келіп жатты. Осынын ішінде Кеңестер Одағы жағында екенін, капитал "үстемдіктерін құлататындықтарын білдірген жапон жұмысшыларының телеграммалары да бар еді.


Кеңестер Одағында 170 миллион адамның әрқайсысының бір-бір самолеті бар еді. Бұл бір кісілік кішкене авиетке еді. Авиетке кез келген жерден ұшып, суға да, далаға да, қырға да, ойға да қона беретін самолет-эмпавия . Бұнда қанат жоқ, тұмсығы снарядтай сүйір, сондықтан әуе кедергісі аз болады да оқтай зымырайды. Сағатына 400 километр ұшады. Мұны басқару да оңайлатылған еді. Авиация өндірісі орасан күшейіп, жеке адамдардың пайдалануына арналған кішкене авиеткелерді миллиондап шығарған. Арзан болғандықтан халық мұны ат орнына алған. Азамат соғысы уақытындағы «Пролетариаттар, атқа мініңдер!»-деген ұран сияқты, ұлы көсем «Кеңес халқы, самолетке мініңдер!»-деп ұран тастаған.


Содан, жас демей, кәрі демей халық ұшу өнерін, бір жарым жылдан кейін 170 миллион кеңес халқы самолетке мініп аспанға кесілген.


17 август күні таңертеңгі сағат 8-де Москвадағы Қызыл Алаңда тұрып Кеңестер Одағының маршалы команда берді. 10 минут өтпей-ақ 170 миллион самолет аспанда көтерілді.


Әйел демей, еркек демей, жұмысшы, колхозшы, академик, жазушы демей кеңес халқы түп-түгел жауға аттанды. Әрбір адам өзінің қарауында екенін, қай эскадрилияда екенін жақсы білетін.


Сегізден 15 минут өткенде, ұлы маршалдың командасымен кеңес халқы-170 миллион самолет Тынық мұхитына қарай тартып отырды. Шығыс Европаның аспаны түнеріп, жерге сәулесі түспей, күндізі түнге айналды. Ұшқан халық алдында жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясы келе жатты. Самолеттердің арты Ленинград, Мурманск, Минск, Киев, Одессадан көтерілгенде алды Владивосток, Хабаровск, Николаевск, Охотскіден көтерілді.


Самолеттердің оң жақтағы флангасы толқынды Қара теңіз үнімен жоталы Кавказ тауларын өрлей, долы Каспийдің жиегін жаралап, Орта Азияның құмы мен шөлін баса, Памир шыңында қалықтап, Индия шекарасымен зымырап, көкке өрлеген Хан-тәңірінен асып, Қытай шетіне көлеңкесін түсіре, жапон аралдарына қарай кетіп жатты.


Шегірткедей қаптаған самолеттер Шығыс Европаны басып күн көзін тұталдырып, қара бұлттай түнеріп, дауылдай көтеріліп келе жатты. Сағат 10 болғанда самолеттердің алды Жапония аралдарын басып өтті. Көктемде келген тырнадай шұбатылып, эскадрилия артынан эскадрилия өтіп жатты. Сағат төртте Жапон теңізі мен Тынық мұхит аралығындағы Жапония үстінде. 170 миллион самолет қалықтап күндізгі сағат 5-те Жапонияның түні басталды. Күні тұтылды. 170 миллион самолет жазбастан Жапония үстінде қара бұлттай төнді де тұрды. Империя жеріне ешқандай күн сәулесін түсірмеді. Әрбір самолет жан-жағына электр тозаңын септі. Бұл тозаң самолеттер арасындағы саңылау жерді тұманмен тығындады. Бұл тұманның қоюлығы, тығыздығы, қалыңдығы сонша, ешқандай күн сәулесін өткізбеді. Империя профессоры аппаратының ультракүлгін сәулесі де бұл тозаңнан өте алмады. Есінен адасқан Токио аспанға қарап электрмен жазылған жазуларды оқыды:


«Біз бір топ жапон империалистеріне бола ұлы жапон халқының қанын төккіміз келмейді. Жапон халқы! Төбеңде түнеріп тұрған 170 миллион кеңес елі. Жапон фашистері өмірімізге арам қолын созып, сендердің де, біздердің де қанымызды төкпекші болды. Буржуазия үстемдігін құлатып, Компартия басшылығымен Совет өкіметін құрыңдар!


Жапон солдаты!


Кеңес халқы саған достық қолын созды. Мылтығыңның ұшын кейін бұрып, жапония империализміне қарсы шық!»


Сағат 6-да самолеттер төбесі жабық үй боп Токионы қоршап, ішіне алды. Токио самолеттерден жасалған үлкен сарайдың ішінде қалды.


«Кішкентай қарсылық болса 170 миллион бомбы тастап, Жапонияны жоқ қылып Тынық мұхит пен Жапон теңізінің арасын қосып жібереміз»-деді электр жазуы.


Содан соң бір миллион қызыл әскер мінген самолет Токионы айнала қонды.


Сонда арахишылар үлкен авантюра бастамақшы болды. Аппаратты жүргізіп, 170 миллион адамды ұйықтатып, самолеттерді бомбылармен жерге құлатып Жапонияны да, Кеңестер Одағының барлық адамын Тынық мұхиттың түбіне батырып жоқ қылмақшы болды. Профессор Аве аппаратқа барды. Бірақ машинаны жүргізе алмады.


Профессор Аве 170 миллион самолетпен күн сәулесін түсірмей тұрғанын біліп еді. Бірақ аппаратты жүргізетін ультракүлгін сәуленің күн сәулесінен алынатынын, күн сәулесі болмаса, түкке жарамай қалатынын білмеп еді.


Сағат 7-де көтеріліс жасап жатқан Токио пролетариаты қызыл ерлермен бірігіп, Токиодағы өкімет жұмысшылар қолына көшкенін жариялады.


Ертеңіне осы уақытта 170 миллион кеңес халқы өз Отанына келіп, бұрынғы қалпынша күнделікті жұмыстарын істеп жатты. Шығыстағы соғыс бітті, Жапонияда төңкеріс күндері басталды.


IV


Академиктің қиял толқыны тоқтай қалды.


Кенет шам жанып лабораторияның ішін жарық қылды. Академик орамалын іздеп жатты.


— Қане, осыны немен салыстырамыз? — деді маңдай маңдай терін сүртіп жатып академик.


Жолдасым сасып қалды.


— Шынында, мұны еш нәрсеге теңестіруге болмас — деді.


Біз қоштасып, шығып бара жатқанымызда академик менің қолымнан ұстай алды.


— Осы шындық па, Компартияның халықты осылай өтетініне сенесің бе? — деді ентігіп.


Біз қуаныш сезімін білдірдік.


— Осындай нәрсеге сенбеуге бола ма екен!


Біз есік алдына шыққанымызда артымыздан, Лиза келді. Рақмет қалың ойда, кетіп қалды.


— Лиза, жаңағы аттаныстың ішінде сен барсың ба? — дедім мен артта, оңашада қалып.


— Әрине, болдым.


— Мені көрдің бе?


Сонда Лиза құлағыма сыбырлап:


— Рақметке айт, кешке келіп кетсін. Мені келіп сүйіп кетсін — деді.


— Қазір ше?


— Әдейі келмесе, сүйгізем бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу