16.12.2021
  604


Автор: Қабдеш Жұмаділов

ЕЛІН СҮЙГЕН, АҚПЕЙІЛ АЗАМАТ ЕДІ

Бұрын қонысымыз шалғай, өрісіміз бөлек бол- ғандықтан, осы бертінге дейін Тұрсынхан ағамен (менен екі жас үлкен-ді) қоян-қолтық араласқан жоқ едік. Ол кісімен етене таныс болғаным – олар Алматыға көшіп келгеннен кейінгі он-он бес жыл- дың айналасы. Сол біліспей өткен жылдардың есесін қайырғандай, кейінгі кезде өте жиі араластық. Өзара сыйлас, пікірлес, дәмдес болдық.


Біздің басымызды қосқан – қасиетіңнен айналайын ата-баба аруағы. Біз Тұрсынхан ағамен Сыр бойындағы Төлегетай бабаның кесенесін салған кезде, әр қаладағы қолбасы Қабанбайдың ескерткіші ашылғанда жұп жаз- бай бірге жүрдік. Республикалық Қабанбай қорының мен – президенті, Түрсекең – сол қордың белсенді мү- шесі болды. Түркістан қаласында, Талдықорғанда тұр- ғызылған Қабанбай ескерткішінің ашылу салтанатына бірге барып, қуанышты бірге тойладық.


Өтерінен біраз жыл бұрын Тұрсынхан аға мені өзінің ата мекені Ұлытау өңірін бірге аралап қайтуға шақырып еді. Менің он екі томдық таңдамалы шығармаларым- ның жиырма-отыз жинағын күні бұрын Жезқазғанға жөнелтіп, ел-жұртты құлақтандырып қойған-ды. Амал не, дәл жүрер кезде денсаулығым сыр беріп, сырқатта- нып қалдым да, сол сапарға қатыса алмадым. Тұрсекең Ұлытауға біраз адаммен өзі барып қайтты. Келген соң ол жақтағы халықтың мені келеді деп күткенін, ертіп барған адамдарының кейбіреуіне көңілі толмағанын ай- тып, менің бармай қалғаныма қатты өкінгені есімде.


Біз сол жылдары Шымкент қаласында да қолбасы Қабанбайға ескерткіш орнатуға бастама көтеріп, ол ес- керткішті Қабанбай көшесі басталатын теміржол вокза- лы алдындағы гүлзарға қоюға келіскенбіз. Қала әкімдігі


 


жұрттан жиналған қаржыға батырдың атпен тұратын ескерткішіне заказ беріп, біз соның эскиз-моделін көріп қайтсақ деп жүргенбіз. Бірақ, амал не, біздің ол ойымыз іске аспады.


Бір күні Тұрсынхан аға келді біздің үйге. Біртүрлі ұн- жырғасы түскен, қапалы. Мен отбасында бірдеме боп қалды ма деп, мән-жайды сұрап жатырмын. Жоқ, мен ойлағандай емес, үйіші дін аман. Мәселе ескерткішке байланысты екен.



  • Шымкенттегі әкім-қаралар уәделерінде тұрмады. Қолбасы ескерткішін вокзал маңында емес, ешкім бар- майтын қаланың бір шетіне, Қабанбай көшесінің құр- дым аяғына тұрғызғалы жатқан көрінеді, – деді Тұрсе- кең қабағынан қар жауып. – Онысы ат үстінде тұрса бір сәрі-ау, жаяу Қабанбай!

  • Батырдың тұлпары қайда?

  • Солар сірә, Қубас атты соғымға жығып алған-ау деймін! – деді Тұрсекең ызалана езу тартып.


Біз, Тұрсекең екеуміз сол күні баспочтаға барып, Шымкент қаласының әкіміне жеделхат жолдадық. Онда, он сегізінші ғасырда қазақта жаяу әскер болма- ғаны, ал, қолбасы ескерткіште тұлпарының үстінде, бес қаруы бойында тұруы қажет екені айтылған. Ең соңында «Қолбасы қазір ондай ескерткішке зәру емес, жаяу Қабанбайды халыққа көрсетпей-ақ қойыңыздар» дегенбіз. Алайда, әкім-қарарлар біздің сөзімізді құлақ- тарына қыстырған жоқ, өз білгендерінше істей берді. Кейін Шымкентке барып келгендерден естідік: қолында қамшысы бар, бақташыға ұқсайтын бір шалдың мүсіні қаланың бір бұрышында тұрған көрінеді.


Қазір Қазақстанның алты қаласында Қабанбайға ар- налған ескерткіш бар. Барлығы ат үстінде, ұрпақ есін- де мәңгі қалатындай бес қаруымен, қаһарлы қалпында тұр. Біз Түркістандағы Қабанбай ескерткішінің ашылу салтанатында Шымкенттік әкімдермен ұшырасып қал- дық. Салтанатты жиында жаяу қалған қолбасы туралы өз ойымызды жасырмай айттық та... Түркістандағы ескерткішті Нысанбай деген азамат өз қаржысына сал- дырған. Күре жолдың бойында сонадайдан көрінетін ат үстіндегі айбынды ескерткіш. Ал, миллионға жуық


 


халқы бар Шымкент қаласының әкімдері Қабанбайдың тұлпарын «асап қойып», жаяу қалдырғаны анау...


Тұрсынхан аға дастарқаны мол, үйінен қонақ үзіл- мейтін, қолы ашық, көпшіл адам еді. Мен ағамыздың барында ол үйден талай рет дәм таттым. Көп азамат- тармен таныстым. Бір жолы Германиядан келген Хасен Өралтайды көп адаммен бірге қонақ етті-ау! Былайша, алты аласы, бес бересісі жоқ, тек шетте жүрген Алаш- тың ұлтжанды азаматына үйінен дәм татырғысы кел- ген...


Тұрсынхан аға қайтыс болғанда, жаназаға адам көп жиналды. Қарапайым зейнеткермен қоштасуға қарақұ- рым халық келгенін көргенім осы. Дастарқан басында айтылған алғысқа толы жылы лебіздер қандай!.. Бәрі де Тұрсекеңе борыштар, қарыздар екен. Араласқан жан- дардың бәрі де ол кісіден тек жақсылық көріпті. Мен соларға қарап отырып: «Адамның кім екендігі тірі жүр- генде емес, өлгенде білінеді екен-ау» деген ойға келдім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу