16.12.2021
  307


Автор: Қабдеш Жұмаділов

ХАЛЫҚ АҚЫНЫ Сүбебек Нұрбаевтың «Батырлар  жорығы» атты дастаны жайында

(Беташар сөз)


Халық ақыны Сүбебек Нұрбаев (1898-1974) бұрыңғы Аягөз дуанына қарасты Еңірекей болысында дүниеге келген. Сүйегі Найман. Қаракерей ішінде бес Байыстың бірі – Ақымбет. Қоны- сы – «Алжанның сүйдім неге заңғар басын, қайтейін Қандығатай, Байжан тасын» деп ақынның өзі жырлаған өңірі. Батыс жағы – Шыңғыстау сілеміндегі Абай елі- мен іргелес, түстік жағы Ақтайлақ бидің құзырындағы қалың сыбанмен қойындасып жатыр. Демек, Сүбекеңе ақындық өнер қайдан, қалай дарыды дейтін емес, бір бүйірінде Абайдың асыл мұрасы жатса, екінші жақтан Сыбанның Ақтамберді, Ақтайлақ, Дулат, Сабырбай,


Түбек, Әріп бастатқан он жеті ақыны желеп-жебегені сөзсіз.


Ауқатты, бардам әулеттен шыққан Сүбебек сал-сері- лер үлгісінде өскенімен, оның жастық шағы Октябрь төңкерісі, ақ пен қызылдың соғысы сияқты аласапыран кезеңге тап келді де, бірден өнер жолына түсіп кете ал- майды. Қатарынан озық, талапты, сауатты жас өз елінде бір кезек болыстыққа сайланады. Бірақ мұндай дәурен де ұзаққа бармайды. Балшабектердің дәулетті, текті адамдарға жауыға қарайтын әдеті. 1928-жылдар мал- мүлкі тәркіленіп, енді өз басына қауіп төне бастағанда, амалсыз ауған елмен бірге шекара асып, жан сауғалауға мәжбүр болады...


Ал, мен Сүбекеңді бала кезімде, өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының соңын ала көрдім. Бұлар ше- кара асқан соң Шәуешек шаһарына таяу маңға қоныс- танған көрінеді. Елге танымал, еті тірі азамат қайтадан


 


мал жиып, қоңдана бастайды. Қырқыншы жылдардың ортасында Сүбекең менің әкемнен қоныс сұрап алып, жаз айларында біздің жайлауға шығып жүрді. Мен көр- генде Сүбебектің қорасында жүзге жуық қой, жиырма- дай ірі қара болушы еді. Өздері екі-үш қана үй. Бес-ал- ты бие байлап, Ақирек жайлауында біздің ауылға таяу отыратын. Олар әсілі мал семірту үшін емес, ежелден серіжанды Сүбекең жайлау қызығын тамашалауға ке- летін сияқты еді.


Есімде қалғаны, Сүбебек ылғи да сәнді ер-тұрманы- мен, кілең бір жақсы аттар мініп жүретін. Киген киім- дері де жарасымды, бойға қонымды болушы еді. Өзі домбырашы, әнші, қымызға қызған жиын-тойда шыр- қатып ән де салып жіберетін. Арқаның әуендері, Абай- дың әндері... Өзі палуан денелі, батыр тұлғалы адам еді. Енді ойласам, сол жылдары Сүбекеңнің жасы елуге енді ілінген кезі екен ғой.


Елуінші жылдары ол жақта да жайлау салтанаты кел- меске кетті. Билік басына қызыл коммунистер келіп, шыжыммен ұшып, шырғамен қонатын заман орнады. Кейінірек мен қала жағалап, оқу соңында кеттім де, Сү- бекеңді көре алғаным жоқ. Сөйтсек, олар қолдарында- ғы «Совет азаматы» деген паспортпен, 1959-жылы ту- ған жерлеріне қайтып кетіпті.


Сонан кейін Сүбекең екеуміз 1970-жылы Алматыда кездестік. Баяғы өзінің қоныстас досы Жұмаділдің ұлы Алматыда оқу бітіріп, «дүрілдеп тұр» деп естісе керек біреулерден... Іздеп келді бір күні. Екеуміз әкелі-балалы адамдай өткен-кеткенді еске алып, жырғадық та қал- дық. Аяқталмайтын әңгіме, ағыл-тегіл өлең-жыр. Мен Сүбекңнің аса үлкен даңғайыр ақын екеніне осы жолы көзім жетті. Ақын болғанда, ауылдағы «халық жыр- шыларының» әләулайімі емес, Абай үлгісіндегі пәлса- пашіл, ойшыл ақын. Сүбебектің өмірден әбден түңіл- генде жазған мынадай өлеңі бар:


Бұл өмірді өмір деп, Жұбанатын мен емес. Есіркейтін, аяйтын,


Бар болсаң, құдай, сен емес. Жоқ болсаң онда сөзім жоқ,


 


Болғанда көрер көзім жоқ. Жүктейтін болсаң қанымды, Дүниеде түк жоқ нанымды... Әкет мына жаныңды,


Ит жесін мейлі тәнімді. Құрулы мылтық, кезеулі оқ Аяқ бассам – жалын шоқ. Әпкел бері қазамды, Кетіріп біттің мазамды... Жылынып қана тұрайын, Аш қойныңды, қара жер! Қызыл іңір, асықпа, Сыбағамды кейін бер.


Сен айтпай-ақ өзім де Деп барамын «орын бер». Берсең орын, зорын бер, Бір саржаннан артылмас, Тау құлайтын жарын бер.


Қинайтын көрдің тарын бер, Түк қалдырмай бәрін бер!


Осы жолдарды оқығанда азы бойың қаза болып, төбе шашың тік тұрады. Мұндай сөзді қазақ ақындарынан бұрын-соңды ешкім айтқан емес. Жаны әбден қинал- ғанда, тағдырға, құдайға ерегесіп айтылған сөз ғой бұл. Мұндай сөз тағдырдың талай қыспағынан өткен, айналдырған қысқа ғұмырдың отыз жылын Қытайда, қалғанын Қазақ жерінде үшке бөліп өткізген Сүбебек Нұрбаевқа ғана жарасады.


Онда менің «Жазушы» баспасында қызмет істеп жүретін кезім. Сүбебек жазған өлеңдерін жинап-теріп, баспаға тапсыруға кеңес бергенім есімде. Келесі жылы келгенде қарт ақын төрт мың жолдай өлеңін машинкаға бастыртып, бір данасын баспаға тапсырды. Бірақ келесі жылы мен баспадан ауысып кеттім де, қузайтын кісі болмай, қол жазба жарық көрмей жатып қалды. Сүбе- кеңнің «Қорқыттың күйі» атты жинағы баспаның бас- шылары өзгерткен соң, көп жылдан кейін 1987-жылы жарық көрді. Бұл жинақта ақынның Қорқыт туралы толғауы мен тоқсаннан астам өлеңі бар.


 


Ал енді Сүбебектің бүгін сөз болып отырған «Батыр- лар жорығы» атты тарихи дастанына келейік. Бұл дас- тан – мөлшерімен сегіз мың жолдан тұратын көлемді шығарады. Сүбекең Алматыға келіп жүргенде, баяғы қазақ-қалмақ соғысы жайында тарихи дастан жазып жатқанын айтқаны бар еді. Сол еңбегін көзі тірісінде тәмамдап, соңғы нүктесін қойып кетіпті.


«Батырлар жорығы» – ежелгі батырлар жырының үлгісінде жазылғанмен, қиял-ғажайып араласқан жы- раулар поэзиясына тән көтеріңкі стилде емес, өмір шындығын, оқиғаларды әсірелемей қаз-қалпында баян- дайтын реалистік шығарма. Қамтылған уақыты, ша- мамен, «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын, қазақ пен қалмақтың бір-бірінен жылқы алып, кезек шабысып тұрған кезіне тура келеді. Оқиға Жетісудағы қазақтар мен Күнес-Текес бойындағы қалмақтар арасында өтеді. Тарихтағы біз білетін әйгілі батырлар бұл шайқасқа қатыспайды. Кейіпкерлері бұрыңғы жырларда кездес- пейтін мүлде жаңа адамдар.


Дастан былай басталады. Мәдет дейтін елге сыйлы, атақты батыр бір перзентке зор болып жүргенде, әйелі ұл тауып, атын Ұрық қояды. Бала жойдасыз күш иесі, батыр болып өседі. Алысса жан баласын шақ келтір- мейтін нағыз алыптың өзі. Алайда, бетінен ешкім қақ- пай еркін өскен бала он үш жасқа келгенде ата-анасы өліп, қараусыз қалады да, ел кезген әлдебір диуанаға ілесіп, ол да диуана болып кетеді.


Содан, ел кезіп жүргенде, бір күні жасы жүзге келген Онон батырдың ауылының үстінен шығады ғой. Қа- раса, опыр-топыр кісі. Сөйтсе, қалмақтың Зоңырауын деген батыры қарт Ононды басынып, оның бар жылқы- сын барымталап, айдап кетіпті де, енді Онон қарт қа- рымта қайтару үшін, ауылына қазақ батырларын жинап жатыр екен. Іздегенге-сұраған, күшін бойына сидыра алмай жүрген Ұрық батыр, міне, осы дайындықтың үстіне келеді де, бір топ батырмен бірлікте ол да жо- рыққа аттанады.


Бұл жорықта қазақ батырларының мерейі үстем бо- лады. Ең алдымен жас батыр Ұрық қалмақ қолының басшысы Зоңырауын батырды жекпе-жекте сайып түсі-


 


реді. Одан басқа да шайқастар жетіп артылады. Арыс батыр мен Мошқаның шайқасы, Сарман батыр мен Мо- дығаның жекпе-жегін, Зуха мен Саман батырдың айқа- суы, қалмақ батыры Нұқымбеке мен Ұрық батырдың қылыш үстінде достасуы, ағасының жанын аман сақ- таған Ұрық батырға қалмақ қызы Кішіктәнның ғашық болуы, осы сияқты сан алуан оқиғаны автор бір-бірі- не ұқсатпай, келістіріп суреттейді. Қалмақтың қазаққа ұқсамайтын тұрмыс-салты да ара-кідік сөз болып оты- рады. Жалпы, қалмақтың қарапайым халқында жазық жоқ. Арадағы атыс-шабысқа кінәлі екі елді жауластыру арқылы пайда тауып жүрген Зоңырауын секілді басбұ- зар екені шығармада жақсы ашылады.


Қазақ батырлары елге қайтарда қалмақтар көкқасқа сойып, қанға қолдарын малып, бұдан былай жауласпау- ға серттеседі. Сөйтіп, қазақ батырлары Онон батырдың қолды боп кеткен көп жылқысын қайтарып қана қой- май, қалмақтың Кішіктән, Қонтан сынды ару қыздары- на үйленіп, олжалы оралады. Дастанның негізгі идеясы



  • халқымыздың ерлік дәстүрін тағы бір рет еске салып, бүгінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Ал шы- ғарма соңында екі елдің бітімге келуі – түпкі мақсат жауласу емес, достасу екенін айту, бейбітшілік барша халықтың арманы екенін еске салу.


Қарт ақын поэтикалық тілге өте бай. Шығармада бүгінгі қолданыста жоқ, ұмытылып бара жатқан көп сөздер ұшырасады. Оларды іріктеп, талдап, кәдеге жа- рату тіл мамандарының міндеті деп білеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу