16.12.2021
  486


Автор: Қабдеш Жұмаділов

ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ

(Беташар сөз)


Менің алдымда 1986-жылы, Үрімжіде Шыңжаң халық баспасынан жарық көрген «Алгебралық есептердің қиын түйіндерін талдау» атты жұ-


қалтаң кітап жатыр. Кітап авторы – Халмет Жұмаділұлы. Көзіме бірден жылыұшырай кетті. Көзіме оттай басылға- ны – Халмет екеуіміздің фамилиямыз аттас болғандығы ғана емес, Шыңжаңда он жыл оқып білім алған араб жазуы, бәрміздің көзімізді ашқан Ахмет Байтұрсыновтың Әліпбиі. Сол сәт көз алдыма естен кетпес Шәуешек Гимназиясы да жарқ ете қалды ғой! Жасөспірім балалық щақ, болашаққа, ғылымға талпынған арманды жылдар...


Шыңжаңдағы қазақ зиялыларының әлденеше буынын тәрбиелеген Шәуешек гимназиясының іргетасы 1935-жылы қаланыпты. Бұл гимназияны былайғы орта мектептердің тізіміне қоса салуға болмайды. Ол өз алдына дербес бой көтерген тұтас бір институт сияқты. Тарбағатай аймағын- да жеті аудан бар. Әр ауданда бірден-екіден орталау мектеп бар. Сол мектептерді тәуір бағамен бітірген, талабының биті бар, ғылымға бейім жастар ғана Шәуешек гимназиясына ке- летін-ді. Мен сол гимназияны 1956-жылы бітірдім. Ал Хал- мет пен оның жұбайы Хадиша менен бір сынып төмен оқы- ды. Демек, біз бәріміз – бір ұяның балапандарымыз.


Біз оқыған кездегі гимназияның мұғалімдері қандай еді! Ұстаздардың алдыңғы аға буыны – кезінде Семейде, Уфа- да, Қазанда, Ташкентте оқыған, кейін түрлі себеппен Шәуе- шекке ауған зиялылар болатын. Гимназияның іргесін қалау- шылардың бірі Тұрсын Мұстафин – Семейде М. Әуезовпен қатар мұғалімдер семинариясын бітірген, кезінде «Алаш» қозғалысына белсене қатысқан адам еді. Оның сол «қылмы- сы» өмірбойы ұмытылмай, Советтік барлау орындарының нұсқауымен 1952-жылы «халық жауы» атанып, Шәуешек- те атылды... Ал Әдебиет пен педагогикадан сабақ берген


 


Хисам Баудин – Уфада, физикадан дәріс оқыған Сағидолла Әбзи Қазанда оқыған білімпаздар болатын.


Бір бөлім ұстаздар «Совет азаматтары» ретінде 1954-1955-жылдар еліне қайтып кетті де, олардың орнына Шыңжаң университетін жаңадан бітірген кілең жас мұғалім- дер келді-ау! Бұлардың ішінде әдебиетші Ахметбек Кірші- баев, математик Дәкіл Мәтқабылов, математик Еженхан, физик Шафғат, химик Талғат, тағы басқалары бар еді. Бәрі де өз пәнін жетік білетін білікті азаматтар-тұғын. Халметтің кейін талантты математик болып жетілуі тегін емес, оның іргетасы Шәуешекте қаланған... Айтпақшы, математиканы мен де жаман оқымайтынмын. Гимназияның соңғы жылын- да Шәуешектегі төрт орта мектептің жоғарғы сынып оқу- шыларын «Халық клубына» жинап, математикадан байқау өткізгенде, ең қиын деген он есепті жарты сағатта шығарып, бірінші орын алғаным есімде.


Иә, көтере мақтағаным емес, ол кезде Шыңжаң өлкесін- де оқу-ағарту жағынан Шәуешектің алдына түсетін қала жоқ болатын, Бір ғана мысал: оқу-ағартуы біршама жолға қойылған Алтай аймағында толық орта мектеп бірінші рет 1956-жылы ашылыпты. Сол жаңа ашылған мектепке Шәуе- шек гимназиясын бізбен бірге бітірген Қабділхақ, Айдар- хан, Айтқали, т.б. жігіттер барып, ұстаздық етті. Амал не, кейін Қытай өкіметі гимназияның атын жойып, «Екінші орта мектеп» деп өзгертіпті... Ал 600 оқушы еркін сиятын оқу ғимаратын өші бар адамдай тас-талқан етіп бұзып, жер- мен жексен етіпті. Мен араға отыз жыл салып, Шәуешекке барғанымда, көрсем-ау деп аңсап-сағынған бір орын – сол гимназия еді ғой. Амал не, үйілген топырағын ғана көріп қайттым. Өз тарихын сыйлайтын өркениетті елдер ондай ғимаратты сақтап, мұражайға айналдырар еді. Ал, Қытай билігі оны қажет деп таппаған.


Ал енді өз тақырыбымызға оралайық. Халмет Шәуешек гимназиясын 1957-жылы бітіріп, сол жылы Үрімжідегі Шыңжаң университетінің математика факультетіне барып түседі. Алғашқы екі жылы бйбіт жағдайда, алаңсыз оқу соңында өтеді. Тек соңғы екі жылында «Стиль дұрыстау»,


«Құрыш қорыту» секілді қажетсіз ұрандар қабаттасып, оқу- дың берекесін кетіргенмен, бұлар университетті 1961-жылы бітіріп шығады. Бұрыннан іргетасы берік, ғылымға бейім


 


Халмет жалған ұрандарға елікпей, өздігінен ізденіп жүріп, математиканың жоғарғы курсын толық игереді. Оқу біті- рушілерді қызметке бөлгенде, Халметтің үлесіне Тарбағатай аймағының Толы ауданы тиіпті.


Обалы кәнеки, бастан тез өте шыққаны болмаса, бұл да бір бақытты жылдар еді. Гимназияда бір сыныпта оқыған



  • Халметтің сабақтасы Хадиша да Шыңжаң универси- тетінің физика факультетін ойдағыдай бітіріп, екеуі қол ұс- тасып, Толы орта мектебіне бірге келеді. Көп ұзамай осында екеуінің үйлену тойы болады. Несін айтасың, жаңа отау, жас мамандар. Мектеп өміріне қоян қолтық араласып кетеді... 1962-жылы көктемде Шәуешек халқы Қазақстанға қопары- ла көшкенде (бір ғана сәуір айында Тарбағатайдан Қазақс- танға 200 мыңдай адам өткен) Халмет пен Хадишаның көш- ке ілесе алмай, туыстарынан көз жазып қалған себебі, олар бұл кезде шығайдағы Толы ауданында мұғалім боп жүр еді. Бар пәле кейін «Мәдениет зор төңкеріс» етек алған 1966- жылы басталды ғой. «Ұлы көсем» Мао сөзіне сенетін, со- ңынан еретін ересек адам қалмаған соң, бар билікті 15 пен 30-дың арасындағы жастардың қолына ұстатып, Қытайдай алып мемлекеттің астын-үстіне шығармады ма! Оларды


«хұңбейбиндер» (қызыл жауынгерлер) деп атады. Бүкіл мә- дени мұраны қиратып, білімді мамандардың көзіне көк шы- бын үймелеткен – сол хұңбейбиндер.


Ал енді осы науқан, не үшін екен, Толы ауданында ерек- ше қарқынмен етек алды. Былай қарасаң аудан халқының тоқсан пайызы қазақтар. Соған қарамастан, Толы аса күр- делі, қиын аудан есептеледі. Тұрғындары тым белсенді дейміз бе, сөз баққан саясатшыл дейміз бе, әлде жікшіл, ру- шыл дейміз бе, бірін-бірі көрсетіп, бірінің үстінен бірі до- нос жасауға келгенде, алдарына жан салмайды. Не керек, Керейдің небір білікті азаматтары (ауданның негізгі халқы



  • Абақ керейлер) осы науқанның құрбанына айналды ғой. Аудандағы бір зәңгі (болыс) ел уақтың қамқор көсемі Уәйіс зәңгіні сол елдің хұңбейбин жастары мойнына арқан тағып, сүйреп жүріп өлтіріпті... Өз жақсыларын аямай жатқанда,- толылықтар «шеттен келген » Халметті аясын ба,оны бірден күрес нысанасына айналдырып, сұрақ пен соққының астына алды. Тәйірі, ауданда кейбір оңған хұңбейбин болушы еді? Көпшілігі – әлі танауын сүрте алмай жүрген жасөспірім ба-


 


лалар. Ана жылы Халметтің сабағынан «2» алып, сыныптан көшпей қалған бір сұмпайы бар еді, сол екен – хұңбейбиннің бір белсендісі. Неше түрлі қисынсыз сұрақ қойып, қадалып, тергеуге алаған – сол «шәкірті».



  • Сен өзің – Шәуешектің жігітісің. Туыстарың ана жылы Совет Одағына көшіп кеткен. Сен қалай қалып қойдың? – дейді.

  • Сен мұнда текке жүрген жоқсың. Сені олар қандай тап- сырмамен қалдырды? – дейді.

  • Өзің де, әйелің де – шетелдің қағып кеткен «шегесісің- дер». Біздің елімізге қандай қастық жасайтын ойларың бар?



  • дейді.


Бұл сұрақтарына ештеңені жасырмай дұрыс жауап берсең, оған құлақ қойып, тыңдап жатқан ешкім жоқ. Бұлардікі – тек қорлау, мазақтау, келемежге айналдыру. Бірауыз қарсы сөз айтсаң ұрады,соғады, жерге жығып алып, тепкілейді. Басы- на қатты тиген соққыдан Халметтің сол жақ құлағы естімей қалды. Тағы қандай ағзаңа зақым келіп жатқанын тексеретін кісі жоқ. Осылайша, құр сүлдерің шалажансар жатқанда, ор- ныңнан тұрғызып алып, басыңа кардоннан жасалған «мас- қара қалпақ» кигізіп, көше аралататынын қайтерсің. Жалпы,


«Мәдениет төңкерісі» – адамзат тарихындағы ең ұлы траге- диялардың бірі. Бұл қасіретті оқиға тек Мао өлген соң ғана тыным тапты.


Қытайда асыра сілтеушілер қоғамдық гармонияны өз- дері бұзып, қалыпты жағдайды оңдырмай бүлдіріп алады да, артынан соның бәрін көлденең біреулерге жауып, «Ұлы көсемге» шаң жуытпай, мысықша тынатын әдеті. Бұл жолы да солай болды. Әубаста «Мәдениет төңкерісі» дұрыс мақ- сатты көздегенімен, оны жолбике бұзақылар өз мүдделері- не пайдаланып кетіпті десті. Науқан барысында жазықсыз жәбір көргендерден кешірім сұраған болды. Халметке де солай істеді. Оны көп қорлау, жазалаудан кейін, Жәйірдің шығыс бөктеріндегі Дәм деген шалғай түкпірге жер аудар- ған болатын. Басындағы «қалпағын» алып, мұғалімдік қыз- метіне қайта орналастырды... бірақ өксумен өткен он жылды кім қайтарады? Күрт кеміп кеткен денсаулықтың орнын кім толтырады?


Сонымен, Халмет мұғалім қолына ақ бор ұстап, матема- тиканың ұшы-қиырсыз есептерін шешу үшін, қара тақтаның


 


алдына қайта шықты. Бұл кезде оның бәтуасыз қоғамнан көңілі қалып болған-ды. Әйткенмен жан бағу керек. Шиет- тей бала-шағаны асырау керек. Оның үстіне, білімге талпын- ған қазақтың қара көз балалары тұрады алдында. Олардың меселін қалай қайтарасың? Ол ұстаздың міндетін ақырына дейін адал атқарды. Сексенінші жылдары Халметтің кәсіби қабілетін жоғары бағалып, оны Шәуешекте ашылған Мұ- ғалімдердің білімін жетілдіру институтына жауапты етіп қойған-ды. Қолаңсыздағы «Алгебралық қиын есептерге талдау» атты мына кітап – сол жылдары мектеп мұғалімдері мен оқушыларға көмекші құрал ретінде жазылған.


Ендігі арман мен үміт атажұртқа біржола ауған-ды. Өзі бастан кешкен қорлық пен азапты балаларым көрмесе екен деп тілейді. Сол оймен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көші-қонға жол ашыла қалған бір кезді пайдаланып, Дәурен бастаған ұлдары мен тағы басқа туыстарын атажұртқа аттан- дырып жіберген. Сонысы дұрыс болыпты. Алматыға келіп орныққан балалары әртүрлі кәсіппен шұғылданып, ел қата- рына тез қосылып кетіпті. Алды-артын жинап, пенсияларын біржайлы еткен Халмет пен Хадиша балаларынан кейін ара- ға он жыл салып, атажұртқа 2004-жылы көшіп келді.


Халмет мұнда келген соң бар уақытын емделіге жұмса- ған. Баяғы хұңбейбиндердің таяғының зардабынан оның екі құлағы бірдей естімей қалды. Миына,ішкі ағзаларына да зақым келгені анықталды. Балалары оны қолдары жеткен жерге дейін емдетті де. Бірақ әбден жетесіне жеткен азап пен қорлық темір шенгелін бәрібір босатпады. Халмет 2013- жылы жетпіс бес жасында қайтпас сапарға аттанып кетті.


Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өл- мейді» деген сөз бар. Мына қолыңыздағы кітап – талантты математиктің көп жылдық ұстаздық қызметінен қалған бір белгі. Дүние жүзінде басқаның бәрі ұлттық сипат алғаны- мен, математиканың формалалары ортақ дейді ғой. Осы тұр- ғыдан алғанда, бұл еңбектің мұндағы мұғалімдерге де пай- дасы тиер деген ойдамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу