16.12.2021
  321


Автор: Қабдеш Жұмаділов

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ БІЗДІҢ ТАҚИЯМЫЗҒА ТАР КЕЛЕ МЕ?

Қазақ тілінің қаймағын ағызып, балын тамызған хас шебері, Мұхтар Әуезовтен соңғы қазақ әде- биетінің алыбы, социалистік реализмнің қамытын мой- нына ілдірмей кеткен шу асау, қазіргі көзі тірі классик- жазушымыз Қабдеш Жұмаділовті, Қазақстанды былай қойғанда, шетел жұртшылығы танып үлгірді. Және аз жылдардың ішінде халықтың сүйіктісіне айналды. Қаб- дештің атын алғаш көпшілікке танытқан белді шығар- масы – «Соңғы көш» романы. Бұл да тарихи тақырып болғанымен, бұрын түрен түспеген тың тақырып. Бұ- рын-соңды қазақ жазушылары қаузамаған, ешкімнің ойына кіріп-шықпаған мұндай тақырыпқа баруы Жұ- маділовтің жүрегінің түгі барлығын білдіреді. Ұлы империялардың бір де біреуінен ықпай, қаймықпай бұл тақырыпты қозғауы шын мәнінде Қабаңның ерен ерлігі деуге болады. Өйткені, мұндағы жазылып отыр- ған оқиға екі империялық мемлекеттің тепкісінде, құл- дығында, бодандығында болып келген бір ғана халық



  • қазақ халқының трагедиясы еді. Қазақты мың өлтіріп, мың тірілткен де осы орыс пен қытайдың тепкісі. Осы екеуінің кеселінен де қазақ халқы аштан өліп, көштен қалып, қырылып-жойылып, міне, бүгінгі күні азшы- лыққа ұшырап отыр.


Ресейде Октябрь революциясынан кейін билік басы- на келген большевиктердің солақай саясатынан зардап шеккен қазақтар аштықтан, қуғын-сүргіннен құтылу үшін, Қытай жеріне өтеді. Шындығында, Шыңжаң өл- кесі бұрыннан қазақтар мекен еткен, тек 19-ғасырда Ре- сей мен Қытай империялары жер бөлісі кезінде шекара сызығының ар жағында қалған ел ғой. Торғайға пана болған бұта сияқты сол аласапыран кезеңде қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың көпшілігі Шыңжаң өл-


 


кесіне барып паналап, жаппай қырылып кетуден аман қалды.


Қытайда да қазақтарға бас асып, күтіп тұрған ешкім жоқ еді. Бастарынан орыстың темір ноқтасы сыпы- рылғанымен, қытайдың қайыс ноқтасы киілуге дайын тұрды. Қытай жерінде де қазақтар қақ-соқты, қуғын- сүргінді, кемсітуді бастарынан кешті. Боданның аты – бодан.


Екі елде де езгіге ұшыраған қазақ тағдыры «Соңғы көште» бар шындығымен баяндалады. Өзінің отар- шылдық іс-әрекетін, бодан елге жасаған қиянатын, өк- темдігін әшкерелегенді кім ұнатсын. Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман. Бізде, Қазақстанда


«Соңғы көштің» баспадан шығуының кешеуілдеп қа- луы, тек Мәскеуден рұқсат алып қана басылуы осының айғағы. Ал Қытай билігі оны мүлде шығармай тастады. Олай болса – басын қатерге тіккен Қабдешті осыдан кейін батыр демей көр.


Қабдештің қай шығармасын алсаң да аузыңнан сіле- кейің шұбырып отырып оқисың. Бастап оқи жөнелсең еріксіз иіріміне сүңгітіп, тереңіне батырып әкететін бір сиқырлы күшке тап боласың. Аяғына жетпей бас ала алмайсың. Тілі ғана емес, оқиғаны ширықтыра баяндау тәсілі оқушыны елтіп отырады.


Жазушының көп томдығының сүбелісінің бірі – «Да- рабоз» романы. Бұл кітаптың басты кейіпкері – Қа- банбай батыр. Қабанбай бейнесі бұған дейін толық ашылмаған, қазаққа жөнді танылмаған, көмескі бейне болатын. Қазақстан тарихында да жарқырай ашылма- ған. Осы кітапты оқыған соң ғана Қабанбайдың ерлігі, оның қолбасшылығы шындап мойындалғандай.


Қай соғыс болмасын нағыз ер, қолбасшыны тарих аренасына өзі алып шығады. Ұлы Отан соғысы кезінде неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыста Жуков- тың рөлін дүниежүзі мойындады. Жуков бұл соғыста көзге түссе, Қабанбай батыр жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғыста жасындай жарқылдады. Екеуін- де де бір ұқсастық бар. Жуков бас штабта дайындалып, картаға сызылған, Сталиннің сүзгісінен өткен соғыс- ты жүргізудің жоспарын іске асырушы, орындаушысы


 


болды. Сол сияқты Қабанбай батыр жоңғарларға қар- сы соғыста сондай рөл атқарды. Бұл соғыста Қабан- бай Абылай ханның жауға сермейтін алмас қылышы, ауыр да, салмақты гүрзі шоқпары болды. Абылай жаны қысылған сәтте, қауіпті шептерге Қабанбайды қалқан қылып ұстап, жұмсап отырды. Ал, Қабанбай бұл сын- дардан сүрінбей өтіп, ұрыстарда жауын жайпап жібе- ретін батыр. Жеке басы 300 рет жекпе-жекке шығып, жау батырларын жер жастандырғанының өзі не тұрады. Ол бүкіл қазақ жауынгерлеріне рух, дем беруші болды. Сол соғыста жүрген қалың қол ғана емес, тіпті кейінгі ұрпақтарының ұранына айналды. Егер Қабанбай ба- тыр болмаса қазақтардың сол соғыста жоңғарларды түпкілікті жеңуі неғайбыл болар еді.


Ал, үш жүз жыл өткен соң сол Қабанбайды толық елге танымал еткен Қабдештің ерлігін немен бағалау- ға болады? Егер Қабдеш Жұмаділов болмаса, Қабанбай ерлігі тарих қойнауының терең түкпіріне көміліп қа- лып, жарыққа шыға алмас еді. Қабанбай есімін уақыт қоқысынан аршып алып, жарқыратып тарих бетіне шы- ғарған Қабдеш қандай марапатқа болсын лайық жазу- шы. Мұны Абайды тарих сахнасына шығарған Мұхтар Әуезовтің ерлігімен ғана салғастыруға болады.


Жеке бастың ерлігі демекші, осындайда ойға орала- ды. Қабдеш 1956-1958 жылдары Алматыдағы Киров атындағы университетте екі жылдай оқиды. Қытай үкі- меті оқуын аяқтатпай шақыртып алады. Қытайға кел- ген соң «Кеңес Одағынан келген сенімсіз адам ретін- де» қақ-соқтың неше түрін, «төменге түсу», түрмеге түсудің небір құйтұрқыларын басынан өткереді. Бұл кезде ел іші бүлініп, Қытай билігіне халық наразылы- ғы күшейе түседі. Міне, осы кезде Қабдеш халықты ұйымдастырып, Қазақстанға өтуге тілек білдірген- дердің қолын жинап, сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Ворошиловқа, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Қонаевтың атына арыз жазады. Одан жауап келген соң қанаттанған Қабдеш, енді СОКП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Хрущевқа, тағы да Қонаевтың атына бірнеше арыз жолдайды. Осыдан соң-ақ 1962 жылы


 


шекара ашылып, халық тасқын судай Қазақстанға лап қояды. Сонда небәрі жиырма шақты аз күннің ішінде Қытайдан Қазақстанға 200 мыңдай халық өткен екен. Қазақта: «Елге ел қосылса – құт» деген бір аталы сөз бар. Мұны Қабдеш Жұмаділовтің ерлігі емес деп кім айтады. 2012 жылы сәуір айында сол оқиғаға – қазақ- тардың шекара асып, атамекенге өткеніне 50 жыл тол- ды. Осы күн Қазақстанда еске алынбай атаусыз қалды.


«Егер заң-закон менің қолымда болса» (Абай) мен сол даталы күні Қабдешке «Халық қаһарманы» атағын бе- рер едім. Марапатты былай қойып, сол 50 жылдыққа билік қаржыландыратын баспасөз бір ауыз жылы сөз айтуға жарамады.


Қабдештің ұлтжандылығы, қазаққа деген сүйіс- пеншілігі ерекше. Қиын-қыстау сәтте ұлт азаматтарына қолұшын беруден тайынбайды. Қажығұмар Шабданұ- лы – Қытай түрмесінде ұзақ жыл отырып, Гиннестің Рекордтар кітабына енген аса ірі тұлға. Ол «Қылмыс» атты алты томдық роман жазды. Оның соңғы төрт кіта- бы түрмеде жазылған. Бұл – әлем әдебиетінде бұрын- соңды болмаған құбылыс. Осы кітапты ерінбей жазған Қажығұмар үзік-үзік етіп, жарым-жартылап, Алматы- дағы Қабдеш Жұмаділовке жіберіп отырған. Соны Қаб- деш араб үлгісіндегі төте жазудан кириллицаға түсір- ген. Мәдениет министрлігіне барып, алты томға арнайы ақша бөлдірген. Міне осыдан кейін ғана 2009 жылы дү- ниежүзі қазақ қауымдастығының «Атажұрт» баспасы- нан жарық көрді.


Менің негізгі айтайын дегенім – Қабдеш Жұмаділов пен Қажығұмар Шабданұлының шығармаларын Нобель сыйлығына ұсыну. Иә, қазіргі қазақ әдебиетінде халы- қаралық сыйлыққа лайық екі-ақ жазушының шығарма- лары бар. Оның біріншісі – Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы да, екіншісі – Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары. Кейбіреулер Қажығұмар біздікі емес, Қытай азаматы деп қоңырсытуы мүмкін. Жоқ, Қажығұмар – біздікі. Кеше ғана Аягөзде туып, кіндік қаны сонда тамған. Бар қазақ – бір қазақ. Қазақ қайда жүрсе де, қайда өлсе де – біздің қазақ, біздің туыс- қанымыз, біздің бауырымыз. Оның Қазақстаннан басқа


 


Отаны да жоқ. Олай болса, біз неге осыдан бәленбай ғасыр бұрын өмір сүріп, Мысырды билеген Бейбарыс- ты қазақ еді деп мақтан тұтып, бауырымызға тартамыз? Әлде бірімізді-біріміз қазақ деп тануымыз үшін бәлен- бай ғасыр күтуіміз керек пе? Бөлініп-жарылғанымыз жетеді, енді ұлт болып ұйысатын кез келді.


Кеше Мұхтар Әуезов неміс фашистерінің концла- герінде қаза тапқан татар ақыны Мұса Жәлелге жа- нын жалдап, тілін безеп жүріп, пышақ сыртындай ғана


«Моабит дәптері» деген өлеңдер жинағы үшін Ле- ниндік сыйлықтың лауреаты атағын алып бермеді ме? Бұл Кеңес Одағы кезіндегі ең жоғарғы сыйлық еді, сол себепті де оның талабы аса қатал болатын. Анау-мы- нау шығармалар өте алмай, мүйізі қарағайдай жазушы- лардың том-том кітаптарының жолы кесіліп жататын. Мұхтар Әуезов сол комиссияның мүшесі болған. Сонда Мұқаң оны татар деген жоқ, мұсылман баласы деп жа- қын тартты. Осы бізге үлгі болу керек.


Ал «Қылмыс» мемлекеттік сыйлықты былай қойған- да, Нобель сыйлығын алуға әбден лайық шығарма. Қа- зақ әдебиеті тарихында мұндай шығарма бұрын-соңды жазылмаған. Қазақ әдебиетінде «Қылмыспен» шенде- сетін тек «Абай жолы» роман-эпопеясы ғана. Бұл – Қы- тай қазақтарының 50 жылдық тарихын қамтитын туын- ды. Бұл қазақ әдебиетіндегі ұлы жаңалық, аса көрнекті туынды, Шығыс үлгісімен жазылған тұңғыш туынды, әдебиеттегі төңкеріс.


«Қылмысты» бейжай отырып оқу мүмкін емес. Жан- дүниең егіліп, езіліп, көзіңнен қанды жасың сорғалап отырып оқисың. Басты кейіпкер Биғабіл (Биғаш) тағды- рына немқұрайды қарай алмайсың.


«Құдіретті «тергеушім», өтірік айтсам, тас төбемнен ұрыңыз... «Қылмыс, қылмыс» - деп қақылдадыңыз да қалдыңыз? Қатыныңыз қылмысқа жерік болып қалып па еді?». Кітап басынан аяғына дейін осындай әжуа, мысқылға толы.


Ал, осы «Қылмыстың» авторына тіптен обал, қиянат жасадық. 90-ға таяған шағында ақсақал туған жерінде өлгісі келіп, Қазақстанға өтуге тілек білдіріп, қаншама арыздар жазды. Тіпті, Президент Назарбаевқа дейін хат


 


жолдады. Бірақ ешкім оның зарына елең етіп, құлақ түрмеді. Ақыры, өмір бойы қуғын-сүргін көріп, өмірі өксіп өткен кәрі жүрек шыдас бермеді, соғуын тоқтат- ты. Сүйегі жат ел, жат жерде қалды. Туған жерінен бір уыс топырақ та бұйырмады.


Ал, Қабдештің шығармалары бірінен бірі өтеді, қай шығармасын сыйлыққа ұсынса да бәйгеден келері сөзсіз. Рас, «Мен ішпеген у бар ма?» деп Абай айтпақ- шы, Қабдеш көрмеген қиянат жоқ. Кезінде Жазушылар Одағына мүшелікке өткізбей аяғынан шалып бір құ- латқан, Алматыдағы Ұлттық кітапханадан таңдамалы шығармаларын ұрлап, жыртып әжетханаға да тастаған. Тіпті, баспасөз бетінде ол кісіні сотқа бермек болып, қоқан-лоққы жасағандар да болды. Аяқтан шалушы Ба- тыраштардың қолдарынан балтасы түсе қойған жоқ, әлі де қастығын аяп қалмас.


Бұл Нобель сыйлығы Қабдеш Жұмаділов пен Қа- жығұмар Шабданұлына керек емес, қажет те болмауы мүмкін. Бірақ бұл бүкіл қазаққа, қазақ әдебиетіне ке- рек. Мәртебесін көтеру үшін Қазақстанға керек. Қолда барда алтынымыздың қадірін осындайда көрмесек қай- да көреміз? Асылымызды жарқырата көрсететін мезгіл жетті.


Қабдеш Жұмаділов пен Қажығұмар Шабданұлын қолдайтын Ғаббас Қабышұлы, Герольд Бельгер, Дулат Исабеков, сонау Чехияда тұрып жатқан Мұхтар Ма- ғауин сынды жазушылар мен Мұхтар Шаханов сынды ақындарымыз баршылық. Ең бастысы оларды қарапа- йым қазақ оқырмандары қолдайды деп ойлаймын.


Ал, осы аса беделді халықаралық сыйлыққа ұсыну үшін Қабдеш пен Қажығұмар шығармаларын шет тілге аударуымыз керек. Сонда қай тілге, қалай аударамыз? Бұл жөнінде Қабдеш өз шығармаларының аудармасы туралы кезінде сөз еткен. Өз басы Мәскеуде кітап шы- ғаруға екі рет талпынып көріпті. Алғаш «Советский пи- сатель» баспасына «Соңғы көштің» аудармасын берген. Оны өзінің соңына түсіп жүрген «өз ағасы» тоқтатып- ты. Екінші рет «Сәйгүліктер» деген атпен повестерінің бір томдығын ұсынған екен. алайда, бұл да орысша жарық көре алмапты. 1991 жылы Совет Одағының ша-


 


ңырағы ортасына түсіп, «Советский писатель» баспасы сол шаңырақтың астында қалыпты. («Таңғажайып дү- ние», 625 бет).


Сол сияқты осы кітапта «Соңғы көшті» Хасен Орал- тайдың түрік тіліне аударғаны туралы да айтылады. Бі- рақ ол кезде Қазақстан мен Түркия арасында тіке бай- ланыс болмаған.


Осы жерде ойлануға тура келеді. Бұрынғы қылышы- нан қан тамып тұрған Кеңес Одағы кезінде Кеңес жазу- шыларының бір де біреуі Нобель сыйлығын ала алмап- ты. Қазіргі оның мұрагері Ресей авторитарлы режимді ел болғандықтан, оның халықаралық беделі төмен. Ендеше, бұл шығармалардың орыс тіліндегі аударма- сы сыйлық беретін ұйымның күдік, күмәнін тудыруы мүмкін. Сондықтан олардың шығармаларын түрік тіліне аударған жөн сияқты. Себебі, қазіргі мұсыл- ман мемлекеттерінің ең беделдісі де, белдісі – Түркия. Ал, түріктер қазақтарды ежелден тәуір көреді, оларға бүйректері бұрып тұрады. Оған Қазақстан Тәуелсіздік алғанда біздің тәуелсіздігімізді ең алғаш мойындаған Түркия екенін айтсақ та жеткілікті. Ал, түрік тіліндегі шығармаларды Батыс елдерінің тілдеріне (ағылшын, неміс, француз) аудару әрі тез, әрі сапалы болар еді. Меніңше, Нобель сыйлығына ұсынудың төте жолы осы деп ойлаймын.


«Дұрыс аударма шығарманың шырайын кіргізіп, ба- ғын ашады» деген ойды әркім-ақ айтып жүр. Әйткен- мен, Қабдеш шығармаларын өзінен асып аударам деп тыраштанудың қажеті жоқ, тек оны түземей, күземей, бояуын солғындатпай, тіл құнарын сақтаса жетіп жа- тыр.


 


Ратбек АРЫНҰЛЫ, отставкадағы милиция майоры.


«Ертіс өңірі» газеті. 11-қыркүйек 2013.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу