16.12.2021
  349


Автор: Қабдеш Жұмаділов

МЕМУАР ЖАЗУ – ЕКІНІҢ БІРІНІҢ МАҢДАЙЫНА ЖАЗЫЛМАҒАН

Ашық әңгіме


 



І


Кейде мемуарлық шығарма көркем шығармадан да қызық оқылады. Әсіресе қазіргі заман ес- теліктер мен мемуардың заманы болып тұр.


Қаламгердің де оң жамбасына келеді, оқырманға да оқуға жеңіл. Ел білетін көптеген көркем шығармалар ұмыты- лып қалып жатқанда, мемуарлық шығармалар жұрт ау- зында жүргеніне өзіміз куәміз. Бұрын көрген-баққанымыз Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» еді, соңғы он-он бес жылдың көлемінде Мағауиннің «Мені», Жұмаділовтің


«Таңғажайып дүниесі», Ысқақовтың «Келмес күндер елесі», әрқайсысы кірпіштей-кірпіштей кітап болып қолымызға тиді. Осылардың ішіндегі Қабдеш Жұмаді- ловтің «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық рома- ны қалған екеуіне қарағанда тағдырлы шығарма сияқты көрінді бізге. Сондықтан, біз бүгін әдебиетші Жаңабек Шағатай екеуіміз қазақтың көрнекті жазушысы Қаб- деш Жұмаділовты әңгімеге тартқан едік.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Қабдеш аға, «Таңғажайып дү- ниенің» жарық көргеніне біраз уақыт болды. Бірақ бұл кі- тап жөніндегі әңгіме әлі біткен жоқ. Оның үстіне сіздің ақпарат көздерінде жарияланып жатқан естеліктеріңіз де бұл әңгімені оқырманға ұмыттырмай жүр. Осы «Таңғажа- йып дүниені» жазу идеясы сізге қалай келіп еді?


Қабдеш Жұмаділов: – Менде өмірбаянымды кейін бір қағазға түсіремін ғой деген ой болатын. Бірақ, жуық ара- да жаза қоямын деп ойламаған едім. Содан 1996 жылы 60 жасқа келдім. Алматыда тойланды, одан кейін Семей өңірінде тойланып, содан Үржарға, Мұқаншыға барып, тура шекараның түбінде үлкен мереке өтті. Шекараның


 


бойында Ақшоқы деген совхоз бар. Сол Ақшоқының бір кезеңіне шықсаңыз, шекараның арғы жағы самаладай анық көрініп тұр. Қасымда көп адам бар. Профессор Ше- риаздан Елеукенов, әдебиетші ғалым Рымғали Нұрғалиев, тағы да басқа белгілі адамдар. Ақшоқыға шығып, «Соң- ғы көште», «Тағдырда» жазылған жерлерді бергі беттен нұсқап көрсетіп тұрмын. «Анау – Тарбағатай тауының бір биігі саналатын Етікші шыңы, оның бергі жағында жат- қан мынау жер – Абдыра аңғары, ал мынау – Қараүңгір аңғары, анау шығыста мұнартып тұрған – Орқашар сілім- дері» деп таныстырамын ғой, баяғы. Сол жерде отырып көпшіліктің қолпаштауымен бір ой келді. Рымғали реті келсе менімен қалжыңдасып ойнай береді. Жасы кіші болғанменен, біздің елге күйеулігі бар, соны алға салады.


«Жұмаділов қу ғой, жерін көрсетпеу үшін бергі жағына шекара сымын тартқызып қойған», – деді. Бұл талайлы тағдырды бастан өткерген адамның жанына батады, әри- не. Қалжың өз алдына, сол сол сәтте маған бір ой келді:


«Қой, мен ғұмырнамалық шығарма жазуым керек екен. Өмір деген мынау – шашылып жатыр. Балалық, жастық шақ шекараның арғы жағында өтті. Енді қалған жарты- сы мына жақта өтіп жатыр. Жүрісім шимай-шытырық. Ол жақтан бұл жаққа оқуға келіп, екі-үш жыл тұрып, қайта кеттім. Ол жақта төрт-бес жыл сүргінде жүріп, қай- та оралдым. Кейін осының бәрін кім зерттейді? Менің жүрген ізіммен кім жүреді? Тіпті сондай жанкешті біреу табылғанның өзінде, мен бастан кешкен жайларды оған кім айтып береді? Мен бастан кешкен сезімдерді кім әңгі- мелеп береді? «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» деп Қасым айтпақшы, осыны өзім қағазға түсіріп кетуім ке- рек қой. Осы мерейтой өткен соң, жазуға отырамын» деп, Ақшоқының кезеңінде берік байламға келдім. Шынын айтсам, бұл шығарма осындай қажеттіліктен туды. Арғы жақта көрген қуғын-сүргін, бергі жақта көрген жақсылық, жамандық, жақсылардан көрген шарапат, жамандардан көрген кесапатты қағаз бетіне түсіруім керек деп ойладым да, сол 1996 жылы күзде үстелге отырдым.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Қарап отырсам, кітаптың атының өзі қызық. Мемуарлық шығармадан гөрі көркем шығарманың атына келеді. «Бальзактың өмірбаяны» деп


 


жатушы еді жұрттар, мысалы. Мазмұнына қарап отыр- сам да, «Ұшқан ұя», «Қыран қия», «Алматы аспанында»,


«Жайылған тор», «Қанат талды», «Түлеу», «Самғау»,


«Тоят немесе эпилог орнына» деп, бөліп-бөліп атапсыз.


«Әуезовтің «Абай жолындағы» тақырыптар сияқты де- генім ғой.


Қабдеш Жұмаділов: – Дұрыс айтасың. Мемуарға да образ керек. Бір қыранның ұядан ұшқанынан – тоят алып, жерге қонғанына дейінгі, яғни екі ортадағы адам образы ғой. Бір журналист: «Осы Мұхтар Мағауин мемуар жа- зыпты. Сіз де жаздыңыз. Екеуінің айырмашылығы не?» деп сұрақ қойды өткенде. Мен Мұхатрды жақсы көремін және жоғары бағалаймын, оны білесіңдер. Айырмашылы- ғы – Мұхтар мемуардың атын «Мен» деп қойды, өзі ту- ралы жазды. Мен «Таңғажайып дүние» деп атадым. Мен өзімді ғана емес, қоршаған дүние туралы жаздым. Көзімді ашқаннан бері көрген нәрселерді жазамын. Төрт жасым- да есім кіріпті. Сол төрт жасымнан алпыс жасқа дейін көрген-білгенімді осы кітапқа сығымдап сыйғыздым. Дү- ниенің өзі таңғажайып нәрсе ғой. Сондықтан атын солай қойдым.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Әркімнің өзінің бір стихиясы болады, оқырмандардың да. Ойлап жүретін, қызығып жү- ретін бір тақырыптары болады. Мысалы, менің өз басым- да Оспан батырға деген бір қызығушылық бар. Осы кісіге қатысты бір жерден дерек шыға қалса, қызығып оқимын. Кезінде Оспан батырға қатысты бір үлкен шығарманың жариялануына себепкер де болдым. «Таңғажайып дү- ниені» қолға алған кезде, Оспан батырды іздедім де отыр- дым. Сол кезең, сол уақыт, ол заманның сабақтасқан жал- ғасы. Сөйтсем, Оспан батыр туралы сараңдау жазылған екен. Неліктен?


Қабдеш Жұмаділов: – Мұның да дұрыс сұрақ. «Соң- ғы көш» бұдан бұрын жазылды. Соның алғашқы томында Оспан кеңінен суреттеледі. Сол «Соңғы көште» Нартай батыр деген кейіпкер бар. Ол кейін Оспан батырға барып қосылады. Уақиға Алтайда болып жатыр, ал мен Шәуе- шектемін. Екеуі екі аймақ, екі облыс қой. Сондықтан мен Оспанның оқиғасына Нартай арқылы терезе аштым. Нар- тай барып Оспанмен бірге соғысады, ақырында Оспан


 


құлдырауға ұшырайды. Мұны Оспанның өзі де сезіп, «сен маған үлкен үлес қостың, Тарбағатайдан келіп ең, еліңе қайт» деп қайтарып жібереді. Жалпы мемуарды жазған- да мынандай принцип ұстанған едім: көркем шығармада орын бірлігі, уақыт бірлігі, оқиға бірлігі деген классика- лық принциптер сақталуы керек. Бірде Алтайға, бірде Тарбағатайға ұшып-қонып, ауыса беруге болмайды. Ос- панды Нартай арқылы көрсетіп отырдым. Оспан туралы алдыңғы жылы «Көкжал» деген повесть те жаздым. Ос- панның қолға түскен үш айдағы, яғни атылғанға дейінгі кезі суреттелді.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Тағдырластық деген бар ғой. Шығыс Түркістандағы зиялылар тегіс тағдырлас. Ерекше оқиғалар бәріне ортақ. Қай жағында, қай шетінде болса да бір-біріне тікелей әсер етпей қоймайды. Соның сүйектісі деп, айырплан апатынан қазаға ұшыраған зиялылар тура- лы да білгім келген, бірдеңе іздегем. Оны да таппадым.


Қабдеш Жұмаділов: – Жалпы сол кісілердің өлімі әлі күнге дейін жұмбақ қой. Апат қалай, кімнен болды деген сұрақтың бүгінге дейін басы ашылған жоқ. Ал былайша болжамдар, байламдар бар. Ал басы ашылмаған нәрселер туралы жазу қиындау. Өзім фактілерге сүйенемін. Мына ғұмырнамалық мемуарда факт бірінші орынға шығады. Фантазия, жазушының қиялы шегінеді. Ол сол фактілерге қызмет етеді. Оспанды неге кірістірмедің дегеніңе айта- рым, жалпы мемуарда оқиға автордың маңайына көгенде- лу керек қой. Өзі басынан кешпеген, өзі көрмеген нәрсені автор мемуарға кіргізе алмайды. Мысалы, Қадыр Мырза Әлидің «Иірім» дейтін шығармасы бар, ел қызығып оқи- ды. Оны біреулер мемуар деп жүр. Негізі ол мемуар емес, өйткені, оның бәрі Қадырдың басынан өткен жоқ. Естіген, білген, жазушалырдың ортасында болған жағдайлар, кей- де өсек-аяң да кірісіп кетеді ішіне... Бірақ, ол мемуар болу үшін Қадырдың өзі араласуы керек. Менің ұстанған прин- ципім осы. Мына мемуарда мен араласпаған, маған қаты- сы жоқ оқиға жоқ. Сол үшін де ол мемуар деп аталады.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Жөн екен, аға. Осы жерде Жа- ңабек ініңізді әңгімеге араластырып алайық. Бұл ініңіз өзі әр тараптан ізденіп жүретін қаламгер. Жаңабек, осы мемуар қалай жазылады? Шетел әдебиетіндегі, қазақ


 


әдебиетіндегі қысқаша тарихын айтып өтсек, оқырманға түсініктірек болады ғой.


Жаңабек Шағатай: – Мемуар қалай жазылу керек де- ген нәрсе әдебиетте бар. Қабдеш ағамыз айтып ортырған сөздің жөні соған келеді. Бірақ мынандай бір мәселе бар, басын ашып айтпасақ болмас тегінде. Мысалы, ағылшын, француз әдебиенідегі мемуарлар біздегіден бөлектеу. Өйткені, Қабдеш ағалар бірінші орынға мемлекеттілікті, ұлт басындағы жағдайды, елді, жерді, тілді, өзіне жақын нәрселерді қояды да, араласып жүрген оқиғалар арқылы соны береді. Ал шетелдік мемуаршылар көбіне ондайға бас ауыртпайды. Мемуар жанры өзі ХV-XVIII ғасырда Францияда қатты дамыған. Біразы ХІV Людовиктің кезі- не сәйкес. Сол кезде сарайдың ішінде жүрген 260 адам, оның ішінде корольдің туыстары да бар, бәрі мемуар жаз- ған. Олар корольдің маңындағы оқиғаларды, қалай болып жатты, қандай киім киді, қандай тамақ жеді, жалпы осын- дай-осындай жағдайларды жазады. Негізінде мемаурды алғаш тарихшылар жазған. Өздері қатысқан оқиғаларды күнделікті хроника түрінде түсіріп отырған. Кейін бұның француз әдебиетіне үлкен пайдасы тиді. Сарай қызмет- керлерінің жазғаны болсын, корольдің туысқандарының жазғаны болсын, соларды пайдаланып, кейіннен фран- цуз қоғамының өмірін жазып берді. Сөйтіп, Францияның әдебиетін қалыптастыруда мемуарлар үлкен рөл атқарды десек болады. Әдебиетшілердің бәрі біледі, Александр Дюма «Үш ноянды» жазу үшін соған дейін жазылған мемуарларды тегіс қарап шыққан. Ал қазақ әдебиетінде мемуарға қойылған талаптарға жауап беретін шығарма



  • Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі». Алашордашылар-


ды жамандады деген күннің өзінде, қазақ өмірінің өтпелі кезеңдегі панорамалық бейнесін, болмысын, суретін са- лып берген осы «Өмір мектебі». Негізі әдебиет тарихын- да мемуарлық шығармалар ең алғаш қалай туған деген сұраққа жауапты Юлий Цезардың жазбаларынан табады. Оның өзінің галлдармен соғысы жайында жазғаны ме- муарлық шығармаларға жатқызылады. Одан кейін Визан- тия империясының кезінде Алексей Комниннің басынан өткен жайттарды өзінің қарындасы және қызы да жазған:


«Византия империясындағы жазбаларда далалықтардың


 


өмірі» деген орыс тілінде қалың кітап бар. Империяның тұтас өмірін көз алдыңнан өткізеді. Маңайындағы халық- пен байланысы қалай болды, тіпті қызын қалай ұзатты, киімінің үлгілері қандай еді деген сияқты нәрселердің бәрі бар.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Жылнама сияқты десеңізші. Бізге жақындауы Андре Моруаның «Прометей, или Жизнь Бальзака» деген кітабы ғой. Орысша осындай атаумен шыққан екен.


Жаңабек Шағатай: – Андре Моруаның өзі мемуар деп атап жазғанымен, әдебиетшілердің пікірі екіге жарылады бұл жерде. Біреулері автобиографиялық роман деседі. Де- генмен Андре Моруа шыныменде Бальзактың тұстаста- рының мемуарлық дүниелерін өте көп пайдаланған. Жал- ғыз Бальзак туралы емес, бірталай француз жазушылары туралы шығармалары бар. Андре Моруа 200-ден астам кітап жазған. Соның басым бөлігі француз жазушылары- ның өміріне, француз әдебиетінің қалыптасуына, даму жолдарына арналған. Былай қарасаңыз, әдеби процестер- ге ықпалы болмағанмен, тарихи кезеңдердегі шындықты көз алдыға келтіру үшін мемуарлық шығармалардың ма- ңызы зор. Бірақ оған да қолайлы, қолайсыз уақыттар бар. Мемуар жазбақ түгілі, жазушылар басымен қайғы болып кеткен кездерді айтамын. Сталин нағыз зиялы дегендерді қырып салды да, бірді-екілісі болмаса, мемуар жазатын адам қалмады. Ал 1960 жылдардан бастап КПСС мемуар- лық шығармаларды жүйелі түрде қолға алды. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар, қолбасшылар, Жуковтың мемуарларын алайық, мысалы. Ұлы Отан соғысы туралы көптеген шындықты Жуковтың мемуары ашып берді.


Жүсіпбек Қорғасбек: Мемуар жазу үшін, жазушының ішкі мәдениеті де үлкен қызмет атқарады ғой деп ойлай- мын. Мемуар жазуға кім қаншалықты құқылы деген мәсе- ле бар. Жазушы қаншалықты әділ деген мәселе алдында тұрады. «Меннің» бәрі мемуар емес» дегендегі айтайық дегеніміз де сол. «Таңғажайып дүние» мемуарлық шығар- ма ретінде көкейден шықты ма?


Жаңабек Шағатай: Қабдеш ағаның өзі де айтты ғой, мемуарлық шығарма жазу үшін адамның дүниетанымы кең болу керек және көргені көп болу керек деп. Ең басты-


 


сы адамның тағдыры болу керек. Ал «Таңғажайып дүние» адам тағдырына құрылған шығарма...


Жүсіпбек Қорғасбек: – Қабдеш аға, осы арада бір сөз айтқым келіп отыр. Осы қазақтың жазушылары жазуды білгенімен, мемуар жазуды білмей ме деп ойлаймын. Тіпті көптеген естеліктерді оқып отырсаңыз, не айтып отыр, неге айтып отыр деп таңқаласыз. Ұсақ-түйек нәрселердің төңірегінде сөз болады. «Таңғажайып дүниені» оқыған кезде бір байқағаным – автордың өзіне қойған талабының күштілігі. Өзін мақтағысы келіп отырса да автор мақтай алмайды. Сосын біреулер жөнінде пікір айтқанда абайлап айтады. Себебі, өштігі бар ма деп ұғынып қалуы мүмкін.


«Өзім көрген нәрсені, айналамда болған оқиғаны, көзім жеткен фактілерді жаздым» дегеніңіз, өмірбаяныңызды соның аясына сыйдырып айтқаныңыз ұнады. Мен осы шығармадан өзімді қатты қызықтырған Қажығұмар Шаб- данұлына қатысты көптеген қызықты деректер таптым. Басқалардың барлығы аман құтылып кетіп жатқан кезде, бұл кісі сіздің жазғаныңыздай «рекорд» жасап, 40 жылдай неге түрмеде отырған? «Оның себебі неде?» деген сұрақ- қа жауапты осы жерде таптым. Қажығұмар Шабданұлы- мен де осы мемуарлық шығарма толығып тұрған сияқты. Қабдеш Жұмаділов: – Осы жөнінде маған бір ой туып отыр. Біздің қазақ әдебиетінде мемуар жанры онша да- мымаған. Сирек. Сәбит Мұқанов бастаған, Ғабиден ақса- қалдың «Көз көрген» деген кітабы бар. Мүсіреповтің өзі де ештеңе жазған жоқ. Балалардың қалай сүндеттелгені туралы күлкілі өмірбаяндық әңгімесі бар. Қалихан жазып жүр екен деп жігіттер айтып жүр. Бұл неге сирек деп ой- лайсыз? Өмірбаянды арқау етіп жазу үшін өмірбаян бай болу керек. Сосын ол ғибратты өмірбаян болу керек. Қазір жұрттың бәрінің өмірбаяны стандарт – ұқсас. Ауылда туа- ды, мектепте оқиды. Қалаға оқуға келеді, университетте оқиды, қызметке шығады, осы маңайда жүреді. Мұның бәрі бірін-бірі қайталайтын нәрселер. Жұрттың бәрі ме- муарға бара бермейтіні содан. Бұл бірінші шарты. Екінші- ден, мемуар – деректі шығарма ғой. Фантазия, қиял, анау- мынаудың бәрі екінші орынға ысырылады дағы, бірінші орынға фактілер шығады. Сосын мемуар болғаннан кейін нақты шындық жазылуы керек. «Анау бүйтіпті, мынау


 


сөйтіпті» деген болжалды нәрселер мемуарға кіре алмай- ды. Мен өзім солай деп ұғам. Ал Совет дәуірінде шын- дықты айту оңай болған жоқ. Тікелей жамандықты да, жақсылықты да айтып, өзінің қарсыласын көрсетіп беру қиын болды. Сәбит Мұқанов кімге арқа сүйеді? Совет өкіметіне арқа сүйеді, партияға арқа сүйеді. Ол кезде Сә- беңе сөгіс жоқ. Совет өкіметі құлайды-ау, өзгереді-ау де- ген күмән жоқ. Алатау орнынан қозғалса қозғалар, бірақ Совте өкіметі мен Коммунистік партия орнынан қозғала- ды деп ешкім ойлаған жоқ. Соның ішінде әсіресе Сәбең. Сәбеңнің батыл болатын себебі, советтік саясатқа сүйей отырып, көп нәрсені жазды. Бірақ, Сәбеңнің ескермеген бір нәрсесі бар екен. Кейінгі ұрпақ қалай ұғатынын, «мына дүние осы бетімен тұра ма, тұрмай ма» дегенді ескерме- ген. Бір жерде айтқаным бар еді, кейінгі кездері өзімнен өзім цитат алатын болып жүрмін: «Сен қорықсаң басқа- дан қорықпа, қағазға түскен өз сөзіңнен қорық» деген. Сол алдыңнан шығады екен ғой. Сәбең бір кезде мақта- нып айтқан фактілер, Сәбеңнің өзіне мін болып тағылды, міне. Сәбең «Өмір мектебінде»: «Ахмет Байтұрсыновтың 1923 жылы Орынборда 50 жылдық мерейтойы өтіп жат- қанда, біз шіріген картоп лақтырып, жұмыртқа лақтырып өткізбей тастадық», – дейді. Мағжанға да қатысты солай айтады. Сосын Алаш қайраткерлерімен қалай алысқанын, оларды қалай жеңгенін айтады. Әрине, Сәбит Мұқанов жеңеді. Өйткені, артында Совет өкіметі тіреп тұр. Совет өкіметіне дәл Сәбиттей еңбек сіңірген жазушы жоқ. «Мен сенің өгізіңмін өрге жегер» дейтіні содан. Совет өкіметіне шын сенген адам. Сәбең 70-ке келгенде мен жиналысқа қатысып отырдым. Президиумның указын Имашов оқы- ды. Сонда немен наградталатынын сол сәтте жазушының өзі білмейді. «Совет өкіметіне сіңірген еңбегі үшін, бәлен үшін, түген үшін наградталады» деген кезде Сәбеңнің өзі де еңсесін көтеріп тыңдап қалды. «Ленин орденімен наградталады» деген кезде қайтадан шөгіп кетті. Міне, Сәбеңнің өмірін қысқартып жіберген сәт осы еді. Сәбең 60 жасында да Ленин орденін алған, жаңалық емес. 70-ке келіп отырғанда неге «Еңбек ері» атағын бермеске? То- йында әр республикадан келген бірнеше «герой» отыр. Ол үшін әркімдерді біреулер кінәлі ғып қояды. «Әйтіпті,


 


бүйтіпті» дейді. Сөйтіп, Совет өкіметі Сәбеңнің еңбегін жеп кетті.


Мемуардың аз болатын себебі: біріншіден, шындықты айту керек. Оны айту екінің бірінің қолынан келмейді. Екіншіден, өмірбаян бай әрі ғибратты болу керек.


Жаңа Қажығұмар туралы айтып қалдың. Мен Қажы- ғаұмармен он күн ғана бірге болғанмын. Ол кезде гим- назияда 10 кластың оқушысымын. Ол кісі Шәуешекке келді. Жасы отыздарда. Танылған жазушы, бірнеше по- весі, әңгімесі, дастандары шыққан. Және «Шұғыла» жур- налының бас редакторы. Сонда біз шұрқырасып, таныса кеттік. Сондағы әдебиеттің кереметін қара. Менің біраз өлеңдерім, бірер әңгімем жарияланған кез. Сонда мені біліп тұр. «Сені кексе біреу ме десем, мұртың да тебенде- меген бала екенсің ғой», – деп таңғалды. Мен он күндей қасына еріп жүрдім. «Сен менімен бірге бол» деп жібер- мейді. Оқу басталайын деп қалған, ауылға қайтуым керек. Сөйтіп, Қажекеңмен қоштасып, ауылға кеттім. Бастан-аяқ көргенім осы. Ал кейін 1958 жылы бізді Алматыдан алып барып, басымызға бұлт үйірілген кезде, ол кісіге жолығу қиын болды. «Ұлтшыл», «оңшыл» деген неше түрлі «қал- пақты» бастарына киіп, қатал күзет астында отыр екен. Тарымға айдалар алдында. Маңайына жолай алмасақ та, сол кісілердің зардабы бізге де тиді. «Сіздер Қазақстанға оқуға бара жатқанда ұлтшылдар қандай тапсырма берді? Жағда Бабалық қандай тапсырма берді? Қажығұмар Шаб- данұлы қандай тапсырма берді?» – деп тергеді. Сөйтсек қазақ ұлтшылдарының екі көсемі бар екен. Әкімшілік жағынан Жағда Бабалық, рухани, әдеби, мәдени жағынан Қажығұмар Шабданұлы. Сонымен, сол кісілердің ізба- сар шәкірті болып шықтық, қысқасы. Өз басым ол кісіге қатты еліктегенмін, өзімнің ұстазым деп есептеймін. 20 жыл Тарымда айдауда болды, қайтып келгеннен кейін 15 жылға тағы сотталды. Арасында 2-3 жылдан сотталғаны бар. Жалпы есептегенде 40 жылдың үстіне шығады. Кейін түрмеден шыққан соң хат жазысып тұрдық. Алты томнан тұратын «Қылмыс» романына алғысөз жаздым, баспадан шығардым. Арабшадан кириллицаға көшірдік, жалпы ре- дакциясын қарадық дегендей... Өстіп, Қажекеңнің қары- зынан құтылдым ғой деп ойлаймын. Екі рет Президентке


 


хат жазды. «Жасым сексеннен асып кетті. Елге жетсем-ай! Маған сол жақтан топырақ бұйырса... 10 томның үстінде дүнием бар. Бәрін қаттап, көшіріп қойдым. Соны ұрпақ- тарға жеткізсем деп ем» деп, армандаған күйі Шәуешекте қайтыс болды. Елге әкеле алмадық.


Жүсіпбек Қорғасбек: –Сіздің кітаптан үзінді оқып бергім келіп отыр. Осы кітапта біздің өткен ғасырда екі ұлы жазушымыз – біреуі Мұхтар Әуезов, біреуі Қажығұ- мар Шабданұлы. Осы екі жазушымыз туралы толыққанды деп айтуға болатын пікірлер бар екен. Образдары толық ашылған сияқты. Қанша деректі, қанша мемуарлы шығар- ма десек те... Мысал үшін, Алматыға арғы беттен келіп, оқып жүрген кездеріңізде Мұхтар Әуезовтің лекцияларын қалай тыңдағаныңыз, оның айналасы, болмыс-бітімі, сөз- ге шешендігі, адамдармен қарым-қатынасы, тіптен өмірлік ұстанған саясаты жақсы көрінген екен. Қарап отырып екі жазушының өміріненде сабақ алуға болады, ғибрат деп айтып қалдыңыз ғой, ғибрат алуға болады. Мұхтар Әуе- зовтің болмысын суреттегеніңізге дейін оқып шықтым. Өте шебер берілген екен. Сосын сіздің әрбір келіп-кет- кен кезіңіздегі Мұхтар Әуезовтің ұлт жөніндегі, кейінгі ұрпақ жөніндегі алаңдайтын ойлары ашық айта салмаса да, осы жерде тиянақталып жақсы беріліпті. Келелі сұрақ- тарға жауап бар. Біздің ардақтыларымыз, арыстарымыз- дың барлығы атылып, айдалып кетіп жатқанда Мұхтар Әуезов өзін қалай сақтап қалды? Мұхтар Әуезов өзін-өзі данышпандықпен, көрегендікпен сақтап қалып отыр. Өзі үшін емес, әрине. Қазақтың бойына сіңірген ғұрпын, ру- хын кейінгіге жеткізу үшін сақтап қалды дегенді айтқан екенсіз.


Қабдеш Жұмаділов: – Жалпы Ахмет Байтұрсынов Мұ-


хаңа хат жазған дейді. «Ең жасымыз сен едің. Сен аман қал, керексің. Біз енді кеттік, бұрыла алмаймыз», – деп.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Мұхтар Әуезовтің өзін-өзі сақ- тап қалу арқылы біздің ұлтымызға қандай жақсылық жа- сағаны, ғибратты дүние қалдырғаны туралы пәлсапалық ой айтылған екен. Кітапты оқымаған оқырмандар үшін,


«кітаптың ішінде не бар?» деген сұраққа айтайын, жазу- шының басындағы кемшіліктер де айтылады. Жазушы- ның өмірінің соңына таман «Абай жолы» талай талданып,


 


талқыланып, көптеген сүргіннен аман өтіп, ақырында то- лықтай жақсы бағасын алып, мерейге қол жеткізген кез екен. Мұхаметжан Қаратаев деген сыншымыз (20 жыл айдаудан оралып, келгеніне көп бола қоймаған) «Абай жолы» туралы баяндама жасайды. Баяндамада «Абай жо- лын» Шолоховтың «Тынық Донымен», басқа да кітаптар- мен салыстырады. «Шолоховтың «Тынық Донына», Толс- тойдың «Соғыс және бейбітшілігіне» қарағанда, «Абай жолы» бізге жақындау деген әңгіме айтады. Салыстыра- ды. Мұхаңды «Суда жүзген алабұға сияқты» дейді. «Ой- бай, шортан деп айт» дейді біреулер...


Қабдеш Жұмаділов: – «Жайын деп айтпайсың ба?» деп залдан біреу айғайлады.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Қабдеш ағамыз мемуарда сол кездегі әдеби ортаны жақсы берген екен. Анандай қыста- лаңнан шыққаннан кейін адамдар бірін-бірі көтермелеп жүретін кез ғой. Серік Қирабаев, Мұхаметжан Қаратаев, Зейнолла Қабдолов, Темірғали Нұртазин... Артық мақ- таудың кейде зияны да бар. Зейнолла Қабдолов: «Абай жолы» эпопеясы бір кітаптан ғана кейін тұр», – дегенді айтып қалған екен. Содан бәрі шошып қалады. Зейнолла Қабдолов пауза ұстап тұр. Автордың өзі де қыпылықтап:


«Сол озық шығарманы осы жерде айтпай-ақ қойса қай- теді?» – деп ойлайды. Мұхтар Әуезовтің өзі де жаратпай қарап: «Мынау қай кітапты айтқалы тұр?» дегендей қа- лыпта отырған кезде, Зейнолла Қабдолов не айтқан дейсіз ғой: «Ол – «Абай жолы» эпопеясынан кейін жазылатын Советтік дәуірдің эпопеясы, Мұхаң енді жазатын кітап» дейді. Осыны айтқаннан кейін ғана бәрі арқаларын кеңге салады. Мұхтар Әуезовтің өзі де сол жиында: «Мен үлкен эпопея жазамын. Жолдастар, сіздерге уәде беремін», – деп айтып қалады. Мұхаңның сол тұзаққа қалай түсіп қалға- нын осы жерде жақсы жазыпсыз. Жасы алпыстан асқан кезде Оңтүстік Қазақстанды күннің ыстығында аралап жүріп, әрең дегенде «Өскен өркенді» жазады. Сонда мен өзімнің жүрегіме ауырлау тиген сөз оқыдым...


Қабдеш Жұмаділов: – Мемуардан ба?


Жүсіпбек Қорғасбек: – Иә. «Сол адасудан біздің Мұ- хаңды өлім құтқарды» деген сөз жүр. Шынында жазушы- ның шыққан биігінен түспеу туралы әңгіме ғой.


 


Қабдеш Жұмаділов: – Осы жерде мен бірнәрсе айта- йын. Мұхаң – менің ұстазым, пірім. Роман дегеннің не екенін Мұхаңнан білдім... Сондағы қолпаштауды айта- мын да. Журналистер оны іліп әкетті. Енді Мұхаңа шегі- нетін жол жоқ. Амалсыз Оңтүстікке барды. «Ақыры өзінің Отанына оралды» дегендер де болды. Ал енді өзінің қиын шырғалаңға шалдыққанын Мұхаң кеш білді. Совет өкі- меті үлкен жазушыларды жаңа дүние жазуға қайрап отыр- ды ғой. Леоновты да, Шолоховты да, басқаларын да да съезд сайын төрге отырғызып, қайрап отырды. Олар жа- зарын жазды да, тапжылмай отырып алды. Себебі, Совет өкіметінен қандай эпопея туатынын олар біліп отыр. Ал Мұхаң, «құлды бәрекелді» өлтіреді деп, мақтауға түсіп қалды. «Абай жолы» мен «Өскен өркенді» салыстыраты- ным бар. Бұрынғы кейіпкері – ұлы хәкім Абай, енді келіп партком секратары Карпов туралы жазбақ. Екеуінің арасы қандай? Автор қалай төмендеді деген нәрсе бар. Жазушы- лардың кейде өз-өзіне қол жұмсайтыны жайдан-жай емес. Мұхаң өзіне қол жұмсамағанмен, операция үстеліне тәуе- кел деп қойып кетуі әртүрлі ойларға жетелейді. «Не болса, о болсын» дегендік пе екен деп болжаймын.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Мұхтар Әуезов өзін қалай сақ- тап қалды? Қажығұмар Шабданұлы өзін қалай сақтай ал- май қалды? Біржағы, Құдай сақтап, Қажығұмар ағамызды атып тастаған жоқ. Түрмеде отырса да, шылымның қора- бына жазса да, әйтеуір қидалап болса да шығармаларын жазып үлгерді. Дегенмен осы жерде бір өкінішті нәрсе айтылады. Мысалға мемуардан бір үзінді оқиын: «Қазір бізде ұйғырлардың арасы қатты шиеленісіп тұр. Оларға қарағанда қазақтардың жағдайы шүкіршілік» деді Мақа- тан сөз соңында». «Қажығұмар ше? Сол кісінің басына бұлт үйіріліп тұр деседі ғой». «Иә, Қажекең Боғда тауы тәрізді бар бұлтты өз басына үйіріп алды да, басқамыз сол кісінің арқасында боран-шашыннан аман қалдық» деп Мақатан ақсия күліп қойды». «Қажығұмар не бүлдіріп еді соншама?». Бұл автордың қойып отырған сұрақтары ғой.


«Былтырғы сайрау кезінде жұрт айтқан сөзді ол да айтқан. Бірақ, Қажекең «бір қателік өтіпті, мойындаймын» дей салмай, ауқымға қарсы шабам деп, өз ісін тым ушықты- рып алды», – деп келеді. Содан ары қарай: «Ал Ахмет пен


 


Рахметолла ағаларымыз қалай?» дегенде, «Ол ағалары- мыз әзірше аман жүр. Алайда бұл екеуі де Қажығұмарға қарыздар. Қажекең жұрт назарын өзіне аударып әкетті де, басқалары қағаберіс қала берді. «Еркек тоқты құрбандық» дегенді біздің қазақ осындайда айтқан болар» деген жауап айтылды... Осы жерде Жаңабекке сұрақ қойғым келіп отыр. Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы да ғұмырбаяндық романға жатады. Мемуарлық дүние деуге де келіңкірейді. Осыған не дейсіз?


Жаңабек Шағатай: – Оны мемуарлық шығарма деп кесіп айту қиындау. Өйткені, ол жерде авторлық көзқарас басым.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Көркемдік тәсілді шебер қол- дана отырып, дәуірдің шындығын береді ғой.


Жаңабек Шағатай: – Жалпы ол шығарманың қазақ әдебиетінде жанрын анықтадық па? Әлі зерттей де қойған жоқпыз. Алты томдық былтыр ғана таратылды. Көп оқыр- манның қолына тие де қойған жоқ. 2000 тиражбен шықты, ол 10 миллион қазаққа түк те болмайды. Жақын арада осы романды топтап шығарып жіберсек, жақсы болар еді. Сұ- рап жүргендер де, іздеп жүргендер де бар. Газет-журнал- дар үзінді бергенімен, жалпы романды тұтас бере алмай- ды ғой. Өзіміздегі әдебиет сыншылары Қажығұмардың шығармашылығын зерттей қойған жоқ. Қабдеш ағалар қанша айтып жүргенімен, жалпы баспасөз беттерінде ол жөнінде салиқалы әңгіме болған емес. Қажығұмардың шығармашылығы туралы ғылыми конференция да өткен жоқ, байқағаным. Жазушылар Одағында тұсаукесері бол- ды, бітті.


Қателеспесем, Қабдеш ағаның мына кітабы 1999 жылы шықты. Одан бері он бес жыл өтті. «Мемуарлық шығар- ма жоқ» дегеннің дәлелі – осы он бес жыл. Арада шығып жатыр, әрине. Бірақ, оның бәрі талдауға тұрмайды. Соны да ескеру керек. Негізі оқырмандардың мемуарлық шы- ғармаға сұранысы көп. Мысалы, Қоневтың өмірбаяндық кітабын қалай талап алды. Мемуарлық шығарма жоққа тән екенін байқайсың осыдан.


Қабдеш Жұмаділов: – «Әдеби айналысқа түспей отыр» дегендерің дұрыс. «Қылмыс» романын ең көп оқыған адаммын. Төте жазудан криллицаға аударып бір оқыдым,


 


компьютерден шығарып екі оқыдым, баспадан шыққанда корректор болып, тағы мен оқыдым. «Шыңжаң әдебиеті белгілі ғой, төмен. Баяғы 1930 жылдардағы кезеңінде жүр» деген үстірт пікір айтып жүр кейбір жігіттер. Ол қате. Оған дәлел – осы Қажығұмар. Шындықтың көкесі сонда, қаны тамып тұр. Оны ғажап шеберлікпен кестеле- ген. Көркемдік тұрғыдан бағаланбай жатыр әлі.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Иә, бұл – көркемдік қуаты өте жоғары дәуірлік шығарма.


Қабдеш Жұмаділов: – Жазушының жеке өзіне де бай- ланысты ғой көп нәрсе. Мысалы, Әуезовтің кезіндегілер Әуезовше жаза алған жоқ қой. Енді осы жерде Қажекең жақсы форма тапқан. Біз кейде Шығыс әдебиетін мүлдем жиып тастаймыз. Еуропа әдебиетіне ұқсаса, керемет екен дейміз, шығыста ондай үлкен үлгі жоқ секілді, құдды. Қажекеңдікі – қарапайым үлгі. «Мың бір түннің» үлгісін алған. Тергеушіге беретін жауабы ретінде өтеді бәрі. Абақтыда ұзақ жатқан, ұзақ тергелген адам ғой. «Мың бір түнде» Шаһризаданың ханға күнде бір ертегі айтқа- ны секілді, «ал, құдіретті тергеушім, өтірік айтсам тас төбемнен ұрыңыз» деп қояды да, жалғастыра береді. Ес білгенінен бастайды. 1925 жылдары туған. 1932 жылы 7 жастағы бала, аштыққа ұшырайды. Өзі әжептәуір бай ша- ңырақтан шыққан. Бірақ тәркілеуге ұшыраған, сыпырып әкеткен. Ақыры аштан өлетін болғасын, Барқытбелдің күнгейімен Шәуешекке өтіп кеткен. Шешесі жетектеп өтіпті. Сонда: «Бір зираттың түбінде тығылып отырмыз. Екі солдат келіп, зиратта аяғын салбыратып қойып, те- мекі тартып отыр. Шешем менің аузымды басып алған»,



  • дейді. Бала жөтеліп қоя ма, түшкіріп қоя ма дегені ғой. Сосын жаңағы екеуі 15 минуттан кейін кетіп қалады. Бұ- лар таяу жерде тұрған шекарадан өтіп кетуі керек... 1932 жылдары босқындардың жағдайы қандай болды? Бұл тақырыпты бірінші рет Қажығұмар көтеріп отыр. Біреу- лер: «Байлар малдарын айдап, ана жаққа барып, қарқ ете түскен шығар», – дейді. Қайдағы қарқ ете түскен? 1932 жылы малдың түгі қалмаған. Арғы бетте де аш халық лы- қылдап толып кеткен. Сонда Шәуешектегі қайырымды адамдар қазан-қазан ас пісіріп, аштарға көмектескен екен. Көп қазақтың аман қалуына солар себепкер болған. Де-


 


мек, «Қылмыс» – дәуірлік шығарма. Эпопея. Бір адамның тағдыры алты томға жетпейді ғой. Жазушы бүкіл қоғамды көрсетіп отыр.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Әрине, көркем шығарма ғой. Дегенменде мемуарлық сипаттары бар. Өз басынан кеш- кендері. Мұны айтып отырған себебім, бізде, өз өмірінен шығарма жазатындар жетіп артылады. Бірақ, нені жазу керек? Қалай жазу керек? Осы сұрақтың басын аша ал- майды. Көбінесе махаббаттың машақаты, арзан-құрзан әңгіменің төңірегінде қалып қояды. Ал «Таңғажайып дүниенің» бір ерекшелігі – ұлттың басындағы тарихқа керекті, келешегіне керекті нәрсені батыл айта алуында. Ұлттың аман қалу жолындағы күресін көрсетуінде. Осы жағынан, кітап өзінің мақсатын толық жеткен деп білеміз.


ІІ

Жүсіпбек Қорғасбек: – Сұхбатымыздың жалғасын


«Таңғажайып дүниеге» келтірілген эпиграфтан баста- ғым келіп отыр. Томас Манн деген атақты жазушының пікірін алыпсыз. «Ақын-жазушы кім десеңіз, ол – бүкіл өмірі символға айналған адам. Егер мен өзім жайында айта бастасам, оның замана туралы, жалпы адамзат тура- лы хикаят болып шығарына сенемін. Бұған сенбесем қо- лыма қалам алмаған болар едім». Автор осы эпиргафты келтіре отырып, өзіне серт берген тәрізді. Ол – қаламның серті. «Мен осы жерде ұлттың дертін айтамын. Елдің тағдырын айтамын. Жеке басқа көп бармаймын. Не айт- сам да, ұлттың тағдырына қатыстырып айтамын» деген принципті ұстанғанын байқатқан. Жаңабек, мемуарлық дүниені әңгімелегенде Сәбит Мұқановтың «Өмір мек- тебін» айттық, Қадыр Мырза Әлидің «Иірімін» айттық, Мұхтар Мағауиннің «Менін» келтірдік. Мұндай шығар- ма Зейнолла Серікқалиев ағамыздың да қаламынан туып қалған. Рамазан Тоқтаров та шет-жағасын бастап кетті. Кейбір жазушыларымыздың күнделігі мемуар сияқтанып жарық көріп жүр. Герольд Бельгер естеліктерін екшеп-ек- шеп, мемуарлық сипатта жазып жүр. Қалихан Ысқақтың мемуарлық шығармасы әдеби журналда басылып болды, енді кітап болып шығып жатыр. Бірақ, жұрттың арасын-


 


да неше түрлі алып-қашпа әңгіме көбейіп кетті. Ұнатқан, ұнатпаған пікірлер айтылып қалып жатыр. Осындай ме- муарларда айтылып қала беретін оқшау пікірлер туралы не айтасың, Жаңабек?


Жаңабек Шағатай: – Мемуарлық шығармалардың классикалық үлгілерін жаңа айтып өттік. Француз әде- биетін тағы да айналып өте алмаймыз. Мысалы, герцог Сен-Симон мемуарлық шығармаларды өте көп жазған. Негізі өзінің дұшпандарынан өш алу үшін жазған. Өзі жеккөрген адамдарды масқаралаған. Ал біздің қазақ әде- биетінде кезінде тісі батпаған кісілерден кейінірек өш алу қалыптасып бара жатыр. Ол неге олай болды, ол түйіткіл кезінде неге шешілмеді, ол жағы бізге беймәлім. Кейіп- керлердің жаман аты тарихта қалсын дей ме, әйтеуір кек алудың қаруы ретіндей пайдаланып жүргені шындық. Шағын естеліктердің өзінде де іліп қалу, шалып қалу қалыптасып бара жатыр. Мұның арғы жағынан тағы бір мәселенің ұшы шығады. Қазір қазақ әдебиетіндегі сынды қабылдамайтын болдық. Сын айтқан адамды дұшпан, жау көреміз. Үлкен жазушалырды айтпай-ақ қояын, бұл жас- тар арасында байқалып жүр.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Рас, бұл жағы жастардың ара- сында өркениетті деңгейге көтерілудің орнына, жабайы үрдіске айналып барады.


Жаңабек Шағатай: – Оны Дулат Исабековтің өзі де осыдан 3-4 жыл бұрын айтып қалды. «Ойпырым-ай, қазір жастарға сын айтсаң, сені ата дұшпан көреді екен. Жағаң- нан алып, жармасуға дайын тұрады», – деді. Қазір интер- нетте: «Осы алжыған шалдар өлмей, жақсылық жоқ», – деген әңгімелер жүр. «Барып быт-шытын шығарар едім»,



  • дейді әуелі. Олар жоқ кезде де ешкім ешкімнің быт-шы- тын шығармай-ақ өмір сүрген. Сәл ғана сынның өзіне күш көрсетеді. Бұл жаман дағды болып тұр. Егер осы жолмен жүре беретін болса, сын айтылмайды да. Сын айтқан адамның жағасына жармасып, жер-жебіріне жетіп бала- ғаттайды және өзінің кемшілігіне нақты жауап бермейді.


«Беттен алып, төске шауып тұрған» жастар қалыптасып келеді.


 


Жүсіпбек Қорғасбек: – Осы Қадыр Мырза Әлидің


«Иіріміне» байланысты түрлі пікір бар. Бәрі бір-біріне қа- рама-қарсы. Осыған пікіріңді айтшы.


Жаңабек Шағатай: – Шындығын айтсам, Қадыр аға- ның «Иірімі» қазақ әдебиетіне өте керек. Біз бір-бімізді мақтап, астымызға көпшік қойып, өмір бақи тек мара- патпен өмір сүре алмаймыз. Біз шындықты айтып және айтылған сынды қабылдап үйренуіміз керек. Сол мәселе бізде жетпей жатыр. Ал сондай мәселелер мемуарларда айтылғалы бері, әңгіме тіпті көбейіп тұр.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Мұхтар Мағауиннің «Мені» ауызға көп ілікті. Тап осы кітап жөнінде айтылған пікірді алатын болсақ, неше том кітап шығуы мүмкін. Осы


«Менді» мемуарлық шығармаға жатқыза аласың ба?


Жаңабек Шағатай: – Мемуарлық шығармаға жатқы- зуға болады. Мұхтар ағаға бәріміздің құрметіміз шексіз. Осы жерде ешкімге айтпай жүрген құпияларды айтсам да болады. Біз ҚазҰУ-де журфакта оқып жүргенде, Мұхтар Мағауин ҚазПИ-де сабақ беретін. ҚазҰУ-дегі сабақтан қашып, ҚазПИ-дегі Мұхтар Мағауиннің лекциясына ба- ратынбыз. 2-3 ай қатысып жүрдік. Ол кісінің сабақтағы дауыс мәнері, түсіндіруі ғажап дүние. Білім алғанның өзі керемет. Ол ксінің «Мені» қоғамда екі түрлі пікір туды- рып отыр. Шығарма өте талантты жазылғаны ақиқат. Өш- тескендей, кектескендей зілді жақтары да бар.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Ол енді Кеңестің кер зама- нына деген де зіл шығар. Ал мына «Таңғажайып дүние- де» жағдай басқа. Бұл кісілер Алматыда оқып, Қытайға қайтадан барған кезде, «Сандуғашша сайра» деген за- ман басталады ғой. Бірін-бірі әшкерелеп, бірін-бірі жа- мандап, бір параққа жазады-дағы, қабырғаға жапсырып кете береді. Адам өзі барып оқып, соған тездетіп жауап дайындауы керек. Астына түрлі бүкеншік аттар жазып қояды. Бір-бірімен салыстырайын деп отырған жоқпын. Мағауиннің «Менінде» кейбір адамдардың аты аталады. Кейде аталмай, бейнелеп береді. Мұхтар ағамыз атақтан кенде емес қой. Жазғандарының бәрі классикалық дүние- ге айналып кеткен шығармалар. Жазушының атын «Мен» емес, «Менді» жазушының аты сүйреп тұр мұнда. Оны жасырып қайтеміз? Бар нәрсе ғой. «Бұл кісілер не айтып


 


отыр?» деген әңгіме туып қалмасын. Бір нәрсе айтайын. Жаңабектің айтқанына қосылғым келіп отыр. Мағауиннің бүкіл шығармасы ұнағанымен, осы «Мені» маған аса ұнай қойған жоқ. Кеше Мао Цзэдунның мерейтойы ата- лып өтті Қытайда. Қытайда «Мао Цзэдун қандай адам?» деген сауалнама жүргізіліпті. Сол сауалнаманың негізінде мынандай қорытынды шығарыпты: «Келтірген зиянынан гөрі, тигізген пайдасы зор адам» деген. Осы тұрғыдан кел- ген кезде, «Мен» романының зияны тиіп кететін жері бар. Алауыздыққа бастап кететін жері де бар. Ал тұтастай ал- ғанда, ол керек. Сондықтан біржақты болса да осындай жайттардың да айтылғаны дұрыс қой деп ойлаймын. Се- бебі, оның бәрі айтылмаса, бұл заман туралы толыққанды пікір болмайды.


Қабдеш Жұмаділов: Осы жерде бір пікір қосайын.


«Мемуарды кім көрінген жаза алмайды, жазса ұқсата алмайды» дедік. «Жазушының өмірбаяны бай, ғибратты болу керек» дедік. Сосын шындықтан жалтармау, шын- дықты батыл жазу керек. Бұл басты шарты. Осы үшін көптеген жазушылар мемуар жаза алған жоқ. Өйткені, ме- муар жәй сөзге емес, фактіге құрылады.


Жүсіпбек Қорғасбек: – «Таңғажайып дүниенің» шыр- қау шегі бар. Ол автордың еліне қайтып барғаннан кейін оқуға жіберілмей қалып, басына қатер төніп, бір жылдай шойын қорытуға, қара жұмысқа барып, көмір қазып, ең соңында абақтыға қамалып қала жаздап, басына күн туған кезде шекарадан қашып өткені. Онда да өзі ғана қашып өтпей, айналасын қалай ұйымдастырғаны, көш бастап келгені. Міне, бұған қарасаңыз жазушының жеке ба- сындағы әңгіме айтылып отырған жоқ, ұлттың тағдыры, елдің басынан өткерген кезеңдері жайлы айтылып отыр. Мұхтар ағамыздың «Менінің» кем түсіп тұрған жері осы жер. Бұл жерде қабат-қабат оқиғалар жоқ, шырғалаң жоқ. Ұлттың басындағы талайлы тағдыр жоқ. Әрине, Кеңес за- манындағы жағымпаздық, адамдардың бойындағы қалып алып кеткен келеңсіз көріністер жақсы көрсетілген. Тұта- сымен алғанда «Мен» романын қолдауға тұратын шығар- ма дейміз. Онда сыналатындар көп. Соған бола ата жау болып кету деген нәрсені біз ойдан шығарып тастауымыз керек сияқты.


 


Қабдеш Жұмаділов: – Жазушы мемуар жазу үшін ал- дымен шарттарын алдына жазып қоюы керек. Шындық, ғибраттылық, турашылдық жайында жоғарыда айттық қой. Тағы бір шарты – әділдік. Қалам өзімдікі екен деп, өзіңді көтермелеу – серттің бұзылғаны. Өтірік айту, біреу- ге жала жабу талантқа жатпайды. Қалихан досым мемуар жазыпты. Әлі өзім көрген жоқпын. «Сіздердің тұстары- ңызда қандай жанқиярлық болған. Қалихан Мемлекеттік сыйлықты алайын деп тұрып, сізге жол беру үшін комис- сиядан өзінің кітабын қайтарып алыпты. Міне, үлгі бо- латын нәрсе», – деп бір жас жігіт тамсанып отыр. «Оны қайдан оқыдың?» – десем: «Жұлдыз» журналының пәлен- байыншы нөмірінен» – дейді. Үйге «Жұлдыз» келуші еді, тауып алып оқысам, шын мәнісінде солай. Қалекең сілтеп отырып: «Біздің пайдамыз Жұмаділовке көп тиді. Мәсе- лен, менің «Ақсу – жер жаннаты» деген романым 1990 жылы бәйгені алып тұрған жерінде Қабдешке жол беру үшін комиссиядан қайтарып алдым», – депті. Мен мұны миыма сыйдыра алмай, едәуір мәңгіріп қалдым. Мен тірі отырмын, сонда қалай? Тірі адам туралы қалай өтірік ай- туға болады. Иә, 1990 жылы сыйлыққа бірнешеуіміз қа- тар ұсынылдық. Менің «Тағдырым», оның «Ақсу – жер жаннаты» ұсынылды. Сосын екеуіміз кітаптарымызды көтеріп, үкімет үйіне бірге бардық. Жазушалыр одағының протоколдары бар, мәжілістің хаттамасы бар, кітабымыз- дың үш данасы бар... Комиссиясының арнайы бөлмелері бар екен, хатшы қыздар отыр, кеңсенің бөлім бастығы отыр, қабылдап алатын. Екеуіміздің апарған құжаттары- мызды тексерді де, менікін қабылдап алды. «Тағдыр» ро- маны 1988 жылы шыққан. 1990 жылға дәл келіп тұр екен. Қалихандікін олай-былай қарады да: «Қалеке, кешірерсіз, сіздің кітаптың жылы келгенімен, айы келмейді екен», – деді. Ол кездегі тәртіп солай. Белгілі бір айлардың ішін- де шығу керек. «Сіз келер жолы қосылуыңызға болады. Бұл жолы қосыла алмайсыз», – деп кітабын қайтарды. Екеуіміз бірге қайттық. Бұл көктем кезі. Күзде, қазан айының бесінде қаулы шықты ғой. Әлі есімде, ұмытқам жоқ. Сол жылы «Тағдыр» романына мемлекеттік сыйлық берілді. Әдебиет пен өнерге тиесілі бес орынның төртеуі бос қалып, маған, «Тағдырға» ғана берілді. Өзім сол жылы


 


ұсынылған екі адамның өтпей қалғанына өкініп едім. Бі- реуі – Сағи Жиенбаев, екіншісі – Сейдахмет Бердіқұлов.


«Осы үшеуіміз қатар алсақ болмас па еді?» – деп өкінгем. Сөйтіп, «Тағдыр» романы ешкімнің көмегінсіз жеке өт- кен. Ал Қалихан өзін жоғары көтеру ме, әлде өзін адам- шылықтың шыңында көрсетпек пе, ондай нәрсе болған емес. Мен үшін орын босатқаны, «ол үшін комиссиядан шығармамды қайтарып алдым» деуі мүлде өтірік. Мен әлі тірімін ғой. Куә болатын бір адам жер басып жүрсе, қалай өтірік айта аласың? Мемуарда қатты сақ болатын нәрсенің біреуі осы. Өзіңді таразының бір басына қойған кезде, басқаны да пешкі ғып жіберуге болмайды ғой.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Қалихан ағамыздың ол мемуар- лық кітабын мен де қарап шықтым. Үлгі алатын тұстары көп, жазушыларымыз туралы көптеген жақсы нәрселер бар. Бірақ, маған ұнамағаны, кей тұста ғайбаттау сөз ай- тылғаны. Қазір үлкен ақындарымыздың көпшілігі Мұқа- ғали Мақатаевтың әруағымен алысатын болды. Ол кісінің атына айтылып жатқан сөздерді көпсінетіндей. Қалихан ағамыз кітабында Мұқағали ағамыздың пендешілігін тым тәтпіштеп жібереді. Тіпті осы сөздерді біреулердің қайрауымен айтып отыр ма екен, деген күдігім бар. Ма- ған ол жерлері ұнаған жоқ. Сол Мұқағали Мақатаев ту- ралы «Таңғажайып дүниеде» жақсы естеліктер айтылады екен. Алғаш Мұқағали Мақатаев пен Оразақын Асқар, үшеуіңіздің қалай кездескендеріңіз, Шалкөдеге барған кезде Мұқағалимен қалай бірге жүргендеріңіз, жап-жас Мұқағалимен алғаш кездескенде, сіз екі-үш шумақ өлеңін жатқа айтып жіберіп, қатты сүйсініп құшақтағаны, осы- ның бәрі үлгі-өнеге, мұратты нәрселер. Бірақ, аға, осы


«Таңғажайып дүниенің» ішінде де сіз бірталай адамға тисесіз. Мысалы, Оралхан Бөкейдің атына сын айтатын жеріңіз бар. Сосын Зейнолла Қабдоловтың атына айтатын жерлеріңіз бар. Сосын тағы да басқа ақын-жазушыларға да тиісетін жерлеріңіз бар.


Қабдеш Жұмаділов: – Жарайды, жауап берейін. Орал- ханның 1993 жылы «Қазақ әдебиетіне» жаңадан редактор болған кезі. «Үш әріп – үрей ордасы» деген мақала апарып бердім. Сосын Мәскеуге жиналысқа кеттік қой деймін. Ол кезде КГБ-ға ешкімнің тісі батпайды, қазақ тілінде ешкім


 


сынаған емес. КГБ-ның зардабы туралы әлі айтылмаған кез. Мақаланы мен келгенше басыпты. Бірақ «Үш әріп – үрей ордасы ма?» деп, «ма» дегенді қосыпты. Күмәндана- тын секілді. Ертесінде бардым. Мен есіктен кірген бетте, өзі де мінін біліп отыр екен, ыржалақтап орнынан түре- гелді. «Біліп отырмын, не айтатыныңызды. Өзім де сол


«ма» дегенді қосып алып, азап тартып отырмын. Қабеке, мені кешіріңіз», – деді. Арамызда басқа ештеңе болған жоқ.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Фариза Оңғарсынова туралы да бір әңгімелер бар екен. «Облыстық газетте жарияланған өлеңдері үшін бәйге алғанша, Мұқағали Мақатаевқа жол бермей ме?» – дейсіз. Сосын Серік Қирабаев туралы бар.


«Бір-біріне көпшік қойып, қолпаштап сөйлегенде бұлар шебер болып алған» – дейсіз. Зейнолла Қабдолов туралы да бар... Бірталай фамилия бар.


Қабдеш Жұмаділов: – Бар, бар. Мен қазір де сол пікір- демін. Өзің айтқан жаңағы: «Бұл советтік дәуірден жазы- латын эпопеядан ғана кем роман» дегенді Зекең қайдан шығарды? «Бұл сөз Мұқаңды арандатты, керегі жоқ еді. Үлкен әдебиетші болсаң, Мұқаңды жарға неге итересің? Мұқаң осыған түсіп қалды», – деп кінә қойғамын. Бұл – Мұқаң, Мұхтар Әуезов үшін айтылған нәрсе ғой.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Сіз үлкен қаламгер болғаннан кейін жұрттың бәрі оқиды. Үзінділері газет-журналдар- да жарияланды. Ел оқиды, біледі. Сұрайын деп отырға- ным, осындай нәрселер не үшін айтылды? Айтылуы ке- рек пе еді? Мемуарлық шығармада оның қаншалықты қажеттілігі бар. Мысалы, соңғы кезде Несіпбек Айтұлына қатысты жазған мақалаңыздың арты дауға айналып кетті. Газет-журналдарды шулатты. Әлде бұл принципке бағын- ған нәрсе ме? Әлде өзіңіз жаратпаған нәрселер ішке сый- мады ма? Жоқ, әлде қоғамның болмысын, бет-бейнесін ашып көрсету ме бұл?


Қабдеш Жұмаділов: – Өзің одаққа қалай қабылданға- ныңды, оған Мағауиннің шапағаты тигенін айтып жүрсің. Ал мен Жазушылар одағына өтерде, секретариатта мені құлатқан. Он бес адам едік. Он төрті өте шықты, шауып. Қазір сол он төрттің кім екенін айтып бере алмаймын. Бірақ, мен, Құдайға шүкір, келе жатырмын. Сонда күні


 


бұрын дайындалып келіп, арнайы сөз алып сөйлеп, пре- зидиумның он үш адамының жетеуін қарсы қойып, мені құлатқан адам бар. Өміріңде бір емес, екі емес, ылғи аяқтан шалған адамдар бар. Үш кітабым бар сол кезде, біреуі «Көкейкесті» романы. Біреуі «Қаздар қайтып бара- ды» дейтін әңгімелер жинағы. Біреуі «Жас дәурен» дейтін өлеңдер жинағы. Бұл көрнеу аяқтан шалу ғой. Өзіңе қас- тық жасаған адамды неге айтпасқа?!.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Осы жерде бәрібір ішкі бір принцип жатқан болуы мүмкін деп ойлаймын.


Қабдеш Жұмаділов: – Принцип болғанда былай, әлгі кісі бақаларды: «Жалпы арғы беттен келген кісілерді қа- лай болса солай Жазушылар одағына өткізуге болмай- ды», – деп қорқытты. «Бұл жөнінде Қоғам қауіпсіздігі мекемесімен ақылдасу керек», – деген сөзі нысанаға дәл тиді. «Жазушы деген – қоғам қайраткері деген сөз. Шет- тен келгендерге қоғам қайраткері деген атақты қалай бе- руіміз керек?» – деп еді, шалдардың көбі бұғып қалды. Ол кезде Әди Шәріпов бірінші хатшы. Менің өтуіме қарсы емес. Ертеңінде ол тексеріп, қарсы дауыс бергендерді тауып шығыпты. Соның ішінде екі орыс хатшы бар. Иван Шухов пен Федор Моргун. «Өй, сендер Жұмаділовті та- нымайсыңдар ғой, неге қарсы дауыс бердіңдер?» – десе,


«Ой, Әди Шарипович, Әбдіжамил Каримович бір күн бұрын звандады. «Ертең секретариат болады. Бір хал- турщик мүшелікке өтейін деп жатыр. Соған сендер қар- сы дауыс беріңдер» деп өтінді. Сосын белінен сыздық та тастадық», – депті. Болған оқиға, еш боямасыз. Ал енді осы менің тағдырыма байланысты нәрсе ме? Әрине, бай- ланысты нәрсе. Албаты көлденеңнен біреуге жала жауып отырғам жоқ.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Әр ұлттың да тағдырына қа- тысты нәрсе ғой – бұл.


Қабдеш Жұмаділов: – Арғыбеттен жүз мыңдаған адам келді. Соның бәріне күдікпен қарау, сенімсіздік тудыру жақсы ма екен? Тауып айтылған сынды да қабылдаған жөн ғой. Қарсы жақ дәл тауып айтқанда, қазақ: «Ой, тіліңе шоқ түссін» дейді екен. Мойындағаны. Бізде сол қасиет жетіс- пейді. Менің «Қысқа қайырымдар» дейтін этюдтарым бар кітабымның ішінде. Уақытың болса қарап шықшы. Сонда


 


3-4 беттен, оншақты бөлім бар. Соның басында қытай ой- шылы Конфуцийдің мынадай сөзі берілген: «Бір сыннан өтпеген адамды қайтара сынаудың керегі жоқ. Өйткені, адам табиғаты өзгермейді. Және екінші қайтара сынауға адам өмірі қысқа», – деген екен. Бір сыннан өтпеген адам екінші рет те сыннан өтпейді. Осы принципті басына қой- дым да, көңілім қалған бірнеше адамды жаздым сонда.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Қазір газет-журналдардан қыз- ғылықты естеліктер оқып жүрміз. Керек әңгіме айтылып жатыр. Бұл да мемуар ма?


Қабдеш Жұмаділов: – Жоқ, мұны мемуар демеймін. Айырым естелік дейтін жанр бар ғой. Кейде естелік-эс- се деп қоямын. Жалпы бірге өмір сүрген, көрген-білген адамдар туралы жаздым. Мәлік Ғабдуллин туралы, Са- фуан туралы, Хасен Оралтай туралы да жаздым. Сосын бірқақпай, бір сүрінген адамдар да бар ішінде. Несіпбек Айтұлы менің жерлес бауырым. Оның ақындығында дауым жоқ. Ал адамшылығы...


Жүсіпбек Қорғасбек: – Несіпбек Айтұлының жауабын оқыдым. Бір сөзі есімде қалыпты. «Басқалар басқа ауыл- дың адамдарымен айтысып жатса, сіз ініңізбен айтысып жатырсыз ғой» деген сөз жүр.


Қабдеш Жұмаділов: – Өте дұрыс. Мені егер турашыл десең, осы фактіні алып, мақтауыңа болады. «Тура биде туған жоқ» дейді. Оның істеп жүрген істері ішіме сыйма- ды. Жырындылығы, жылпостығы, екі жүзділігі біреудің еңбегін пайдаланып кетуі. Бір ғана фактіні айттым. Дулат Бабатайұлы көңілден өшіп кеткен. Зираты жоқ. Сол зи- ратты мен көп машахатпен іздеп жүріп таптым. Ол кейін теледидарда «мен таптым» деді жүзі жанбай. Бұл жақсы әдет емес. Әйтпесе, ол зиратты кімнің тапқанында тұрған ештеңе жоқ. Бірақ осыдан оның бар болмысы, «кісілігі» көрініп қалды.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Осы мемуарлық шығармала- рыңыз бар, естеліктеріңіз бар. Солардың ішінде сынаған адамдарыңыз көп пе, мақтап, мадақтап, көтермелеген адамдарыңыз көп пе?


Қабдеш Жұмаділов: – Жақсы адамдар көп екен. Со- лардың шарапаты көп тиді. Мені «Қазақ әдебиетіне» қалай жұмысқа алғанын айтайын. Жұмыс сұрап барға-


 


нымда, редактор Қапан Сатыбалдин мені он үшінші ғып тіркеді ғой. Алдымда он екі адам бар. Сосын: «Орыста он үш деген оңған цифр емес, бірақ, біз қазақпыз ғой, хабар- ласып тұр», – деп, қалжыңдап күлді. Он бес күннен кейін барсам: «Әй, бала, сені жұмысқа алайын деп отырмын. Қайда жоғалып кеттің?» – деп мені іздеп отыр екен. Сөйт- сем, қандай принцип ұстаған дейсіз ғой? Жаңағы он екі адамның әрқайсысының соңында екі-үштен «жанкүйер» жүр екен. Маза бермейді, үйіне телефон соғады. Ал сұ- раушысы жоқ – жалғыз мен екем. Сонда Қапекеңнің ұс- танған қағидасы осы. Өзі балалар үйінен шыққан. 1932 жылғы аштықта бір әулеттен жалғыз қалған ғой. Жетім болып өскен. «Осыны алайыншы. Ешкімі де, «крышасы» да жоқ» деген ғой. Бұл менің тікелей тағдырыма әсер етті. Әдебиеттің жуан ортасына топ ете қалдым. Ана жақта бес жыл сүргінде жүріп, кешігіп қалған адаммын. Жолдаста- рым, сабақтастарым озып кеткен. Оларды қуып жетуіме Қапан Сатыбалдин ықпал етті. Ол кісінің ақындығында, басқасында шаруам жоқ. Ал адамгершілігі керемет.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Аға, мен қияңқы сұрақ қойып үйренген адаммын. Бір сұрақ қояын. Жалпы адамдарға, өзіңіздің ортаңызға, тұлғаларға деген көзқарасыңыз қан- дай принциптен туады? Өзіңізге қатысты болған жағдай- дан туа ма, әлде ұлтқа қатысты болған жағдайдан туа ма? Қабдеш Жұмаділов: – Өткенде «Жас Алашта» айтқа- ным бар еді. «Меннің принципім оңай. Төрт амал секілді. Қазаққа не нәрсе пайдалы? Оны қолдау керек. Кімнің ісі болса да. Қазаққа не нәрсе зиян? Оны кім ойлап тапса да, оған жол беруге болмайды, қарсы күресу керек», – де- генмін. Менің принципім осы. Елге, ұлтқа зияны тиетін, адамды аяқтан шалатын, адамгершіліктен аттайтын ха- рамдық атаулыға мен қарсымын. Ұлттың басын қосатын, ұлтқа қызмет істейтін нәрселерді жақтаймын. Осы менің


қағидам.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Сіз қалай ойлайсыз, Жаңабек, мемуарлық шығармаларда тұлғаларымыздың атына, заты- на сын айтқанымыз қалай болады?


Жаңабек Шағатай: – Біз озық әдебиеттен үйренуден қашпауымыз керек. Шындық айтылуға тиісті. Жазушы ретінде жақсы танылған адамның кемшілігі де болуы


 


мүмкін. Жалпы мемуар – субьективті пікірден туындай- тын шығарма. Автордың сол адамға қарым-қатынасы ғана. Тұтас әдебиеттің қарым-қатынасы емес. Сосын біз неге шындықтан қашқақтай береміз? Қоғамдағы ең қауіпті нәрсе – жартылай шындықтар. Шындықтың бір шетін шы- ғарып қойып, екінші жартысын айтпай қалу. Өйткені, ана- ған зияны тиеді, мынадан ыңғайсыз ғой дейміз. Ал одан гөрі ашығын айтайық, сол дұрыс меніңше. Біз болашағы зор халықпыз. Өткеніміз, үлкен тарихымыз бар. Қазақтың бойындағы бір ғана кемшілік – шындықтан қашқақтай беретініміз. Жасқаншақтығымыз ба, жұмсақтығымыз ба, білмеймін. Әйтеуір шындықтан алыстау жүргенді жақсы көреміз.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Бетке айту мәдениеті жетіспе- ген дейсіз ғой. Мемуар деген – барын бар, жоғын жоқ деп, бетке айту ғой.


Жаңабек Шағатай: – Иә, сондықтан мемуар жеке адамның себъективті пікірі болғаннан кейін, қоғамның бағалауы емес, жеке адамның бағалауы деп қана қабылдап үйренуіміз керек. Ал келешегі зор ұлт шындықтан қаш- пауы керек. Ол ағылшындарда да, француздарда да солай қалыптасқан. Мысалы, орыстарда Толстойдың кемшілігін айтады. Пушкиннің де түнімен карта ойнайтынын айтады. Ол туралы анекдоттар да бар тіпті. Ал біз ондайды айт- қымыз келмейді. Ыңғайсызданамыз. Ал оларда кез келген қоғам қайраткерінің кемшіліктері де айтылады, жақсы жақтары да айтылады. Бірақ осы екі ортадан оқырман өзі шындықты екшеп алуы керек. Сол екшеп алу мәдениетін біз қалыптастыруымыз қажет. Оның бір ғана жолы бар. Шындықты айта білу және қабылдай білу мәдениеті.


Жүсіпбек Қорғасбек: – Кілең мәселе шешіп отырған- дай көріну кейде адамды шаршатады. Мемуар деген нәр- се сәулелі эпизодтарымен де құнды емес пе. Осы орайда елдің бәрі білетін, тіпті эстрадалық топтар қазіргі күні де жиі айтып жүрген, көпшілікке белгілі бір әннің мәтінінен үзінді оқып бергім келіп отыр.


Сен маған ыстықсың басқадан,


«Сүйем» деп айтуға жасқанам.


 


Жеткізе алар ма жүректің,


Жасырын, жан сырын жас қалам, – дейді. Мұны кезін- де жазушы Төлеубек Жақыпбайұлы шығарған екен. Ол кісі Қабдеш ағамызбен шекараның арғы бетінде де, бергі бетінде де бірге жүріп, бірге тұрған. Осындай өлеңді жаз- ған адамның бүкіл тағдыры осы мемуардың ішінде бар. Әрбірден соң Төлеубек Жақыпбайұлы үшін ғана кітаптың біраз бетін парақтап шығуға болады-ау деп ойлаймын. Қазір әркімнің атына таңылып кетіп жүрген осы әнді орыс- ша бір әннің әуеніне салып, сол Төлеубек Жақыпбайұлы 1957 жылы сүйген қызынан айырылып қалған кезде шы- ғарыпты. Онда Шәмшінің де, Бейсеуовтың де шыға қой- маған кезі. Төлеубектің әнін ойын-тойларда Алматыдағы бүкіл студент жастар шырқаған. Жастау кезімде «Лашын» деген шымыр жазылған кітабын оқып, мен оны Жұматай Жақыпбайұлының қара сөздегі болмысына ұқсатқам.


Шыны керек, Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дү- ние» ғұмырнамалық романын қолыма алған кезде көңілім- де әралуан күдіктер бар еді. Бірақ, кітапты оқып шыққан- нан кейін тұтастай позитивті бағытта жазылған дүние екеніне көзім жетті. Ұлтқа, елге, ұрпаққа, қаламдастарына жанашырлықпен жазылған шығарма екен деп есептедім. Халыққа, ұлтқа мұндай шығарма өте керек. Жалпы, Қаб- деш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» атты мемуарлық романы кең дүниетанымға бастайтын айтулы шығарма десем, артық айтқандық емес.


Татымды, тұщымды әңгіме айтқандарыңыз үшін сіз- дерге мың да бір рахмет.


 


Әңгімелескен – Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК,

«Алқа» журналы.№ 2,


2014.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу