16.12.2021
  335


Автор: Қабдеш Жұмаділов

БIЗДIҢ БӘРIМIЗГЕ ДЕ ШЫНДЫҚ АУАДАЙ ҚАЖЕТ

«Жас Алаш» газетiнiң бетiнде Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов пен Қара- керей Қабанбай батыр кесенесiнiң шырақшысы


Камал Әбдiрахман «Қаракерей Қабанбай батыр қай- да жерленген?» деген мәселе төңiрегiнде қарама-қай- шы пiкiр бiлдiрген едi. Даулы тақырыпқа қатысты бiз бүгiн тарих ғылымдарының докторы, мұрағатшы Бо- латбек Нәсеновтiң мақаласын жариялап отырмыз.


Камал iнiм!


Сiз сауатты адамсыз. Бiрталай жазушы, тарихшылар бiлмейтiн тарихты, деректердi бiлесiз. Сөзге шеберсiз. Бiрақ Қабдеш Жұмадiлов ағаңның дәл осы жердегi сiздiң пiкiрiңiздiң қате екенiн айтқаны орынды. Өйткенi Қаракерей Қабанбай өмiрiнiң соңғы жылдары (1761 жылдан бастап) бұрын жоңғарлар иемденген жерлерге Бас қолбасшы болып тағайындалған. Абылай ханның бұйрығымен. Сондықтан Қабдештiң айтқанын дұрыс қабылдағаныңыз жөн.


Оны дәлелдеу үшiн сiздiң »Жас Алаш» газетiнiң 12 наурызда жарияланған «Қаракерей Қабанбай батыр қайда жерленген?» атты мақалаңызға толық тоқталғым келедi. Бiр оқыған адамға сiз өте көп деректердi наным- ды етiп берген сияқты көрiнесiз. Әсiресе, архивтерде болмаған, дастандарды оқымаған халық оған сенуi де мүмкiн. Ал бiрен-саран архивтерде болған ғалымдар- дың өздерi де сiзге дәлелдi жауап бере алмайды. Өйткенi сiзге толық жауап беру үшiн Алматы, Омбының мемле- кеттiк архивтерiнде және Мәскеудiң «Ресей Империясы сыртқы iстер министрлiгiнiң сыртқы iстер саясаты» ар- хивтерiнде болып, ондағы құжаттарды толығымен бi- луi керек. Ал ендi сiзде бiрде-бiр архив құжаттары жоқ. Анау жазды, мынау айтты, жыраулар бүй дедi және т.б.


 


дегендерiңiз ешкiмнiң көңiлiне қонбайды. Ал өз басым әуелгiде «Қаракерей Қабанбай батырға Астанадан 30 шақырым жерге ескерткiш орнатыпты» деген хабар- ды естiгенде қуандым. «Атақты батыр атамыз елiмiздi, жерiмiздi қорғау үшiн өмiр бойы аттан түспей кеттi ғой. Ендi ұрпақтары бұл атамызға ескерткiштi әрбiр облыс орталығында, қалаларда орнатса да артық болмас» едi деп. Бiрақ Камал iнiмнiң «Бұл жерде Қаракерей Қабан- бай батыр туды, осы жерге жерлендi» дегенiн естiгенде, ренiш бiлдiрдiм. Камалдың бұл қылығына бiздiң тарих- шылар үндемедi. Өйткенi оны құптағандығынан емес, онымен қарсыласып айтысу үшiн нақты деректерi жоқ болғандығы себептi өздерiн бұл мәселеден аулақ ұста- ды. Ал менде архив құжаттары жеткiлiктi. Сол себептi үн-түнсiз жатқым келмедi.


Сiздiң мақалаңызда дастандарға сiлтеме бар. Онда сiз «Ғылым Академиясында Қабанбай батырға арнал- ған 18 дастан бар» депсiз. Мен неғып оны байқамадым деп осы мақаланы дайындаған кезде әдейiлеп бардым. Ондай дастандар жоқ.


«Дәулетбайдың келiншегi бүй дедi:


Есiл менен Нұраның Арасына сыймаған.


Қайран менiң қайнағам», – депсiз.


Бұл дастан менде бар. Мен әдейiлеп сол дастанды бiрнеше рет қарадым. Онда мұндай жолдар жоқ. Ол дастанда Қабанбай батырдың келiндерi былай деп жоқ- тапты:


– Айналайын атам-ай, Қолыңнан сарқыт жемедiм. Басыңды сүйеп, жан атам, Қолымнан сусын бермедiм, Қолымнан сусын берсем мен Арманым бар дер ме едiм!


Ал сiз айтқан «Есiл мен Нұра арасына сыймаған атам» – деген жолдар жоқ.


Мақалаңызда: «Қазiр кесене тұрғызылған жердiң маңайындағы жұрт бұл жердi «Найман қорым» және


«Қаракерей   Қабанбайдың   ақ   моласы»,    «Қабанбай тауы» – дейдi. Кесене маңы – қалың мола. Қабдеш аға


 


айтатындай, «айдалада шырақшысыз жалғыз» қалма- ған. Молаға 1931 жылы Қабанбай атамыздың тiкелей ұрпағы Қыдырмолда жырау үш түнеп, шырақшы бо- лып отырған Досан ағадан көп әңгiме естiптi» дейсiз. Қарағым-ау, бiрiншiден, ашаршылық жылы қайдағы шырақшыны айтып отырсыз? Екiн¬шiден, Абылай хан, Қабанбай батырдың заманында шырақшы дегендер болған емес. Егер болса, Әбiлхайыр ханның басында болмас па едi? Оның үстiне Ақмола, Атбасар өңiрiндегi халық 1931 жылы аштықтан қынадай қырылып жатқан- да, әр қайсысы өз бастарымен қайғы болған кезде, қан- дай шырақшы, қандай әңгiме? Сiз де айтасыз-ау...


Айтып отырған жерлерiңiздегi сiз атаған жерлер – осы өлкенiң би-болыстары, қыстау иелерiнiң аттары. Бұл өлкенi Арғын: Атығай – Қарауыл, Қарпық; Қыпшақ рулары қоныс еткен. Қабан ауылы – Қабан сұлтанның қонысы. Сiз бүгiнгi орналасқан жерiңiздегi Найман қо- рымы, Қаракерей «Қабанбайдың ақ моласы», «Қабан- бай тауы» және т.б. дегендерiңiзден «бай», деген сөздi алып тастаңыз. Ол Қарауыл руының, Қабан сұлтанның жерi. Сондай-ақ, сiз қоныстап отырған жер 1787 жыл- дары Қанай батырдың да жерi болған. «Қанай шоқы»,


«Қанай тауы», «Қа¬най қорығы» деп те аталған. «Қа- банбай тауының» да болуы мүмкiн, бiрақ бұл Қараке- рей Қабанбай емес. Сiз атап көрсеткен жылдарда бұл жердi Керей, Арғын: Кәрсен, Қанжығалы, Қарауыл және Қыпшақтар мекендегенiн Омбы архивi де тайға таңба басқандай етiп көрсеткен (Қор 1, тiзiм 1, iс 190, 377-бет).


Тағы да мақалаңызда: «Көздерiңiз жеткен шығар, дастандардағы деректер мен нақтылы ғылыми негiз- делген мұ¬рағаттың жазба деректерi бiрдей шықты»,



  • деп өзiңiздi-өзiңiз жұбатыпсыз. Сонда қандай ғылы- ми деректердi айтып отырсыз? Анау айтыпты, мынау айтыпты дегенiңiздi ғылыми дерек деп есептейсiз бе?


«...Қаракерей Қабанбайдың моласы тұрған жер туралы бәрi бiрауызды. Мұны бiр деп қойыңыз!» – деп нығыз- дап, шегелеп тастапсыз. Бiрақ шегелерiңiз бос. Ешқан- дай дәлел жоқ.


 


Дастандарды да дұрыстап оқып, түбегейлеп зерттеу қажет болар.


Зейнолла Сәнiк, Бейсенғали Садыханның «Қабанбай батыр» деген кi-табында бiрнеше жыраулардың өлең- дерi бар екен. Қабанбай ең соңғы рет жауға аттанғанда Қубас атпен адамша серттесiптi:


Мен келдiм жетпiс сегiзге, Сен келдiң отыз сегiзге, Сенен басқа ат мiнсем, Мiнгендей болдым өгiзге. Сенi мiнiп шапқанда, Тартынбай түстiм теңiзге. Ей Қубасым, Қубасым, Қабанбай өлдi дегiзбе!


Қарсы келген жауыма, Қара тамақ найзамды. Қадамасам маған серт!


Және осы кiтаптың 28-бетiнде авторлар былай дейдi:


«...Қабанбай өзiнiң бүкiл ерлiк өмiрiн жоңғар бас- қыншыларына қарсы ұрысып, қазақ ұлтының азатты- ғы жолындағы күреске арнаған. Сондықтан да ол өз кезiнде асқан абыройға ие болған. Қабанбай жырында


«Алакөл», «Тоқта», «Барлық», «Емiл», «Қызыл түз»,


«Күркiлдек» (Сайран бойында Күркiлдек деген жер бар, сол болуы мүмкiн), «Көк бастау» (қай жер екенi белгiсiз), «Аттың тауы», «Қабанбай шоқысы», «Текес» т.б. жер аттары бар. Бұған қарағанда ол Шыңжаң өңiрiн- де көп жүрген секiлденедi. Кейбiр аңыздарда Қабанбай Үрiмжi өңiрiне де келген. Батыр өз кезiнде Барқытбел- ден (қазiргi Тарбағатайды кезiнде солай атайды екен) асып келiптi...». Мiне, Қытай елiнiң тарихын жақсы бiлетiн Зейнолла Сәнiк пен Бейсенғали Садықан 1991 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Қараке- рей Қабанбай» атты кiтабында осылайша ой түйiптi. Бұл авторлардың айтқаны жобаға келедi.


Қаракерей Қабанбайдың тұсында Шәуешек қаласын Қытаймен сауда iсiн жүргiзуге қолайлы болу үшiн Абы- лай хан салғызған. Омбы архивiнде «Батыс Сiбiрдiң (Қазақстанның да – Б.Н.) тарихына байланысты хро- нологиялық уақиғалардың тiзiмi (1524-1880 жылдары)


 


берiлген. Онда былай делiнген: «1761 жылы Чугучак қаласы Абылай ханның ұсынысымен қолайлы жерге қайтадан салынып, Емiл өзенiнiң жанындағы жазыққа көшiрiлдi. Бұл қаланы Пекиннiң үкiмет орны шекара- лық қала деп белгiледi».


Сiз тағы да өз мақалаңызда былай дейсiз: «Жоғары- да топономикаға тоқталдық. Самсаған Қаракерей, оның iшiнде сыбан мен мұрындар. Оған қоса М.Тынышбаев


«Матайдың ұраны – Бөрiбай. Бөрiбай батыр ұлдары- мен бiрге 1740-45 жылдары Сарысу бойында, Атбасар өңiрiнде жерленген дегендi жазып кеткен».


Ал мұнымен не айтқыңыз келдi? Күллi қазақты сауат- сыз дегiңiз келе ме? 1741-43 жылдары қалмақтар тағы да бас көтерiп соғысты. Ол қырғын соғыста Найман руы ғана емес, тiптi Қыпшақ, Арғын, Уақ, Керей, Ал- бан, Дулат, Жаныс, Шапырашты, анау батыстан 12 ата Байұлының, осы жер¬дiң негiзгi иелерi Арғынның бар- лық руларынан мыңдаған азаматтар қаза тапты. Олар өзi туып-өскен жерiн, ата-қонысын ғана емес, қазақ елiнiң тұтастығы үшiн күрестi. Ал олардың әрқайсы- сын туған жерлерiне емес, қаза тапқан жерiнде жерледi. Сiз бұл деректi осы жердi «Қалың Найманның жерi» деп айту үшiн келтiрiп отырсыз. Ал М.Тынышбаев аға- мыз өте дұрыс айтады. Бөрiбай батыр ұлдарымен қаза тапқан жерiне жерленген. Оны ешкiм де жоққа шығара алмайды.


1760 жылдың 10 сәуiрiнде Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигi князь Иван Ораков пен аудармашы Яков Гуляевтердiң жазған хаты бар. Олар былай дейдi:


«...Жоңғар жерiнде әртүрлi рулардан құралған 10 мыңдай әскердiң басшысы болып тағайындалған Най- ман руының старшыны Қаракерей Қабанбай қалмақ- тарды тұтқындауға келiп, осы жердiң иесi болды. Абы- лай Найманның Қаракерей Қабанбай батырын қазақтың байырғы жерi Қашқария, Үрімжi, Жаркентке тағы бас- қа да жоңғар жерiне бас старшын етiп тағайындады. Ендi бұл жерлерге өз руын тегiсiмен көшiрудi бұйыр- ды. Абылай Қабанбай батыр арқылы Төлеңгiт қырғызы Райымбек батырға да өз елiмен жоңғар жерiне көшiп


 


баруы туралы бұйрығын жiбердi...» (Қор 1, тiзiм 1, iс 88, 2730-бет).


Мiне, жоғарыдағы хаттан Қаракерей Қабанбай ба- тырдың 1760 жылдардан бастап жоңғар жерiнде болға- нына көзiмiз жеттi. Оған дейiн де Ақмоланың маңайын- да тұрған емес.


Камал Әбдiрахман мырза былай дептi:


«...Десек те сөзiмiзге қайта оралайық. Егер Қара- керей Қабанбай батыр 1760 жылдары Қабдеш ағамыз айтқанындай Алакөлге жете қонса, нелiктен ол маңда бiрде-бiр топономикалық атау Қабекеңе байланысты- рылмайды. Қабекең тұрсын, ол кiсiнiң аталары да бұл жақта тумаған. Батырдың аталарының да – Байжiгiт, Мәмбеттiң, Қожақұлдардың туған, өлген жерi –Арқа, Нұра бойы. Бұған жоғарыдағы деректер дәлел».


Халық жырында Қабанбай батыр Текестiң батысын- дағы Әтеке жырыққа аттанарда:


«Жағасын қара Емiлдiң жағалапты,


Аттарын ер Қабанбай тағалатты..» – делiнiп келiп,


«Барлық пен Қызыл тұзды басып» өткендiгi айтылады. Демек, Барлық, Тарбағатай, Орқашар, Майлы, Жайыр, Бұратала, Iле өңiрлерi Қабанбайдың көбiрек жүрген жерлерi болып саналады.


«Қалайда өз ойымды дәлелдеуiм керек» деген ниет- пен: «Қабанбай ұрпақтарының соңы Арқадан 1857 жылы қозғалыпты», – дейсiз. Сiз «Арқа» деп Ақмола маңайын айтып отырсыз. Ал Шығыс Қазақстан, Семей, Тарбағатай жағы Арқаға жатпай ма?


Бiрiншiден, Қаракерей Қабанбай батыр 1760 жылда- ры қалың Қара-керейлердi жоңғар жерiне көшiрiп апар- ған. Ол туралы хатпен таныстыңыз. Тiптi 1822 жылы қазақ жерiнде хандықты жойғаннан кейiн 1824 жылдап бастап 6 округ құрылған. Сол жылдары Ақмола, Атба- сар өлкесiнде Найман рулары болған жоқ.


Омбы архивi мен Алматы архивтерiндегi Ақмола об- лысындағы болыстардың тiзiмiнде Найман руларының бiрде-бiр болысы жоқ екендiгi тайға таңба басқандай көрiнiп тұр.


1831 жылы Омбы архивiндегi (қор 338-тiзiм, 1, iс 539) құжаттарға сәйкес Ақмола округында мынадай ру-


 


лар болған: Жабике – Керей, Сайдалы – Алтай, Тама, Курлеуiт – Қыпшақ, Арғын - Алеке – Байдалы – Алтай, Ар¬ғын – Теналы – Қарпық, Қорсалы – Керей, Арғын


– Алысай – Алтай, Арғын – Инелi – Тунгатар, Арғын


– Айтқожа – Қарпық, Корсары – Керей, Арғын – Төрт- күл – Алеке – Байдалы – Алтай, Арғын – Қанжығалы, Тунғатар, Есенбақты – Керей, Қарпық, Арғын – Мойын



  • Алтай, Құ¬лан – Қыпшақ, Уақ, Құ¬латай – Қыпшақ (Архивте орысша кейбiр рулардың атын сәл өзгертiп берген. Мен Архивте қалай берiлдi, солай жеткiздiм

  • Б.Н.). Бiрде-бiр Найман руының аты аталмаған. Ма- қалаңызда тағы да мынадай сөздер бар: «1830 жылы барлық Қаракерей Найманның 70-80 пайызы Арқада, Каракерей Қабанбайдың Ақмоласы маңында отырды... Ендеше, батыр осында, өз жұртының ортасында жер- ленбегенде, ендi қайда жерленедi?».


Сiз айтқан жылдары бұл өлкенiң негiзгi халқы мына- лар болған. Қараңыз:



  1. Хұдайберды – Атағаевская, Андогульское отделе- ние.

  2. Рысай – Атагаевская волость.

  3. Кочкулы – Атагаевская.

  4. Джантелы – Атагаевская.

  5. Баимбет – Атагаевская.

  6. Атыгай – Багышевская.

  7. Ятаган – Багышевская.

  8. Майли – Басташевская (Сары баласы, Қадыр, Баба- лан, Сүйiндiк – Қара, Елтоқ.

  9. Қайлы Атагаевская (Қарабалык, Донгес, Аминбет).

  10. Жайлыбай – Қарауыл (Дүсен, Майли, Кучек, Кульдей, Серiк, Қаратума, Соқыр).

  11. Құттымбет – Қарауыл (Нақай, Малай, Аю, Күней). Илықбай – Байқошқар - Қараульская.

  12. Ноғай – Караульская.

  13. Қылды – Караульская.

  14. Курсары – Кереевская.

  15. Балта – Кереевская.

  16. Исень-Бақты – Кереевская.

  17. Уваковская волость.

  18. Киргизовская волость.


 


Мiне, көрiп отырсыз, бiрде-бiр Найман руы жоқ (Ол кезде Ақмола өңiрi Көкшетау округiне кiрген және бо- лыстардың атауы рудың атымен аталған).


Ал ендi осы архивте Көкпектi, Аякөз округтерiнiң 1826-30 жылдары 90 пайызы Наймандар екенi көр- сетiлген.


Сонымен бiрге сiздiң мақалаңыздағы мына бiр сөз- дерiңiзге таңғалмауға болмайды. «1824 жылы Нұра өзенiнiң бойындағы Ақымбет ауылында барлық най- мандардың түселi өттi». Бейсенғали Садыханның жаз- ба мұрасында кездесетiн нақ осы деректi Омбының мұ- рағатынан таптық. Онда: «В году 1824, по реке Нура прошел съезд всех найманов» делiнедi. Одан кейiн 1848 жылдары өттi деген де сөз бар» – дейсiз.


Барлық Найманның Нұра өзенiнiң бойындағы ауыл- ға жиналды дегенi шындыққа жатпайды. Өйткенi Ресей 1822 жылы хандықты жойды. Әрбiр рулардың жанында әскерлер тұрды. Олар руларды тырп еткiзген жоқ. Он- дай жиынға мүмкiндiк берген жоқ. 1824 жылы екi ок- ругтiк приказ құрылды. Оның бiрi – Көкшетау, екiншiсi



  • Қарқаралы. Ондай съезд өткiзу үшiн Омбы губернато- рынан рұқсат алу керек. Ол бермейдi мұндай рұқсатты. Найман рулары бұл кезде Үш Бұлақ (1833 ж., Көк- пектi), Аякөз (1831 ж.) округтерiнде көбiрек шоғырлан-


ған-ды.


Камал iнiм! Сiз сауатты адамсыз. Жоғарыда айтыл- ғандай, 1824 жылдан бастап алдымен 2, одан кейiн 6 округтық приказдар құрылғанын жақсы бiлесiз. Әр округке бiрнеше болыстар бағынғаны белгiлi. Ал бо- лыс құру үшiн сол рулардың саны 500 отбасынан асу мiндеттi шарт болатын. Сiз айтып отырған саныңыз рас болса, осыншама қалың ел 22 мың шаңырақ – аз дегенде, 6 болыс ел. Ал архивте сақталған құжатта Көк- шетау округiнде де, 1831 жылғы есеп бойынша Ақмола округiнде де бiрде-бiр «Найман» болысының аты жоқ. Болыстардың тiзiмiн бiреулер әдейiлеп сiздiң ойыңызға қарсы жасап қойған жоқ қой.


Сiз «Қаракерей Қабанбай батыр 1770 жылдары қай- тыс болғанға ұқсайды. Оны зерттеп жатырмын» депсiз. Сөйтiп, архивтегi тарихи шындықты мойындамай тағы


 


да бiр жалған пiкiр¬лердi халық арасында таратпақшы- сыз. Оның қажетi жоқ. Қаракерей Қабанбай 1769 жылы қаза болған.


Мақалаңызда тағы да бiр пiкiрiңiздi шындыққа балап жұртты сендiру үшiн Манаш ағамызға сiлтеме жасап- сыз. Онда былай дегенсiз: «Қазақ тарихының бiлгiрi, тарихшы, академик Манаш Қозыбаев Қаракерей Қа- банбай батырдың кесенесiне үш рет келдi. Үнемi адам көп кезде ат басын тiрейдi. Сол ғалымның былай дегенi бар: «...Бұл – Қаракерей Қабанбай батырдың моласы, кiм не десе де, шындық осы. Қалғандары, әсiресе жазу- шылар айта бередi. Сенiкi дұрыс».


Бұл арада сiз қазақ халқының ардақты ұлы, iрi тарих- шы Манаш Қозыбаев ағамызды араға салып отырсыз. Манаш аға өз елiн, өз жерiн сiз бен бiзден артық бiл- ген. Жоғарыдағы мен көрсеткен болыстардың тiзiмiн, халық санын Манаш аға жатқа бiлетiн. Мен ол ағамен таныс болдым. Сан рет кездескенмiн. Сол себептi Ма- наш аға: «Бұл Қабанбай батырдың моласы» деп айтқан емес. Айтуы мүмкiн де емес! Ғалым аға Қабанбай ба- тырдың Қаракерей Найман, Керей, Уақтарды жоңғар жерiне көшiргенiн бiлетiн. Сiз монумент салғызғанға дейiн неге бұл мәселе көтерiлмедi? Өйткенi Қабанбай атамыз, шындығында, Кабдеш Жұмадiлұлы айтқан жерде жерленген.


Сiз шырақшысы болып отырған бұл кешендi ешкiм де алып таста, қират, құрт деп айта алмайды. Келiп- кетiп жатқан адамдар Қаракерей Қабанбайдың бұл жерге жерленбегенiн анық бiледi. Келешек ұрпақ та түсiнедi. Халық Қаракерей Қабанбай атамыздың аты әр жерден белгi берiп, тарихта мәңгi қалуын тiлейдi. Ата- мыздың атын кеңiрек жаю үшiн орнатылған мұражай деп түсiнемiз. Сол себептi де отырған орныңыз орнық- ты болсын. Келешекте шынайы патриот-азаматтар осы ескерткiштi мәңгiлiк сақтай бiлсе деген тiлегiмiз бар.


Елiмiзге қорған болған Бөгенбай батыр, Қабанбай, Шақшақ Жәнiбек, Бөкенбай батыр, Есет, Сырым, Иса- тай, Махамбет, Наурызбай, Толыбай, Бикелдi, Жасы- бай тағы басқа да менiң еңбектерiмде аталған 2000-дай батырларымызды «Бiздiң рудың, жерiмiздiң батырла-


 


ры» деп меншiктемей, қазақ халқының батыры деуiмiз керек. Неге Абылай ханға, Әбiлхайыр ханға, аталған батырларға анау Ақтау, Атырау, Қызылжар, Семей, Қарағанды, Алматыда, тағы басқа да қала, ауылдарда ескерткiштер орнатпаймыз? Исатай, Махамбет неге Атыраудiкi? Қабанбай батыр неге тек Семей-Өске- мендiкi? Шақшақ Жәнiбектiң аты неге аталмайды? Мiне, осындай сұрақтар көптен көтерiлсе де, ешкiм ес- кермей келедi.


Қазақтан 1580-1757 жылдар аралығында неге 2 мың немесе 3 мың батыр шықпайды? Кейбiр тарихшылар, жазушылар, тағы басқа да «зиялылар» «Неғылған қап- таған батырлар?» деп таңғалады. Тiптi мазаққа айнал- дырады. Небәрi 4 жылғы Отан соғысында (1941-45)


«Кеңестер Одағының Батыры» бiрнеше мың болды емес пе?!


Мiне, осындай жағдайларды ескерiп, Қазақ жерiндегi барлық қалалардағы кеңес заманында берiлген көше- лердiң атын қазақ халқының дана билерi (менiң есебiм- ше, 2 мыңға таяу) мен батырларының (олар да 2 мың- нан асады) атын тарихқа мәңгiлiк қалдыруымыз керек. Бұл үшiн арнаулы комиссиялар құру қажет. Батырлар мен Билердiң алаңын осы Қабанбай бабамызға орна- тылған монументтiң жанынан орнатса, нұр үстiне нұр болар едi. Мәскеуде «Ұлы Отан соғысына арналған му- зейде «Батырлар залы» бар. Неге бiз осындай музей,


залдар аша алмаймыз?


Камал iнiм! Ренiш бiлдiрме! Менiң ешқандай терiс ойым жоқ. Қазақ халқына, болашақ ұрпаққа шындық ауадай қажет.


 


Болатбек НӘСЕНОВ, тарих ғылымдарының докторы, мұрағатшы. "Жас Алаш" №29 (15799) 16 сәуір, сейсенбі 2013.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу