16.12.2021
  355


Автор: Қабдеш Жұмаділов

АДАМДАРДЫ АЛДАРСЫҢ-АУ, АЛЛАНЫ ҚАЙТЕСІҢ?

(Шырақшының көпірме көп сөзіне қысқаша жауап)


 


Мен таяуда газетте жарияланған («Жас Алаш» 28-ақпан, 2013 ж.) этюдтар топтамасында басқалар туралы да айта келіп, Ақмоладағы


Қабанбай кесенесінің шырақшысы болып жүрген Ка- мал Әбдірахманов жайында бір-екі абзац тоқталғанмын. Бұл – проблемалық ғылыми мақала емес, адамдардың мінез-құлқына құрылған шағын этюдтар-тұғын. Онда К. Әбдірахмановтың орайдан пайдаланғыш пысықты- ғы сөз болған. Енді, міне, жанамалай айтылған сол сын пікірге кесене шырақшысы газеттің тұтас бір бетін алып жатқан жауап жазыпты. Әрине, газетке материал керек. Осындай ел құлағын елең еткізер дау-дамай туып жатса тіпті жақсы. Сондықтан көлем жағынан таразы басын тең ұстауды қажет деп санамаған.


Қайтсын-ай, Камал Әбдірахманов та өзін ақтайтын, әрі өзіне жарнама жасайтын мұрсатты құр жібермей ба- рын салыпты. «Ұрының арты қуыс» деген сөз бар. Өзі- ме қай тараптан қауіп төнеді, ініме кімдер су құяды деп күтіп отыратын болса керек, неше жыл бойы жиналған қорғаныш қаруларын түгел-ақ жұмсапты. Оңай-ма, жалған кесене – оның жеп отырған наны, ойда жоқта басына қонған бақ, құйылып жатқан сутегін байлық.


Бірақ «зуылдақ Камал» (Талдықорғандық жерлестері оны осылай атайды) жүйелі білім алмаған дилетанттар- дың әдетінше бірді айтып бірге кете береді. Есіл-дерті



  • осы кесенені қорғау, қолбасы Қабанбайдың сүйегі осында жатқанын дәлелдеу.


Мен осыдан он шақты жыл бұрын осы кесене жайын- да «Қолбасы Қабанбай Ақмолада жерленбеген», «Мен білетін ақиқат», «Ақмолада жерленген қай Қабанбай» атты бірнеше мақала жазғанмын. Бірақ ол сөздерді тың- дайтын құлақ болмады... Ал осы жолы шырақшының


 


маған күмән келтірген бейберекет сөздерін елемей, үнсіз өткізе салайын деп бір оқталдым да, оқырман қауым «жазушы неге үндемей қалды? Мұнысы Камал- дың пікірін мойындағаны ма» деп қалмауы үшін, тағы да қолға қалам алдым.


К. Әбдірахманов мақаласының тобықтай түйіні: Қа- банбай батырдың сүйегі басқа жерде емес, дәл осы, өзі шырақшы болып, мал тауып отырған кесенеде жер- ленген. Олай болатыны, Найман ұлысы 1810-жылға дейін Аягөз өзенінен ары аттап баспаған. Наймандар ғасырлар бойы Арқада, Есіл-Нұра өзендерінің бойын- да жүрген. Керек десеңіз, 19-ғасырдың ортасына дейін шығыс аймақта бірде-бір найманның моласы жоқ. Қол- басының өзі түгіл, арғы бабалары Бәйжігіт, Мәмбет, Қожақұлдар да осы Арқа жерінде туып өскен. Ал, Қа- банбай батыр өлген кезде бүкіл шығыс өлкені қытайлар басып жатқан. Сондықтан, қолбасының Алакөл бойын- да, Тоқта-барлықта өмір сүруі, онда жерленуі мүмкін емес дегенге саяды. Келтіретін айғақ-дәлелі – әркімнен үзіп-жұлып естігені, қаңғыбас орыс жансыздары жазып қалдырған қауесеттер, қайта жаңғыртып өзінше жазып алған әркімнің жоқтау жырлары...


Мынадай болғанда, К. Әбдірахмановты ақтап, оның айтқандарын расқа шығару үшін қазақ тарихын қайта жазуға тура келеді. Ол үшін 1750-жылдан басталатын жоңғарға қарсы ең соңғы азаттық ұрыстарын болмады деуіміз керек. Ақырғы азаттық күресін қай бағытта бас- таймыз дегенде, қолбасылар Қабанбай мен Бөгенбай арасында қайшылық туғаны мәлім. Бөгенбай алғашқы жорықты алыстан жау іздемей-ақ, іргедегі Барқытбел, Барлық өңірінен бастайық дегенде, Қабанбай азаттық ұрысын түстіктегі Сыр бойынан, Түркістан мен Таш- кенттен бастауды ұсынады. Қолбасының олай ұйғаруы- на бірнеше себеп бар еді. Біріншіден, Сарыманжы ноян- ның уланып өлуіне байланысты айыпталып, жоңғарлар тарапынан қуғынға түскен Төле биді құтқару керек еді. Екінші себеп: қарақалпақ батыры Қылышбектен хат келген. Ойраттар Сыр бойындағы жоғарғы қара- қалпақты Жоңғарияға көшіріп әкетуге кірісіп жатқан көрінеді. Сол көшті тоқтату керек. Үшінші себеп: Төле


 


бидің шақыруы бойынша, ұлы жүзге хан болу мақса- тында Түркістан маңына көшіп барған Барақ сұлтанға Қарнақтың жоңғарға сатылған қожасы Наурыз мерекесі кезінде у беріп өлтіргендігі. Қалайда сол қожаны тауып жазалау керек.


1752-жылы екі түмен қолмен түстікке аттанған Қа- банбай-Ханбаба (Ханбаба – Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы алдында, міне, осындай үлкен міндеттер тұр еді. Бұл аттаныс ойдағыдай сәтті аяқталды. Осын- дағы ұлы жүз жасағымен бірлікте Ташкенттен ойрат қолын қуып шығып, бұрын Халдан Серен атынан осы өлкеге он екі жыл бек болған Төле биді өз тағына қайта отырғызды. Бұл жолы, әрине, қазақ хандығының аты- нан. Қазақ әскері Шыршықтан өтіп бара жатқан қара- қалпақ көшін қуып жетіп, оларды жоңғар бодандығы- нан құтқарып қалды. Ал, Барақ сұлтанға у берген қожа Узкентте әкім болып отыр екен. Оны да ұстап әкеліп, Төле бидің үкімімен асау аттың құйрығына байлап жі- береді.


Келесі 1753-жылғы аттаныс Жетісу өңіріне қаратыл- ған. Шұрайлы Жетісу, әсіресе Алатау бөктері – ойрат- тардың әбден бауыр басып орнығап алған жері бола- тын. Жерін жайлайды, тұрғын халқынан алман-салық алып тұрады. Талғарда, Қаскелеңде күрелер (дін орта- лығы) салып, қазақ жастарынан келең-кешіл дайындап жатқан кезі...


Алматы маңында шешуші шайқастар болды. Жек- пе-жекте жоңғардың Шамалхан батырын Наурызбай сайып түсірсе, Қаскелеңді Қабанбай жер жастандыра- ды. Ал, кейін Малайсары асуы атанып кеткен аймақта қиян-кескі ұрыс болып, жоңғар нояны Батыр Убашы- ның бір түмен қолы осы арада ажал тапты. Нәтижеде, сол жылы жазда Жетісу жері жоңғарлардан тазарады. Бұл оқиғалар «Дарабоз» романында толық баяндалған- дықтан, бұл арада оны қайталап жатқым келмейді.


1754-жылғы ең соңғы шешуші шайқас Барқытбел, Барлық, Алтай өңірінде болғаны мәлім. Қабанбай мен Бөгенбай әрқайсысы екі түмен қолмен, бірі Барқыт- белдің күнгейі, екіншісі теріскейі арқылы шығысқа қа-


 


рай жылжыды. Осы жорықта шығыс аймақтар жоңғар- дан біржола азат болды. Әйгілі Үмбетей жыраудың:


Қозы Маңырақ, қой Маңырақ Арасы толған көп қалмақ.


Қалмақты қуып қашырдың, Қара Ертістен өткізіп, Алтай таудан асырдың.


Қабанбай мен Бөгенбай Ақшәуліге қос тігіп,


Ауыр қол жиып алдырдың, Қалмаққа ойран салдырдың, Арғын менен Найманға


Қоныс етіп қалдырдың, – деп жырлайтыны осы ке- зең. Үмбетей – Бөгенбай батырдың аталас туысы. Соң- ғы жорықтарға бастан-аяқ қатысқан адам. Ал, шырақ- шы Камалдың ойынша осы соғыстардың бірде-бірі болмаған сияқты.


Найман мен Керей ұлыстары жоңғардан босаған ата- мекендеріне жеткенше асық еді. Оның үстіне, Абылай ханның бұйрығы бар, жаудан тартып алынған қоныс- тарды құр қоймай, қазақ ауылдары қолма-қол көшіп түсуі керек. Осы қағида бойынша, 1760-жылдар Ке- рейлер Алтай өңіріне, Наймандар Қара Ертіс пен Бар- қытбелдің шұрайлы алқаптарына барып алған болатын. Ал, 1765-жылдан бастап император Сяньлунның рұқ- сатымен қазақ рулары бұрынғы жоңғар жеріне көшіп өте бастады. Сонда, Камал Әбдірахмановтың тарихи пәктімен санаспай, «1810-жылға дейін наймандар Ая- гөзден ары аттап басқан жоқ» дегені қай сандырақ? Онымен қоймай, «19-ғасырдың ортасына дейін бұл өлкеде қойылған найманның молласы жоқ» дейді-ау беті бүлк етпестен. Арада жарты ғасырға жуық ойрат- қа орын босатқаны болмаса, Қара Ертіс, Алтай, Бар- қытбел дегеніңіз сонау Найман хандығынан бері осы ұлыстың атамекені емес пе? Өзгесін былай қойғанда, қолбасы Қабанбайдың соңында екі түмен Найман қолы жүр. Азаттық жолындағы ұрыста солардың біразы жау оғынан мерт болды. Құрбандардың мүрдесі осы өлкеге жатпағанда көкке ұшып кетті дейсің бе... Сонау 13-ға- сырдағы Күшлік хан заманынан бері Алтай мен Бар-


 


қытбел өңірінде найманның сүйегі шашылып жатқан жоқ па!


Біздің төртуыл тайпасының ұраны – Баймұрат. Қол- басы Қабанбайдың үзеңгілес серігі болған мыңбасы ба- тырлардың бірі. Сол Баймұраттың атасы (менің онын- шы атам) Бұқа батырдың сүйегі Ақсүлт ауданы жерінде, Қарғыба өзені аңғарындағы «Бұқа шатқалында» жатыр. Шешелеріміз батыр бабаның атын тергеп, Зеңгібаба- ның еркегін «зор мойын» деп әспеттеуші еді. Бұқа ба- тыр, мөлшермен, наймандар жоңғардан ығысып, Арқа- ға қарай ауарда 1680-жылдар шәйіт болса керек. Теңсіз ұрыста жау қоршауында қалып, он неше ойрат найзаға шаншып, тік көтеріп алғанда, өнебойынан қан саулап тұрып: «Атаңа нәлет, ит қалмақ, өлсем де сендерден найза бойы биік тұрмын ғой!» деген екен, жарықтық.


Ал Баймұрат батырдың өзі 1765-жылдар Барқыт- белдің күнгейі – Құлыстайға көш бастап барып, төр- туылдың Ақбарақ, Ақболат аталарын сонда қоныс- тандырып, 1780-жылдар қайтыс болған екен. Сүйегі Шәуешектен алпыс шақырым ары Күжібай аңғарын- да жатыр. Бала кезімізде үлкендерге ілесіп барып, үй орнындай тасбейітке талай мәрте құран оқығанымыз бар... Ал, 1962- жылы, сәуір айында Шәуешек маңын- дағы жеті зәңгі (болыс) төртуыл атажұрт Қазақстанға қопарыла көшкенде, Баймұрат батырдың тікелей ұрпа- ғы Нұрыш ақсақал Күжібайдағы қыстауынан көшпей қалып қойды.



  • Ел-жұрттан ажырамай бізбен бірге көшіңіз! – деп ақыл сала барған ағайынға, Нұрыш:

  • Mұнда менің бабам жатыр ғой. Бабамның моласын құлазытып қалай иесіз қалдырамын?! – деген екен.


Осының бәрі күні кеше көзбен көріп, қолмен ұсаған дүниелеріміз. Әдебір қаңғыбас саяхатшының қаламына ілігіп, қағазына түспеген екен деп, осы пәктілермен са- наспауымыз керек пе?!


Шырақшы Әбдірахманов әлдебір жаңалық ашқан- дай наймандардың ұзақ жыл Арқада тұрғанын әлсін-әлі қайталай береді. Бұл баяғыдан белгілі жәй емес пе. Иә, наймандардың он жетінші ғасыр соңында жоңғардан ығысып, уақытша Арқаға қоныс аударғаны рас. Демек,


 


жауға жерін берсе де, елін бермеген. Бұл туралы Қожа- берген жырау «Елім-ай» дастанында:


«Бұл қырғын жаппай барша қазаққа ауды, Наймандар тастап көшті Алтай тауды... Сауыр, Сайқан тауларын ойрат алды,


Қаңырап Тарбағатай, Зайсан қалды» деп жырлаған екен.


Ал, Жетісу мен түстік аймақтардың тұрғын халқы да жау қолында қалғаны белгілі. Бірақ заман бір қалыпта тұра ма, ұлы қонтайшы Халден Серен өлген соң (1745), ойраттың бағы қайтып, оның есесіне қазақтың дәурені жүре бастайды. Бұл – Абылай хан атқа қонған кезең. 1748-жылы мамырда Сарысуда өткен хан кеңесінен кейін Қолбасы Қабанбай Найман көшін шығысқа қарай бұрады. Жол-жөнекей Тоқырауын, Балқаш, Аягөзден өтіп, әдейі сол кездегі ойрат күрендерінің іргесін баса, Мыңбұлақ, Қарақол өңіріне келіп жайғасады. Ата қо- нысын аңсап келген наймандар бірден бейбіт тірлікке кіріседі. Әйгілі Ақтамберді жырау (1768-жылы өлген) Қарақол өзенінен қырға су шығарып, егін сала бастай- ды. «Ақтамберді тоғаны» аталған сол арықтың ізі әлі бар. Жыраудың ұрпақтары ды осы аймақта тұрады. Бертінге дейін Қытай басып жатқан аймақта наймандар қалай егін салып жүр? Ол жағын «оқымысты» шырақ- шыдан сұрағанымыз жөн шығар.


Жоғарыда айтқанымыздай, Абылай бастаған қазақ әскері 1754-жылы қазақ жерін жоңғардан түгелдей азат етті. Барқытбел, Алтай бағытындағы ақтық шайқастар оңай болған жоқ. Қалбада, Шорғада, Маңырақта жан алып, жан беріскен ұрыстар болды. Небір боздақтар азаттық жолында құрбан болды. Мәселен, Тобықтыны Ырғаздан Шыңғыстауға бастап келген Мамай батыр осы соңғы шайқастардың бірінде қаза тапты.


Абылай әлденеге асығулы еді. Оның қазақ жерін 1754-жылға дейін жоңғардан тазартып үлгіргені мұн- дай жақсы болар ма! Сірә, ол шығыстан әлдебір апат- тың төніп келе жатқанын сезген де болар. Қазақ жері азат болысымен, арада бір-екі жыл өтпей ішкеріден аттанған Маншынның 60 мың қолы алдыңғы жеңіліс- тен әлі ес жиып үлгірмеген ойраттарды қанға бөктіріп,


 


жайратып салды. Егер қазақ жерінің шығыс қапталын бұрынғыдай жоңғар басып жатса, ол аймақтар қосақ арасында бірге жұтылып кетер ме еді, қайтер еді.


1756-жылы қытай әскерінің қазақ жеріне ішкерілеп енетін жөні жоқ еді. Оларға жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың қазақ хандығына қашып келуі сылтау болды. Жоңғарды оп-оңай күйреткен маншың генерал- дарында қазақтың тамырын басып көру, егер тіске жұм- сақ болса, ойрат қашқындарымен біре жұта салу ниеті болды ма, кім білсін.


Қытай әскері бұл жолы Ілені бойлап, тағы бір тобы Жоңғар қақпасы арқылы екі бағытта келіп, Балқаш бо- йында түйісіпті. Аз емес, генералдар Дардана және Ха- дахи бастаған қырық мың қол... Ал, Әмірсана – Абылай- мен анттасқан анда. Шығыс салтында андаға қол ұшын бермеу – ауыр күнә. Амал жоқ, Әмірсананы қорғап, қы- тайдың қалың әскерімен соғысуға тура келген. Бірақ, сенесіз бе, көк темір құрсанған қытай әскері сол жолы қазақ қолынан оңбай жеңілді. Қазақ батырлары ежелгі дала ұрысына салып, қытайларды елсіз, сусыз бетпақ- қа бастап барып, әбден сілікпесін шығарды. Оқта-текте Әмірсананың қылпын көрсетіп қойып, белгісіз бағытқа ұзата берді. Түн ішінде ұйқыда жатқанда құйындай со- ғып, қылышпен турап, ат тұяғымен таптап кетеді. Мініс аттарын қуып әкетіп, жаяу қалдырады. Әскердің біра- зы шөлден қырылады. Ақырында алғашқы қырық мың шеріктен жиырма мың қалғанда, Маншың генералдары Дардана мен Хадахи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болады. Аш-аламан қалың әскер мінгесіп-ұшқасып, күзге қарай Құлжаға зорға жеткен. Император Сяньлун іс мәнісін бірден түсінсе керек. Екі генералды да орны- нан алып, ақсүйектік титулдарынан жұрдай етіпті.


Ал келесі жылы қазақ жеріне келген Маншың гене- ралдары Жаухой мен Пуде бетегеден биік, жусаннан аласа, өздерін өте сыпайы ұстады. Өткен жылдың ащы сабағы естерінде болса керек. Оның үстіне, Император Сяньлун оларға: «Қазақтар ежелден тәуелсіз ел екен. Ортақ жауымыз жоңғарға қарсы олар да ұзақ жыл соғы- сыпты. Сондықтан қазақ хандарымен соғыспай, бітім- ге келуге тырысыңдар» деп қадағалап тапсырған-ды.


 


1757-жылғы Аягөздегі «Мамырсу келісіміне» қытайлар бірен келе қойған жоқ, осылайша маңдайы бір рет тасқа тиген соң амалсыз келген. Осыдан кейін екі ел арасын- да ерсілі-қарсылы елшілер алмасып, шын мәнінде тату көршілік қатынас орнады. 1758-жылдан бастап қытай- лар Үрімжіде, Құлжада, Шәуешекте қазақтар үшін сау- да базарын ашты.


Ал «Қазақтың шығыс аймақтарын қытай басып алыпты» деп сөз таратқандар – Абылай саясатын көре алмаушылар. Орыстың қаңғыбас кезбелері мен жансыз- дары жағдайды қасақана бұрмалап көрсетуге тырысты. Рас, алғашқы жылдар Әмірсана әлі қолға түспей тұр- ғанда, қазақ даласында содан басқа да қашқын ойрат- тардың көп екенін ескеріп, қытай жағы шекара шегіне таяу үш-төрт жерден қарауыл постарын ұстаған. Оның бірі – Ақсуаттағы Қарғыба бойында, екіншісі – Үріжар- да, тағы біреуі Алтынемілде тұрды. Бірақ арада төрт- бес жыл өткенде, Әмірсананың орыс шегінде өлгені анықталып, қазақ жері қашқын ойраттардан тазарған соң, қытайлар қарауыл постарын жинап алып кетті. Кейбір дүмше тарихшылар мен шырақшы К. Әбдірах- мановтың «1810-жылға дейін шығыс аймақтарды қы- тай басып жатты» деп даурығып жүргендері осы. «Егер Абылай хан мен қолбасы Қабанбай қайтыс болған кезде шығыс аймақтарды қытай басып жатса, кейін ол жер- лерді кім азат етті екен?» деген сұрақ ойларына неге келмейді екен сол шіркіндердің.


Осындай ой салатын пәктілер көп-ақ. Мәселен,


«Мамырсу келісімінен» кейін арада бір жыл өткенде Үрімжіде ашылған базарға Қабанбай батыр алғашқы- лардың бірі болып, 1758-жылдың 19-қыркүйегінде өз атынан 300 жылқы өткізгені қытай шежіресінде таңба- ланған. Қабанбай сол жылқыны қай жерден айдап бар- ды екен? Сонау Арқадағы Есіл бойынан ба, әлде шекара шегіне жақын Барлықтан ба? Әсілі, Қолбасыны бұл са- парға: «сенің қонысың Үрімжіге бір табан жақын ғой. Жұрттың көңіліндегі күдікті сейілтіп, осы сауданы өзің бастап бер» деп ұсыныс жасаған хан Абылайдың өзі бо- латын.


 


Немесе ана жылы Қабанбай қолынан мерт болған қырғыз манабы Әтеке жырақтың ұлы Қарабек Қолбасы ауыр науқас дегенді естіп, қас жауының көзі тірісінде әкесінің кегін алмақ болып, бес жүз қолмен аттанады. Бұл тарихта болған оқиға. Сонда, Қарабек Қабанбайдың қонысы қай жерде деп аттанды екен? Қырғыз жерінен небәрі бір аптада жететін Барлыққа ма, әлде айшылық алыс жол Есіл бойына ма? Мұндай сұрақтарға шырақ- шы Әбдірахманов жоламайды. Одан гөрі қайдағы бір шиырға салып, жұртты адастырғанды қолай көреді.


Әрине, Қарабек қырғыз шегінен шыққан соң жолай Нарынқол, Шонжыны басып, одан Сайрам көл, Қы- зылтұзды кесіп өтіп, Барлықтағы Қабанбай ауылына тіке тартқан. Салтатты кісіге бір апталық жол. Алайда, қара ниетті Қарабектің жолы болмайды. Науқасы жанға батса да, әлі де күш-қуаты сарқылмаған қолбасы «жау кеп қалды» дегенде орнынан атып тұрып, сауыт-сай- манын киіп, жасанған жаудың алдынан шығады. Қарт батырды түсіріп кетпек болған Қарабектің ойы іске ас- пайды. Ақыры, қырғыздың алкеуде батыры Қабанбай найзасынан мерт болады. Серіктері Қарабектің сүйегін артып әкетіп, Алатаудағы Санташ асуының күнгей беті- не қойған екен. Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл сапарын- да Қарабектің моласын көргенін айтады.


«Егер Қабанбай батыр Барқытбел мен Барлықта өмір сүрсе, сол өңірде қолбасыға байланысты жер аттары неге жоқ» дейді шырақшы Камал бірдеңе білетін кісіше. Бұл да – жұртшылықты адастырудың амалы. Әйтпесе Барқытбел мен Барлықта аттап бассаң қолбасының ізі сайрап жатыр. Аягөзден – Ақсуатқа қарай жүрсеңіз, жо- лортада «Қубастың кезеңі» тұр. Қабанбай Қубас атты осы өңірдегі Мұрын жылқысынан тапты деген сөз бар. Одан ары жүрсеңіз алдыңыздан «Майлы шат» шыға- ды. Шығыс аймақты жоңғардан толық азат еткен соң қазақ әскері осы арада той жасап, құрбандарға құран бағыштаған. Қымыз сел боп ағып, ет төбе боп үйілген сол орын «Майлы шат» атанған. Марқакөл маңындағы Алтайдың бір биігіне шығып тұрып, қолбасы Қабанбай


«Міне, азаттық соғысы осымен бітті» деп найзасын ша-


 


нышқан екен. Сол жер қазір «Қабанбай шоқысы» атала- ды. Құлжа төңірегінде «Қабанбай тауы» бар.


Барлықтан басталып, Алакөлге құятын Теректі өзенінің аңғарында «Түйебасы» аталған биік жартас бар. Қолбасының талай жорықта қосын артқан ақбас атаны дәл осы арада өліп, басы сол жартасқа қойыл- ған. Қабанбай балалары жылдағы әдетпен Тоқтаның сыртындағы Қызылтұз көліне барып, көп түйемен тұз әкеле жатады ғой. Дағдылы ақбас атанға тұзды бастыра артса керек. Бірақ Теректіден Майлыға қарай көтеріл- генде жаңбыр жауып кетеді де, табанының бүрі тозған кәрі атан қия бетте тайып жығылып, сол жерде белі үзіліп өлген екен, жануар. Қолбасы тұзға барған бала- сы Байтоққа қатты ренжіген екен дейді. Ақбас атанның денесін өз қолымен арулап көміп, басын бүркіт ұя са- латын осынау жалама жартасқа қойдырады. Жігіттер белдеріне арқан байлап, төбесінен түскен деседі...


Жалпы, қолбасы Қабанбайдың қойылған жері тура- лы біздің пікіріміз өзгерген жоқ, сол баяғы қалпында. Ұлы қолбасының асыл сүйегі өзі өсиет еткендей Жоң- ғар қақпасында, Тоқта тауының сыртындағы Сарыбел- де жатыр. Оны енді саясатқа қажет екен деп, жалған кесене Камал сияқты пысықтардың кіріс көзі екен деп, Ақмолаға көшірер жайымыз жоқ.


Өткен аптада бір жазушы маған телефон соқты:


–Ойпырай, мына шырақшы жігіт құдайдан қорықпай ма, аруақты сыйламай ма?! – дейді таң-тамаша болып. Мен күлдім:



  • Кешегі коммунист, кешегі атеист құдайдан қорқа ма, аруақты сыйлай ма? Оларға ақша керек... Ақша! – дедім әлгіге. – Бұл күнде кейбір адамдар ақша үшін ана- сын сатуға бар.


Әйткенмен, өтірік өрге басып тұрған мына заманда сол құдайсыздарды да құдайға тапсырғаннан басқа амал жоқ. Арыз айтып, әділдік сұрайтын биліктің түрі анау... Құлқынның құлы пысықтар амалын тауып, адамдарды алдағанмен, Алла-тағаланың қаһарынан құтылмас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу