16.12.2021
  689


Автор: Қабдеш Жұмаділов

АРУАҚТЫҢ «АТАТЫНЫ» РАС ПА?

(қаз-қалпында)


 


Мен, әсілі, хал-қадырымша басымнан сөз асыр- майтын адаммын. Өзімді біреудің жәбіріне, қорлауына беріп қойғым келмейді. Ешкімнің


де маған кезелген кекесін сөзі жауапсыз қалған емес. Көңіліме қиғаш келген жағдайды кімнің де болсын беті- не айтып саламын. Өктемдікке, астамшылыққа, қиянат- қа төзбейтін сол баяғы мінез. Біреулер «мұндай мінезбен дұшпаныңды көбейтіп аласын ғой» деп жанашырлық та- нытады. Енді біреулер бұған керісінше «қыжыл мен ыза- ны ішке бүкпей, бірден сыртқа шығарып, айтып тастай- тыныңыз жақсы екен. Осы күнге дейін инфаркт алмай жүргеніңіз соның арқасы» дегенді айтады. Әсілі, осы екі сөзде де шындықтың жұрнағы жоқ емес-ау.


Алайда дүниенің кілті менің қолымда тұрған жоқ қой. Өз кезінде айтылмаған сөз де, қайтпаған қарымта да жетіп жатыр. Кейде жағдай жар бермейді, енді бірде батылың жетпей қалады. «Айтпаған сөздің атасы өледі» деп бұрыңғылар тегін айтқан ба. Дер кезінде айтылмаған сөз – атылмаған оқ сияқты. Немесе сенің денеңе дарып, тұрып қалған оқ тәрізді. Ол енді тұлабойды сыздатып, сені өкінішпен өртейді. Әсіресе, жазықсыз жәбір көрген кезде... Міне, қазір де бастан кешкен сондай бір сәт еске түсіп отыр. Оны да ішке бүкіп қалмай жұртшылықпен бөліскенім дұрыс шығар.


Бұл адамды орта жастан асқан егделер жақсы біледі. Ал жастар жағы білмеуі де мүмкін. Өткен ғасырда Алма- тыда Асқар Тоқпанов атты режиссор өмір сүрді. Жасын- да Мәскеуде оқып білім алған алғашқы кәсіби режис- сорлардың бірі. 1940-жылы Мұхтар Әуезовтың «Абай» пъесасын сахналаған, Қалибек, Серке, Елубай, Шәкен сынды ұлы актерлермен бірге жасасқан, өнер институ- тында ұзақ жыл сабақ беріп, жастардың әлденеше буы-


 


нын тәрбиелеген белгілі ұстаз. Өзі орып сөйлейтін, мі- незі сәл шаркездеу, ешкімнің беті-жүзіне қарамай, өзіне жақпаған адамдарды ызасырықтан өткізіп, жер-жебіріне жететін бірбеткейлеу кісі еді. Сірә, билік басындағы өзі- не туыс ұлықтарды арқалана ма, кейде тым тәйтік сөй- леп, асыра сілтеп жіберетін кездері де болушы еді.


Құдуанда, анау-мынауды жақтыра бермейтін осы адамның ойда жоқта маған ықласы ауғаны. Онда менің университетті бітірген соң «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеп жүрген кезім. Бір күні жазушылар одағы- ның фоесінде Асекең мені көріп қалды да, «Әй, бала, сәл кідірші» деп, қасына шақырып алды.



  • Сенің сырт келбетің жас кезіндегі Әуезовтен айны- майды ғой. Қайда туып, қайдан шыққан адамсың? – деп тергей бастады.


Мен Асекеңді сырттай білетінмін: жөнімді айттым.


Шекара асып келген өмірбаянымды да жасырғам жоқ.



  • Бәсе, өзге бір топырақта туғаның көрініп тұр. Бірақ, есіңде болсын, жазушылардың бірі Әуезов туралы пъеса жазса, сені Мұхаңның рөлінде ойнатам! – деді Тоқпанов. Актер болуды армандап жүрген мен жоқ, режиссордың сөзіне күліп қана қойғанмын. Бірақ, таныс-білістігіміз жалғаса берді. Кездесе қалғанда, Асекең «Бала Мұхтар, хал қалай?» деп ықлас білдіріп тұрады. Театрда, ас пен тойда жиі кездесеміз. Осы өткен жылы ғана Талдықор- ғандағы Ескелді бидің 300 жылдық асына барғанда, Асе-


кеңмен бір үйге түсіп, табақтас болғанымыз тағы бар.


Қаратал өзеннің бойында асқа деп, әр ауданнан әкеліп, киіз үй тігілген екен. Біз, марқұм Сәкен Иманасов, тағы бір топ жігіттер Алакөл ауданы тіккен үйлерге түстік. Дұрысы, бұрыннан таныс аудан басшылары қонақтарды бөлгенде, бізді өздеріне жаздырып алған секілді.


Киіз үйде алғашқы шай-шалаңымызды ішіп, жәйбара- хат отыр едік. Бір мезгілде үй иелері аяқ астынан қарба- ласып қалды. Аудан басшыларында өң-түс жоқ, сасқа- лақтап жүр.



  • Ау, не болды, жай ма? – деп жөн сұрасақ:

  • Енді қайттық? Асқар Тоқпановты да біздің ауданға бөліпті! – дейді әлгілер.

  • Е, келсе несі бар, үй кең, сиямыз,– дестік біз.


 



  • Үйге сиямыз-ау, бірақ Тоқпанов – мінезі тым шатақ кісі дейді ғой. Бабын тапсақ жақсы, бірдеңеден мүлт кет- сек...


Сол арада Асекеңнің жоғарғы ұлықтар алдындағы бет-беделі, өткен жылы бір ауданға барғанда көңіліне жақпаған аудан басшысын қолма-қол орнынан алды- рып тастағаны әңгіме болды. Құдай сондайдан сақтасын деңіз... Осыларды айта келіп, аудан әкімі маған қолқа салды:



  • Қабеке, сізге бір өтініш: ауыл ағасы ретінде, Тоқпа- новты сіз қарсы алсаңыз қайтеді? Мына дастарқанды да сіз басқарыңыз. Ал біз сіздерді тік тұрып күтетін бола- йық.

  • Жарайды. Тоқпанов қанша қаһарлы болғанымен кісі жемейтін шығар... Тілге қалса сөйлесіп көрейік! – дедім мен Асекеңмен бұрыннан таныстығыма арқа сүйеп.


Әлден уақытта қасында бір ғана атқосшысы бар Асе- кең де келді. Бәріміз жапырлай түрегеліп, құрметті қо- нақты төрге шығардық. Жайғасып отырған соң жаңағы келісім бойынша, екі жақты бір-біріне таныстырып, дас- тарқанды ары қарай басқаруға тура келді:



  • Асеке, Ескелді бабамыздың асына үй тігіп, қызмет көрсетіп отырған Алакөл ауданына хош келдіңіз! – дедім сөз бастап. – Осы облыстың терістігінде Алакөл дейтін көл бар. Сол көлдің жағасында Ескелдімен замандас Қа- банбай батыр туып өскен Тоқта-Барлық деген қасиетті жер бар. Мына Сәкен екеуміздің туған ауылымыз... Асе- кеңдей қадірлі қонақтың бабын тауып, қызмет көрсетіңіз деп, жігіттер дастарқан тізгінін маған ұстатып отыр. Қарсы емессіз бе? – дедім төрдегі Тоқпановқа қарап.

  • Бәрекелде! – Асекең разы боп қалды. – Бұрын сені


«бала Мұхтар» деуші едім. Қазір жә деген жігіт ағасы болдың ғой. Міндетіңді атқара бер!



  • Алакөлдіктер! – дедім сонан соң аудан басшыларына қарап.–Ауылдарыңа кімнің келіп түскенін сезіп отырған шығарсыңдар. Салымдарыңыз бар екен, төрлеріңе ұлы Мұхтар Әуезовтың іні досы, қазақ мәдениетінің көзі тірі абызы, күллі қазақ актерлерінің ұстазы – Асқар Тоқпа- нов келіп отыр. Бүгінгі құрмет те, сый-сияпат та Асеке- ңе арналады.


 


Бұл сөзге анау-мынауға жібімейтін Тоқпановтың разы болғаны сонша:



  • Алда, айналайын-ай, сені ұлы Мұхаңа жайдан- жай ұқсатпаған шығармын, мен қазір жылы сөзге зәру емеспін ғой. Бірақ «Абыз» деген сөзді бірінші рет сенің аузыңнан естіп отырмын! – деді көзіне жас алып.


Сонымен, не керек, бас-аяғы үш күнге созылған ас ойдағыдай жақсы өтті. Ал, Алакөл ауданы Асекеңе ат мінгізіп, шапан жауып, разы-хош қып аттандырды...


Осының бәрі былтыр ғана, 1993-жылы болған оқиға ғой. Ал арада бір жыл өткенде, бәтуасыз Асекең жалт бұрылып, өзгеше мінез танытқаны.


1994-жылдың желтоқсаны. Алматыдағы Әуезов теат- рында жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 60 жасқа толған мерейтойы өтіп жатты. Салтанатты жиыннан кейін Сәкен пъесаларынан үзінділер көрсетіліп, соңын- да театрдың үстінгі қабатындағы банкет залына көтеріл- генбіз. Сәкеннің Көкшетаулық жерлестері жылқы сойып әкелген екен. Дастарқанда қазы-қарта, жал-жая жағы жеткілікті көрінеді.


«П» әрпі тәріздес құрылған дастарқанда жүзден ас- там адам отыр. Төрдің төбесіңде үш ақсақал: бұрынғы министрлер кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов, Асқар Тоқпанов және Тахауи Ақтанов... Әшімов бұрын мұндай жиынға келе бермеуші еді, Көкшетаулық жерлесі Сә- кеннің құрметіне әдейі келген секілді. Төрде үш жүздің үш ақсақалы отырғаны қай жағынан да жарасып тұр. Ал, біз – Әкім Тарази, Қалихан Ысқақов және мен сол үшеуіне қарама-қарсы отырдық.


Театрдың сол кездегі директоры, әрі көркемдік же- текшісі Тұңғышбай Жаманқұлов асаба болып, дастарқан басқарып жүр. Ол ең алдымен Бәйкен Әшімовке, тағы тағы біреулерге сөз берді де, алдыға бас келген кезде, Асқар Тоқпановтан бата сұрады. Қолымызды жайып, бата күтіп, біз отырмыз. Бірақ Тоқпанов бата берген жоқ. Оның орнына асаба Жаманқұловты жерден алып, жерге салып, сыбады-ау келіп. Оған бұрыннан сақтап жүрген қыжылы бар ма, немесе «алғашқы тосты маған бермей, менен жасы кіші Әшімовке бердің» деп қитығып қалды ма, Тұңғышбай байғұстың ит-терісін басына қаптады.


 



  • Осы сен – кайдан шыққан немесің, ей? Өзің «ұлы жүз үйсінмін, оның ішінде дулатпын» дейтін көрінесің. Қайдағы дулат, қайдағы үйсін саған қор болған?! Садаға кет сен дулат атымнан! Өзің түріңе қарашы: түріксің бе, шешенсің бе, кавказдан қаңғып келген біреусің ғой, дәу де болса... Саған Әуезов театрын басқартып қойған қан- дай ақымақ, ей, шата неме?!


Қойшы, әйтеуір Жаманқұлов байғұсқа айтпағаны қалмады. Менің тіпті Тұңғышбайға жаным ашып кетті. Алла-ай, бір пенде қой демейді-ау тантық шалға. Тоқ- пановтың ұстамасы бар деуші еді, сірә, сонысы ұстап қалған болар... Жиналған жұрт қолын жайып әлі отыр. Ал менің мұндайда шыдамай кететін әдетім. Қиянатқа, әділетсіздікке төзбейтін сол баяғы мінез. Әлде сол сәт Тоқпановпен арадағы көптен келе жатқан сыйластықты арқаландым ба, кенет:



  • Асеке-ау, бата берсеңізші! – деген сөзді қалай айтып қалғанымды өзім де айғармай қалдым. Сол-ақ мұң екен, Тоқпанов мен жаққа жалт бұрылды да:

  • Әй, найман-хайуан, артыңды қысып, жайыңа отыр!



  • деді маған шақшия қарап.


Сол сәтте мені қандай сезім билегенін білмеймін. Ашу ма, ыза ма, «Осынау парықсыз, тәйтік шалға жөн айтып нем бар еді» деген өкініш пе, тұла бойымды сұрапыл бір күш биледі де, алдымдағы бокал толы суды Тоқпа- новтың бетіне шашпақ болып кезене бердім. Шашатын едім, дәл осы сәтте қарсымда отырған Бәйкен Әшімов:



  • Қабдеш, айналайын, сабыр-сабыр! – деп қасындағы Тоқпановты кеудесімен жаба берді.


Амал не, су шашылмады. Мен өзіме разы болмай, ыза- ға булықтым да, банкетті тастап, далаға шығып кеттім. Содан бірнеше күн бойы өзіме-өзім келе алсамшы. Түн- де кірпік айқастырмай дөңбекшіп шығам. «Құлсың, жа- сықсың, әншейін қатарда жүрген бишарасың! – деймін өз жанымды жегідей жеп. – Тымқұрса өз атаңның аруа- ғын қорғай алмадың ғой. Кезеніп тұрып, қолындағы суды неге шашпадың ақымақ шалдың бетіне?! Бәйкен Әшімов араша түсті ғой. Түсе берсін, екеуіне қатарынан шаш сол суды! Әшімов әулие болса, қасындағы алжы- ған шалды неге тәртіпке шақырмайды? Он бес жыл үкі-


 


метті басқарғанда ел есінде қалатын не тындырды сол кісі. – деймін маған кедергі жасаған адамды қарадай жазғырып. – Кешіре гөр, Найман-ата! Сенің аруағыңды көрінген қыртқа қорлатып жүрген дәрменсіз ұрпағыңды кешіре гөр!»


Уақыттың жазбайтын жарасы бар ма, біраздан кейін бұл оқиға да ұмытыла бастаған. Арада екі-үш ай өтті ме, өтпеді ме, бір күні газетті ашып қарасам, ішкі бетте қара сиямен қоршалған некролог-азанама жүр. «Қазақ мәде- ниетті орны толмас қазаға ұшырады. Қазақстанның ха- лық әртісі, көрнекті режиссор Асқар Тоқпанов дүниеден өтті» депті қаралы хабарда.


Осы жолдарды оқығанда мені қандай сезімде болды деп ойлайсыздар? Осыдан небәрі екі ай бұрын өзімді көп кісінің көзінше қорлаған адамның өліміне қатты қайғырдым десем, оным өтірік болады, әрине. Соны- мен бірге, қуана да қойғам жоқ. Біреуге өлім тілеу адам- шылыққа жатпайды ғой. Тым күпірлікке бой алдырып, асып-тасып кеткен пенденің алдында қашанға осындай бір зауал күтіп тұратыны анық.


Осының бәрінен бұрын менде сол сәт таңданыс сезімі басым болды. Осының алдында ғана жас әйел алып, жетпіс жасында бала сүйген, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей жүрген Тоқпанов ауырмай-сырқамай аяқ асты- нан неге мұрттай ұшты? Күнәлі пендені атаның аруа- ғы, шынымен-ақ, атып жыққаны ма?! Сірә, солай шы- ғар. Бүгінгі ұрпағының дәрменсіз, міскін халін көріп, Найман шал қаһарына мінген болды ғой. Өзін қорлаған күнәкар пендеге ажал жебесін шірене тартып қалған ғой, шамасы!


Осыны ойлаум мұң екен, менің көңіліме әлдебір сенім ұялағандай болды. Болашаққа деген сенім. Алла-ай, кей- де атаның аруағына сиынуды да ұмытып кетеміз. Біреу- лердан қорлық-зорлық көріп, жаның қатты қиналғанда көмекке келіп, қол ұшын беретін аруақ бар екен ғой! Ешкімнің жәбір-жапасына, қиянат-қорлығына төзбейтін миллион ұрпағы бар ұлы аруақ!


2013 – шілде.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу