15.12.2021
  481


Автор: Жібек Ысқақова

Мереке құтты болсын әжелер, аналар, арулар

Құтты болсын мерекең келіп жеткен,
Гүл көктемнің күндері нұрын төккен.
Сегізінші наурыздың мерекесі ,
Күн сыйласын өзіңе күлімдеткен.

Әр күніңе қуныш, бақ сыйласын,
Самал желі көктемнің тербеп лайым.
Шаттана бер қуанып, бақ таба бер,
Көңіліңде лайым жоқ боп уайым.

Қуаныштың базары тарқамасын,
Отбасың мен жақының аман болып.
Мерекеден мерекеге жете бергін,
Тыныш, бейбіт лайым заман болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу