Өлеңдер ✍️

  15.12.2021
  1025


Автор: Саттар Ерубаев

Бұл не деген бақыт еді

Бұл не деген бақыт еді
Қуаныштың ордасы:
Он жыл өлең жазыпты.
Жас ақынның жолдасы.
Ғасырлар өтіп кеткен бе,
Күн батып таң атқанша?
Достым он жыл жүріптік
Мен Шиллермен шай ішіп,
Гетемен шылым тартканша.
Мұндай бақыт, құрметті
Басқа дәуір көрген бе?
Достым тойын тойлапты,
Мен бір - екі қате істеп,
Одан аулақ жүргенде.

1936




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу