Өлеңдер ✍️

  15.12.2021
  145


Автор: Саттар Ерубаев

Колхоз базарында

Анау тұрған сарымның
Пердесін ашшы, құрдасым,
Пердесін ашпа, құрдасым,
Қаладан шығып азырақ
Тарланның асшы қырқасын.
Қырқадан ассақ құрдасым,
Біздің колхоз жайлайды.
Ақын айтқан қоңыр жел
Ойғанда өрбіп ойнайды.
Қырқадан ассаң, құрдасым,
Құлаққа шу кеп қонады
Керексіз шыққан көп айқай,
Жау бөктеріне жоқ болады.
Қырқадан ассаң, құрдасым,
Ойғанның көркі ажары
─ Кезексіз шыққан көп айқай
─ Біздің колхоз базары.
Базарда көп екпінді
Еңбеккүнін тапқандар
Ауқатты жаңа өмірдің
Қақпасын қатты қақпаңдар.
Үй ішімен біреу жүр,
Кемпір, шал және бала екен, жырлар
Авансын алған табыстан
Мың сомдары бар екен.
Қызыма киім етем деп,
Қызыл барқыт іздеп жүр.
Ылғи ғана керексіз
Товарларға кез кеп жүр.
Ауқатты жаңа тұрмысқа
Колхозшылар беттепті.
Көрмеген бұрын тонарды
Енді аламыз деп қатты.
Бірақ сауда орыны өзгерісті ескермей,
Керекті барлық товармен,
Қамтамасыз етпепті.
─ Ақын - деді бір дауыс
─ Көңілін қойған өлеңге!
Лирикалы жырларын
Қайратты айқай ірі іс,
Зор табыстар қасында
Нәзік, ұқсас еменге,
Барқытты өлең жазып бер,
Сат базарда, жаңағы
Ауқатты болам дегенге!.,
Берер ем жазып, құрдасым,
Өлеңнен - барқыт тамаша,
Егер де жаңа өмірдің,
Керегіне жараса.
Бірақ мен жаным, құрдасым,
Жоққа қолды созбаймын,
Меруертті өлеңмен
Жүректі ғана қозғаймын.
Дәуіріме күш керек
Бекерге күшін шығармайын,
Бекерге азып, тозбаймын,
Жүрекке - жігер өлшеймін,
Жүрекке - барқыт өлеңім,
Жыр болмас жырды жазбаймын.
... Анау тұрған сағымның
Пердесін ашты, құрдасым,
Пердесін ашпа, құрдасым,
Қаладан шығып азырақ
Тарланның асшы қырқасын.
Қырқадан ассаң, құрдасым,
Біздің колхоз жайлайды,
Ақын айтқан қоңыр жел,
Ойғанда орғып ойнайды..
Бірақ мен, құрдас, ақындай
Көрінгенді «құшпаймын».
«Бар кетікке тығын боп»
Пайғамбар боп ұшпаймын.
Мен тек қана өмірдің
Жүрегімен ұстаймын.
Ке - кетігін өмірдің
Толтыруға ат салып,
Көргенімше нұсқаймын.
Өзіме де күш керек
Қаупі керек жүректің
Жүректің жігері - жырларын
Жасамақпын, құрмақпын.
Соғуымен жүректі
Жыр балғасын ұрмақпын.
Қатарласып дәуірмен,
Теңестіріп бойымды
Флангте тұрмақпын.

1933




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу