15.12.2021
  504


Автор: Балаларға арналған әңгіме, оқиға

Марапат

Бұрынғы замандарда 3 кісі жолда жаңбырдың астында қалып бір үңгірге кіріп тығылады. Сол сәтте үлкен бір тас құлап үңгірдің аузын жауып қалады. Іштерінен біреуі мынадай ұсыныс жасайды: 
   “Келіңдер бәріміз ең жақсы әрекеттерімізді айтайық. Раббымыз осы жақсылықтарымыздың берекетімен бәлкім бізді бұл бәледен құтқарар.”
   Сөйтіп біреуі былай деп бастайды: 
    “Менің бір жеке кәсібім, қолымда бірнеше жұмысшым бар. Бір жұмысшым түске таман келіп басқалар істегендей мөлшерде істеді. Оған да басқаларға бергендей ақша бердім. Бір жұмысшым бұған ашуланып ақшасын алмай кетіп қалды. Мен оның ақшасымен бір ұрғашы бұзау сатып алып бақтым. Біраз жылдардан кейін бір қарт кісі келіп бұрынғы жалақысын алмай кеткен жұмысшы екенін айтып ақшасын сұрады. Мен де көбейген сиырлардың барлығын оған бердім. Я Раббым, мен бұл істі сенің разылығың үшін жасадым. Осы жақсылығым үшін бізді бұл бәледен құтқар!..”
      Тас кішкене ашылып, жарық көрінеді. Екінші кісі былай жалғастырады: 
    “Мен өте бай едім. Халық қиналған кезінде менен ақша сұрайтын. Бір күні бір әйел келіп ақша сұрады. «Маған берілсең ғана беремін» дедім. Ол көнбеді. Үшінші келгенінде көнгенімен қатты дірілдеп тұрды. «Не үшін дірілдеп тұрсың?» деп едім, «Аллаһтан қорқып тұрмын» деді. «Сен бұл кедей халіңмен Аллаһтан қорқып тұрсың. Мен байлығыммен қалай Аллаһтан қорқпаймын?» деп бұл ниетімнен қайттым. Сұраған ақшасын бердім. Я Раббым, мен бұл жаман істен сенің разылығың үшін тыйылдым. Бізді бұл бәледен құтқар!.. ”
      Тас тағы да ашылды. Үшіншісі былай айтып берді: 
    Менің кәрі анам бар еді. Оған тамағын беріп, шайын ішкізіп қызмет ететінмін. Бір күні үйге кеш келдім. Сүт ыдысыммен жанына барғанымда ұйықтап қалғанын көрдім. Таңға дейін жанында күттім. Оянғанда тамағын беріп сүтін ішкіздім. Я Раббым мен бұл істі сенің разылығың үшін жасадым. Соның құрметіне бізді бұл бәледен құтқар!..” 
     Осыдан кейін тас толығымен ашылып үшеуі де ол жерден құтылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу