👈 қаріп өлшемі 👉

  14.12.2021
  84


Автор: Балаларға арналған әңгіме, оқиға

Мойны сынған еді

Бір патшаның баласы аттан құлап, мойын сүйектерін сындырып алады. Мойны пілдің мойнына ұқсап денесіне килігіп қалады. Басын бұру үшін бүкіл денесімен бірге бұрылып қарайтын еді. Еліндегі емшілердің бәрі қанша тырысса да оны емдей алмайды. Тек басқа елден келген бір емші ғана мойнын бұрынғы қалпына келтіріп, тамырлары мен сүйектерін жөнге келтіре алады. Егер бұл емші болмағанда, ханзада өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалар еді, бәлкім өліп кетуі де мүмкін еді. Ханзаданың жағдайы жақсарғаннан кейін, оны емдеген емші, ханзада мен әкесін көруге барады. Ол тым болмағанда «рахмет» деген алғыс сөз күткен еді. Жақсылықты түсінбейтін патша мен ханзада оған еш көңіл бөлмей, қарамай қояды.
      Емші өзіне көрсетілген бұл мәмілеге қатты ренжіп, патша мен баласы ұялудың орнына дәрігердің өзі ұялып басы салбыраған күйде ол жерден кетіп қалады. Жолда өз-өзіне: «Егер мен оның мойнын емдеп, бұрынғы қалпына келтірмегенімде, бүгін менен жүзін бұра алмас еді» - дейді. Осындай жағдайға түскен дәрігер, патша мен ханзададан өш алуға шешім қабылдайды. Оған бір дәндер жібереді. Жанына мынадай хат жолдайды: «Ханзада мынаны бір ыдысқа салып өртесін. Шипалы және денсаулыққа өте пайдалы нәрсе.»
      Ханзада емші жіберген дәнді өртегенінде түтүнінен түшкіріп жібереді. Түшкірген кезде басы қайтадан қисайып қалады. Патшаның бұйрығымен әлгі емшіні ұзақ уақыт бойы іздегенімен еш таба алмайды. Емшіден кешірім сұрамақ болады. Бірақ амал нешік... Болар іс болған еді.
      Біздің де ертеңгі күні мойнымыз бүкірейіп тұрмауы үшін, Жаратқанға шүкір етуден бет бұрмауымыз керек...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы