Өлеңдер ✍️

  13.12.2021
  180


Автор: Жанбай Өзденбаев

Жаңа жылдық дорбаға


Шана жеккен бұғымен,
Жаңа жылдың жүгімен,
Бір ақсақал келді де
Зікір салды түнімен.

Жаңа жылдың есігін,
Ащы – тәтті несібін
Ашып берер ақсақал
Аяз ата – есімі.

Аяз ата мырза екен,
Бала біткен ырза екен;
Сыйлық дорба жыл бойы
Осы жерде тұрса екен.

Қызыл, жасыл, тоқсары,
Шұғылалы шоқтары;
Жымыңдайды шыршада
Сансыз үміт оттары.

Айналумен шыршаны,
Алдарқатып баршаны,
Қоян болып, ат болып,
Аяз ата шаршады.

Сөз тигенде шөжеге,
Шақырды да көжеге
«Аяз ата, кел»- деді,
«Бірге Аяз әжемен».

Өзденбаев Жанбай, 2015/16




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу