Өлеңдер ✍️

  12.12.2021
  232


Автор: Ербол Бейілхан

ҚЫС


Желтоқсан. Желді көрік - қыстың басы,
Жез қырау кеше сары – Мыстың басы.
Жұп боп келіп, топ болып көкті тілген, 
Қарашада қап қойды құстың жасы.

Желтоқсан – айдарынан  жел еседі,
Күз – жігіт  қалды үнсіз, Жеңешелі.
Кешегі ақ балтырлы қыз қайындар,
Бүрсеңдеп, аппақ шалмен кеңеседі...

Дойыр шал – ысқырады, айқайлайды,
Назарын енді көктен Ай салмайды.
Балтырын шал сипаған қыз қайындар,
"Етімді құрт жесін" деп айта алмайды...

Күтпейсің дойыр шалдан әділдікті,
Айдахардай ысқырған шалың мықты.
Күпінген пенделерің күпі киіп,
Шал қуалап келеді қалың жұртты...

...Дойыр шал – төніп-төніп ентігеді,
Қашан да бір жылылық ел тілегі.
Қыз қайыңдар елітіп ертегі айтып,
Мең-зең ғып шал байқұсты өлтіреді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу