Өлеңдер ✍️

  12.12.2021
  256


Автор: Ербол Бейілхан

Ерке қыз

-Сен кімсің? -деп біліп тұрып сұрама,
Ей, ғашық қыз, сүйдің екен жылама!

-Кіммін осы, бар ма менің дерегім?
Паспортым да, өмірім де - өлеңім.

Өзің кімсің, мені сүйген ерке қыз?
Сары күздей мұңайыппыз ерте біз.

Сезіміме сауал қойған қарағым,
Жүрегімді баурап алып жарадың.

Бұл сезімің болды, рас, өміршең,
Өлең өрдің жалғандықтан жерінсең.

Туған айдай ерке қыз -ау, қияқты,
Өмір бізді елемейтін сияқты?

Асаулығым тұсауланған нөлмін мен,
Сен жоқ жерде құлазыған шөлмін мен.

...Әлі талай азабымды артамын,
Әлі талай азабыңды тартамын.

-Сен кімсің? -деп біліп тұрып сұрама,
Ей, ғашық қыз, сүйдің екен жылама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу