Өлеңдер ✍️

  12.12.2021
  259


Автор: Ербол Бейілхан

Ана

Күпірі жоқ, шүкірі көп барлық аяулы аналарды, қыз-келіншектерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!Жайнай беріңіздер, жасай беріңіздер!!!

Ана

Мейірімің шексіз ана, дидарың да ай сынды,
Ерте оттықан қоңыр қозың сағынады дауысыңды.
Сегізімде арман атқа үкі тағып мінген ем,
Күте-күте білем ана төзімің де таусылды.

Балалық-ай, тұратұғын әр нәрсеге құмартып,
Қалған едің, ақ жаулығың көз ұшында мұнартып.
Көктем сайын келген құспен бір келер деп күттің бе,
Күрең күздер, кеткен шығар сағынышты ұзартып.

Қандай ана шуақты еді, мейірлене қарасың,
Шексіз дархан, түпсіз терең, сүттей аппақ, данасың.
Сенің тәтті, сенің іңкәр, сенің ұлы сағынышың жалғайды,
Атқан таңмен, батқан күннің арасын.

Менің де ана, төлге толы тілеуіңмен көгенім,
Әкемін ғой, соларды ойлап езіледі өзегім.
Қоңыр күзде құс қайтқанда жалғыз өзім кетіп ем,
Биыл көктем, сыңарыммен шұбатылып келемін.

Дайын ба апа: сүрің менен құрт, ірімшік, айраның,
Орындалар бізді көріп, сан жыл күткен арманың.
Көңіл көншіп, күрең шайды, күліп ұзақ сораптап,
Немереңді иіскеп ана, жібір кепкен таңдайың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу