Өлеңдер ✍️

  12.12.2021
  139


Автор: Ербол Бейілхан

Аяулы адам


Кең көшеде екеуміз жаяулаған,
Қашқақтамай жүрсеңші таяу маған.
Елең етіп еліктей үркектейсің,
Тоғыспаған жолымыз аяулы адам.

Мен бе сіздің "ең ұлы ақыныңыз?",
Мұны естісе ренжір жақынымыз?..
Жұрттың бізде шаруасы қанша дейсің,
Оның да рас, сүюуге қақылымыз.

Ай, жыл өтті жүргелі елең болып,
Естімейді дүние керең болып.
Қапияда ендің де жүрегіме,
Ақ қағазға төгілдің өлең болып.

Кең көшеде екеуміз жаяулаған,
Қашқақтамай жүрсеңші таяу маған.
Елең етіп еліктей үркектейсің,
Тоғыспаған жолымыз аяулы адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу