10.12.2021
  308


Тәуелсіздікке 30 жыл!

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті: Жұмаділ Эльдана Әділетқызы 


 


Биыл біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл толмақшы. Осы жылдарда Қазақстан биік шыңдарға көтеріліп қана қоймай, бүкіл әлемге танылды.


1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Республикасының жоғарғы кеңесі ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған болатын . Сол оқиғадан бері, әр жыл сайын 16 желтоқсанда қазақстандықтар тәуелсіздігін атап өтеді.Президент пен үкіметтің алдында еліміздегі экономикалық және саяси проблемаларды жою күтіп тұрды. Олар:валюта енгізу, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу, мемлекеттік рәміздерді енгізу және т.б. Осыншама қысқа уақытта көптеген оқиғалар орын алып, мәселелер шешім таба алды. Қазақстанда екі жаңғырту стратегиялық жоспары жүрді. Бірінші жаңғырту жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуді, саяси жүйенің дамуын, жаңа мемлекеттің қалыптасу кезеңін қамтиды. Ал, екінші жаңғырту "Стратегия - 2030" қабылдау кезеңін және жаңа астананы құрудың стратегиялық шешімін қабылдау ды қамтиды. Қазіргі уақытта үшінші жаңғырту жүзеге асырылуда, ол бес басты міндеттен тұрады: бизнес ортаны түбегейлі кеңейту, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, технологиялық жаңғырту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасын жақсарту. Қазақстанның тағы бір жетістіктерінің бірі - шет елдермен достық қарым-қатынасы. 120-дан астам ел ресми түрде мойындап, елімізбен дипломатиялық қарым-қатынас ортанып отыр. 40-тан астам көпжақты және 700 екі жақты келісімдер мен шарттарға қосылды. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды және белсенді мүшесі болып қана қоймай, сондай-ақ Еуроодақ, Еуропаның қайта құру және даму банкі, халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтасты нығайтуда.


Осы айтылған жетістіктердің барлығы басшымыз, елбасымыздың арқасында. Халыққа тіреу болған және тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді білдіретін адам - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Оның рөлін атап өтпеуге болмайды.


"Бай тарихы мен тамыры терең Қазақстан үшін бұдан артық құндылық жоқ. Бұл ең қымбат қазына. Сол себепті ата-бабаларымыздың қан төгіп тұрып жеткен тәуелсіздігін бағалап, ардақтауымыз қажет. Егемендік - бұл әрбір халық ие бола бермейтін баға жетпес игілік, әрі бақыт. Тәуелсіздігіміздің шежіресі тұңғыш президентіміз - елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты"- деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев.


Кез келген ел секілді, Қазақстан да тұғыры биік болуға тырысып келеді. Бірақ ең басты байлығымыз - тәуелсіздік. Ол аянбай қорғалуы және нығайтылуы қажет нәрсе екенін есте ұстаған жөн! 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу