07.12.2021
  649


Автор: Жібек Ысқақова

Мұғалім жаңа жылыңызбен!

Мұғалімдер келер күннің ұстасы,
Балаларға оқу, білім беретін.
Балалардың жететін жетістігі,
Мұғалімге абыройын беретін.

Мұғалімдер жаңа жыл құтты болсын,
Шуақ шашып қуанышпен тойланар.
Бір жас қосар бұл жаңа жыл әкелсін,
Армандардың мақсаттарын ойға алар.

Жаңа жылда жетістіктер орнасын,
Жаңа күнде шаттықты күн жалғасып.
Мұғалімдер жұмысың жеміс берсін,
Ақ тілектер тек сіздерге арнасып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу