06.12.2021
  548


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылға ұстазыма тілек

Жаңа жылдың ашылды ақ есігі,
Құтты болсын сабақ берер ұстазым.
Биылғы жыл бақ-береке әкеліп,
Деніңіз сау, мықты болсын ұстазым.

Жаңа жылдың сезініңіз бақытын,
Қызықты етіп өткізіп әр уақытын.
Еңбегіңіз жемісін берсін деймін,
Шәкірттерің биікке өрлеп жақұтың.

Арманыңыз мақсатына жетсін деп,
Жаңа күн бұл шапағатын төксін деп.
Тілеймін мен асыл жанды ұстазым,
Бар жақсылық жүректе орын тепсін деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу