06.12.2021
  354


Мен дұрыс таңдау жасадым

Мектеп табалдырығында оқып жүргенімде мамандық таңдаудың үлкен жауапкершілік екенін ұстаздарымыз үнемі есімізге салып, түйсігімізге сіңіріп қойған еді. Сол кезден бастап мамандық алатын болашақтағы оқу орнымның мәртебесі биік болғанын қаладым. Сонымен қатар, жоғарғы санаттағы білім алу кәсіби қызметті қалыптастырып, болашақ өмір жолын айшықтап қана қоймай, өмір сапасына да әсер ететінін ескеру керек. Көп ойланбай таңдауым Қазақ ұлттық университетіне түсті. Бұл киелі шаңырақтың білім алушыларына көптеген мүмкіндіктер беретінін, білім беру жүйесінің діңгегі бекінген мекен екені де баршамызға аян.  бірден түсіну қиын болмады.


 


Бүгінде мен баспа ісі мамандығында білім алып жатырмын. Бұл мамандықты таңдауымдағы мақсат – құзыретті, білімді маман деңгейіне жету, оқырманның сұранысын қанағаттандыру үшін қызмет ету. Бірінші курстың алғашқы жарты жылдығынан бастап-ақ қарапайым конспект жазудың да үлкен маңызын түсіндірген оқытушылардың берген тиімді әдістерін әлі күнге қолданып келемін. Ақпаратты сараптан өткізу, журналистің қоғам өмірімен етене байланыста дұрыс    жұмыс істеуді үйрену бізің алдымызға қойылған үлкен жұмыс, әрі жауапкершілік. Баспа ісі тек библиофилді ғана емес, сонымен қатар нарықты білетін, көзқарасы қоғам қажеттілігене бағытталған, басқарушылық білімі бар маман. Баспа және баспа процесі – бұл әлеуметтік ақпаратты қоғамдық бағалау жүзеге асыратын бірегей ақпараттық технология жүйесі. Бұл процестің басты маманы – редактор. Ал ол өз жұмысында қазіргі редакторлық процестің ерекшеліктерімен анықталатын әдістер мен іс-әрекеттерді қамтитын күрделі тәсілдерді қолданады. Осы салада білім алып, ел ертеңіне үлес қосу – мен үшін үлкен жетістік. Бұл мамандықтың тізгінін ұстату Қазақстандағы екі университетке берілген екен, соның бірі ҚазҰУ. Студенттерге осындай мүмкіндік беріп, сауатты журналистер мен редакторлар шығаруды мойнына алған оқу ордасына тағы бір мәрте бас июге болады.


 


Қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастырудың басты талабына электрондық материалдар, әдістемелік жасалымдар дайындау болып табылады. Бұл кәсіби деңгейі дамыған, біліктілігі жоғары, бәсекеге төзімді қоғам құру үшін зор көмегін тигізеді. Сонымен қатар әр сабақтан да берілген тапсырмалардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, бізге бұрын таңсық болған түрлі қосымшалар мен сайттарды пайдаланып, жаңа технологияларға бағытталған материалдармен жұмыс жасауға көптеген мүмкіндіктер туды. Бұл өз кезегінде біздің жаңа өзгерістерге бет бұруымызға себепкер болды.


 


Бізге берген тәжірибе мен алған біліміміз үшін, күн сайын көптеген жаңалықтар білуге мүмкіндік бергені үшін өз университетіме алғысым шексіз. Бүгінге дейін оқу орнын дұрыс таңдағаныма күмән келтіріп көрген емеспін, ал қазіргі уақытта тек сапалы білім алып қана қоймай, сонымен бірге шығармашылықпен дамуға мүмкіндік берген университетіміздің дәрежесін жас буынның әлі талай көтеретініне сенімім мол. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп, бәсекеге қабілетті маман болсақ әлі алар асауымыз көп екені баршамызға анық.


 


Сыдықбек Анел


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Баспа ісі, 2-курс


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Анел
Анел 31.01.2024 17:57
Математика

Пікір жазу