06.12.2021
  436


Ахина Нұрилла Елеусізқызы

ТӘУЕЛСІЗДІК СЫЙЛАҒАН БАҚЫТ

   Еңселі ел болып, шекарамызды бекітіп, отарлық саясаттан арылып, алғаш рет Шу бойында іргесі қаланған мемлекетті қайта түлетіп, «Тәуелсіз Ел» атанғанымызға биыл 30 жыл толды. Әрине, көп уақыт емес. Дегенмен, осы жылдар аралығында Қазақстан  әлемге өзінің бәсекеге қабілетті ел екендігін дәлдей білді.  Дана халқымыздың «Елу жылда – ел жаңа» деген керемет сөзі бар. Ендеше, елімізде ширек ғасырда не өзгерді? Әуелі, ұлттық символымдарымыз көк туымыз, әнұранымыз бен елтаңбамызды жасап, Ата заңымызды қабылданып, ұлттық теңгеміз айналымға енгізілді. Одан кейін Тұңғыш Президенттіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел астанасын мәдениет шаһары Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына (бұрынғы Астана)  көшіру туралы шешім қабылдады.


    Нұр-Сұлтан – тәуелсіздіктің алғашқы жемісінің бірі. Жас қаламыз бәйтерек ағашындай тамырын кенге жайып, өркендеп, дамып жатыр. Елордамыз осы жылдар аралығында «Бейбітшілік қаласына» айналып, бір-біріне қарсы мемлекеттердің басын қосып, Жер шарының бірлікте болуына ықпал жасап келеді. Бас қаламызда көптеген саммиттер, форумдар ұйымдастырылуы қазіргі кезде дәстүрге айналғандай. Одан бөлек, 2017 жылы «ЕХРО-2017» көрмесі жоғарғы деңгейде өткізіліп, әлем назарын өзіңе аударып, көптің таңданысын тудырғаны жасырын емес. Тәуелсіздіктің бізге сыйлаған бақыты қандай?


    Бізге тәуелсіздік елімізді төрткүл дүниеге танытуға және Отанымыз арқылы мақтануға, тегін білім алып, өз ойымызды қорықпай айтуға, өз құқығымызды таптатпауға, әлемге саяхат жасап, елдердің мәдениетін тамашалай  алуға мүмкіндік жасады. Бұл тек  тәуелсіздік сыйлаған сыйдың бір қыры ғана десем де болады.  Тәуелсіздік маған отбасыммен бірге тыныш өмір сүру, бала кезімді және жастық шағымды қызықты өткізу мүмкіндігін берді. Тәуелсіздік маған арманымды шыңдыққа айналдыру бақытын сыйлады. Тәуелсіздік ана тілімде еркін сөйлеп, өз әдебиетіммен танысып, дінімді қорлатпауға мүмкіндік берді. Иә, мен айтып отырған дүниелердің бәрі бүгінгі күні біз үшін қол жетімді әрі қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бірақ, кейбір мемлекеттер үшін  бұл әлі күнге дейін арман...


     Мен болашағы кемел елдің бақытты өренімін. Себебі, мен соғыстың қара түнің, өз елімде жүріп, өзге бағыну азабын, өзім өмір сүруім үшін өзгені таптау қорлығын көргенім жоқ. Менің ата-бабам «Тәуелсіздік» үшін сан ғасырлық азапты бастан өткізіп, бейбіт күннің ақ таңы үшін өзің құрбан етті. Ендігі біздің міндет осы сары даланы қорғап, бабалар аманатына қиянат жасамай, елге қызмет қылу. Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев «Мен жастарған сенемін» деп ұрпақтарына үлкен сенім білдірсе, сол сенімді ақтау біздің борышымыз!


 


Ахина Нұрилла Елеусізқызы


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Журналистика факультеті


«Баспа ісі» мамандығының 2-курс.


Жетекші: кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқытушы Назкен Жансерікқызы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу