06.12.2021
  370


Тарихыңды білмесең, болашақ саған тас атады

Уақыт күтпейді. Тәуелсіздік таңы атқалы тұғырымыз биіктеп, тегеурінді теңізге айналғандай. Қанды соғыс, ащы шындық, елеулі еңбек –қазіргі тыныштықтың басты баспалдағы. Қаншамаң тер, еңбек, күрес. Елім деп емірене жүгіріп, қиындыққа тосыла көнген тұлғалар — мәңгі ел есінде.
Қаламына сүйенген жазушы болсын, яки қаруын қолынан тастамаған жауынгер болсын, армандары бір еді. Ұмытылмас күн. Тәуелсіз ел атану екі жүз жылдан астам уақытты қажет етті. Отан және оның гүлдену мақсатында көптеген адамдар жан тапсырды. Күресу жолында ата-бабаларымыз әр түрлі уақыттарды бастан өткерді: жоңғарлардан қорғанды, патшалар тұсында қыспаққа алынды, ал Ұлы Отан соғысы кезінде немістермен шайқасып батырлық көрсетті. Осылайша тәуелсіздік 30 жыл бұрын, желтоқсанның 16-жұлдызында орнады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды. Бүкілхалықтық дауыс беруден кейін халық жаңа, жас республиканың Тұңғыш Президенті – зиялы саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты 1-желтоқсан күні сайлады. Өзінің болашаққа бағытталған саяси-дипломатиялық көзқарастарының арқасында ол мемлекеттің жаңа құрылымын құруды мақсат етіп, әрекет жасады. Көптеген қателіктер, мен құлдыраулар болды. Халыққа өзгерістерді қабылдау оңайға соқпады, бірақ еліміз барлық сынақтардан өтіп, қапалы қиындықтарды жеңді. Енді біздің мемлекетіміз мықты әрі еркін ғана емес, сондай-ақ демократиялық мемлекет. Сіз тәуелсіз адам ретінде қандай игі іс бітірдіңіз? Иә, тарихи тұлғаларымыз жайында ауыз толтырып айту біз үшін оңай. Ал сол еңбектің өтеуін өтедік пе? Тәуелсіздік — жарқын болашақ бастауы. Бұл күн — өткен жолға қайта қарауға арналған. Расында да, өткенсіз бүгінді бағалап, болашаққа жоспар құру қиын. “Өткеніңді білмесең болашақ саған тас атады”. Иә, еліміз деп емірене еңбек етіп, тәуелсіздік таңы атса екен деп елеңдеп өткен халық жанашырлары мәңгі ел есінде. Қаһармандардың үкіленген үміттері — өскелең ұрпақ, тек біз едік. Тіл еркіндігі, жаңа мүмкіндіктер, ғылым, технология біздің прогрессті дамуымыз үшін үлкен мүмкіндік. Өз тілімізде сөйлеп, сонау ықылым заманнан қалыптасқан әдет-ғұрып, салтымызды сақтау –біздің міндет. Қолда бар алтынның қадірін біліп, жаңа мүмкіндіктерге бірге жол ашайық!


Қорғанбай Аяулым


Мауит Ләззәт


Сембекова Қарашаш


 



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.




Баспа ісі 2 курс





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу