06.12.2021
  531


Тәуелсіздік – баға жетпес байлық

    "Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.


                        Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


 


     Тәуелсіздік - бүгінгі жас ұрпаққа ата-бабадан қалған асыл мұра. Биылғы жылы, міне, тәуелсіздігімізге отыз жыл толуда. Бұл да азаттығымыздың айшықты бір белгісі десек те болар.


       Отан және оның жарқын болашағы үшін болған күресте көптеген адамдар басын қатерге тікті. Біздің Отанымыз бен ата-бабаларымыз әр түрлі уақыттарды бастан өткерді: жоңғарлардан қорғанды, патшалық тұсында қыспаққа алынды, Ұлы Отан соғысы кезінде ел үшін шайқасып, батырлық көрсетті. Біз әркез оларды еске алып, мақтан тұтуымыз керек, өйткені олардың арқасында біз қазір мықты және еркін елде өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің тәуелсіздік алып, нығайып, аяққа тұрғанына отыз жыл болды. Енді біз мықты әрі еркін ғана емес, сондай-ақ демократиялық мемлекетте ашық аспан астында күн кешудеміз. Саналы ұрпақ ретінде тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін түсінгенімізбен, бұл нәрсеге ата-бабамыздың қалай тер төгіп, еңбек етіп, күрескенін өз көзімізбен көріп, сезінбедік. Бірақ, біраз материалдар арқылы естіп-білгеніміз бар. Соның арқасында бізге тәуелсіздігіміздің тұғырлы туын тігіп бергендерге әрдайым құрметпен қарап, алғыс білдіреміз. Ал, біздегі басты міндет - осы егемен елді биік белестерге көтеріп, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосу. 


     Осы отыз жыл ішінде Қазақстан аз жетістікке жетпеді: жаңа мемлекет құрылып, экономикадамыды, онымен бірге адамдардың өмір сүру деңгейі де көтерілді. Мемлекет экономика, ғылым, мәдениетті жоғарғы деңгейде дамытуға ден қойдыБір аспан астында мыңдаған ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Әртүрлі тілде кітап басылып, ұлттық театрлар, музей, музыкалық ансамбльдер жұмыс жасайды. Дамыған еліміздің тағы бір символы - әсем де асқақ бас қаламыз - Нұр-Сұлтан қаласы. Аз ғана уақыт ішінде үлкен өзгерістерге еніп, заманауи, әлемге әйгілі қала атанды. Еліміздің күш-қуатын бейнелейтін бірден-бір белгі - біздің елордамыз.


     Еліміз бұндай жетістіктермен тоқтап қала бермейді. Әр жаңа жыл, жаңа ғасырлар сайын барша әлемді таңқалдыра бермек. Ол үшін де мемлекетіміздің бүгінгі жас ұрпағы, ертеңгі болашағы ретінде біз де аянып қалмай, өз күш-жігеріміз бен білімімізді жұмсап, ел қамы үшін тер төгуіміз қажет. 


 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, баспа ісі және редакциялау, 2-ші курс студенті: Ерболатқызы Нұрханым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу