Өлеңдер ✍️

  04.12.2021
  178


Автор: Сейфолла Оспан

Жер туралы жыр

Өзіңнен нәр алдым, жаралдым,
Қара жер, Ана жер көлбеген.
Бар-жоғын сыйладың адамның,
Небір дән жоқ сенде өнбеген?!

Дархансың, жомартсың, ен дала,
Төсіңде ерке өскен мен бала.
Сен ғана, сен ғана, сен ғана,
Өмірсің, көңілсің ең дара.

Дәнісің тер төккен диханның,
Әнісің бақшалы бағбанның.
Жауысың жалқау мен бейқамның,
Сәнісің еңбегі жанғанның.

Қазынам таусылмас, мақтаным,
Өзіңдей жұмақты таппадым.
Аймалап кеудеңді, ақ таңым,
Жыр етіп өзіңді жаттадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу