04.12.2021
  186


Автор: Сейфолла Оспан

Бидай сөйлейді

Мен тұқым болдым,
Жерге себілдім.
Мен талай тоңдым,
Су астында
Телегей-теңіздің.

Мен қызыл болдым,
Қырманға жиналдым.
Мен қызу қолдың
Қауыздағанынан
Қиналдым.

Тартты – үн болдым,
Ашытты – ісіндім.
Еңбегін мың қолдың
Дастархан үстінде,
Міне, енді түсіндім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу