Өлеңдер ✍️

  04.12.2021
  368


Автор: Сейфолла Оспан

Бақыт жыры

Кілемдейін құлпырады
Тербетілген даламыз.
Кеудемізде күн тұрағы,
Алау оттай жанамыз.

Бақыт нұры аймалаған,
Бал-бұл жанған баламыз.
Гүл тереміз сай-саладан
Мекендеген бабамыз...

Күмбірлеген күй бұлағы,
Айналаның бәрі аңыз.
Жел бесікте жыр тұнады,
Шырқап-шырқап аламыз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу