Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  560


Автор: Дилбар Маликова

Қазақ қызы.

------------------------------------------------------------------
Жүздері - нұрлы күннің шуағындай,
Көңілі - таудың мөлдір бұлағындай.
Қазақ қызы әдемі ғой, әдемі,
Еркелеген еліктің бір лағындай.
------------------------------------------------------------------
Жымиып бір ерекше күлетіндей,
Әдепті, салмақты боп жүретіндей.
Майысқан талшыбықтай қыздарымыз,
Әр жігіттің арманы, тілегіндей.
------------------------------------------------------------------
Әдемі - көлдің жасыл құрағындай,
Жайқалып шуақ шашып тұратындай.
Қазақ қызы- ибалы ғой, иманды,
Жанына жақсыларды жиятындай.
------------------------------------------------------------------
Әсем көркі алаулаған жалындай,
Әр қазақтың өмірдегі бағындай.
Қазақ қызы - биязы ғой, биязы,
Әуендегі сағыныштың сазындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу