Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  317


Автор: Дилбар Маликова

Ана

 Сөзі:Д.Маликова
Әні: Берік Тәжібаев
Орындаған: Ұлбосын Белғозиева

Аналардың бізбен бірге жүрегі,
Өзімізден артық бізді біледі.
Махаббаттың ең ұлысы осы ғой,
Аналардай бізді кімдер сүйеді?!

Кешіккенде кім уайымдар анадай?
Отыра алмас терезеге қарамай.
Қанша жасқа келсек те біз бәрібір,
Ана үшін қаламыз ғой баладай.

Ана жүрек жай-күйіңді сезеді,
Перзент үшін барлығына төзеді.
Басымызға туа қалса қиын күн,
Бірінші боп, ана байғұс келеді.

Аналарға- күлкіміз ғой керегі,
Өмірінің мәні біздер себебі.
Біз жүргенде көз алдында күлімдеп,
Тіршіліктің бар күйбеңін жеңеді.

Сондықтан да, қадіріне жетейік!
Тірісінде демеп, разы етейік.
Жәутеңдетіп жүргендер көп жалғанда,
Өсіп-өніп кеткеннен соң есейіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу