Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  1519


Автор: Дилбар Маликова

Бауырларым!


Бір құрсақтан туылған бауырларым!
Қай кезде де жанымнан табыларым.
Бір туылып, өскенмен бір ұяда,
Бірге жүру жоқ екен сағынамын.

Сендердікі сыйлы орын төрімдегі,
Сендерменен көздерім күлімдеді.
Қуанышта, қайғымда жанымда боп,
Көңіл деген көбелек түңілмеді.

Жалғандағы тірегім, қорғандарым!
Бауырларым жақсы екен болғандарың.
Мұрттай ұшсам өмірдің майданында,
Жалғызбын деп ойланып-толғанбадым.

Өмір дейтін тіршілік күресінде,
Бауырларсыз қасқайып жүресің бе?
Қай қиырға кетсек те есейгенде,
Бауыр керек достарым білесіз бе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу