Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  159


Автор: Дилбар Маликова

Жаратқаным жар бола гөр еліме!

Жаратқаным жар бола гөр еліме!
Қазағыма Алла сынақ берді ме?
Сабақ болмай Арыстағы жарылыс,
Көкелерім бір - біріне сенді ме?!

Бұл не сұмдық бейбіт күнде бұлт төнді?!
Қазағым - ау, салғыртықты мың көрді.
Жауапсыздар жауап берсін кілкімей,
Қорлады-ау, қарапайым елімді!

О, Жаратқан!
Жаралыға шипасын бер,
Сау - саламат нәр татсын
Күллі қазақ тілеуін бер,
Тыныштықпен таң атсын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу