Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  274


Автор: Дилбар Маликова

Жалғыз досым

Жалғыз досым жанашырым бар менің,
Сол досымда үміт, арман бар сенім.
Тағдыр мені құлатқанда жолымнан,
Еш кідірмей, түре келген қол - жеңін.

Кеудем боп-бос қаңыраған сәттерде,
Бір түн өтіп ашылатын ақ перде.
Досым келіп арашалап қайғыдан,
"Жаз" дейтұғын бар сырыңды дәптерге.

Есепсіз дос, қызғаныш жоқ, не өкпе,
Шын қуанар шықсам биік белеске.
Тастамайды ешқашанда ол мені,
Сабақтарды салып тұрар тек еске.

Бойында оның күш-қайраты, бар төзім,
Ақылдаспай өмір сүрген жоқ кезім.
Кім дейсіз бе, ол досымды айтайын,
Оқырманым, менің досым - тек өзім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу