03.12.2021
  704


Автор: Жаңа жыл

Құрбыма жаңа жылға өлең тілек

Арайлы таң нұрын төгіп, шаттанып,
Жаңа жылдың жаңа күні жатталып.
Денің сау боп, аман болғын құрбыжан,
Алла жар боп сұлулана, бапталып.

Жаңа жылың қуанышын сыйласын,
Әрбір күнің сәттілікке ұласып.
Көктемдейін құлпырып сен құрбыжан,
Біз жүрейік амандықты сұрасып.

Арманың мен мақсаттарың үндесіп,
Жаңа жылда ең бақытты күй кешіп.
Мол табысқа кенеле бер құрбыжан,
Әрбір ісің бір-бірімен үйлесіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу