03.12.2021
  731


Автор: Жібек Ысқақова

Құрбыма тілек жаңа жылға

Арайлы таң шуағына бөлесін,
Раббым Алла бір өзіңді демесін.
Қуанышпен есік ашқан жаңа жыл,
Қиындығын құрбым саған бермесін.

Әрбір күнің жақсылығын жалғасын,
Қиындығың алтын құрбым болмасын.
Жаңа жылдың жаңа күні қуантып,
Бақыт, шаттық жалғай берсін арнасын.

Ақ көңілің жарқырасын, жайнасын,
Асыл құрбым басыңнан бақ таймасын.
Жаңа жылың құтты болып құрбыжан,
Бар қуаныш өміріңе бойласын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу