03.12.2021
  940


Автор: Жаңа жыл

Досым, жаңа жыл құтты болсын!

Бар жақсыны әрқашанда тілейтін,
Асыл досым жанашырым аман бол.
Жаңа жылың бар бақытын сыйласын,
Қуанышын, сәттілігін, шаттық мол.

Жаңа жылың жұлдыздайын жарқырап,
Армандарың орындалсын аңсаған.
Жүзіңнен күлкі кетпесін досым менің,
Тәнті болып бір өзіңе барша адам.

Өміріңде бар жақсылық орнасын,
Жаңа жылың мол табысқа жетелеп.
Жаратқаным бір өзіңді қолдасын,
Жүре бергін ортамызда еркелеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу