03.12.2021
  939


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңызбен әпке!

Бар жақсыны тілейтін әпкем өзің,
Жанымызға қуат берер әрбір сөзің.
Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен,
Жаңа күндер көп болып бақытты еткен.

Жаңа жылда ашылып жан сарайың,
Шаттығына бөлесін бар маңайың.
Бұл жаңа жыл әкеліп қуанышын,
Нұрын шашып, бөлесін таң арайың.

Бар жақсыны тілейді мендік жүрек,
Гүл жайнаған жан әпкем аман бол деп.
Әрбір күнің сәттілікке жолын ашып,
Бұл жаңа жыл табысқа кенелтсін деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу