03.12.2021
  1271


Автор: Жібек Ысқақова

Әпкеме жаңа жылға тілек

Жаңа жылдың ақ таңы жаңа атты,
Бар әлемді жаңашыл күйге бөлеп.
Аппақ қардай ақ тілек арналуда,
Көңілдерді ән менен жырға бөлеп.

Менде тілек арнаймын әпке сізге,
Құтты болсын жаңа жыл есік ашқан.
Жаңа жылдың жаңа күні бақ сыйласын,
Қуаныш пен шаттық бірге мақұлдасқан.

Аппақ қардай көңіліңіз мұңаймасын,
Көңіліңізде әуезді жыр ойнасын.
Деніңіз сау болып әпке амандықта,
Бақытыңыз жан әпке ортаймасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу