03.12.2021
  392


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңыз құтты болсын, әжетайым!

Жаңа жылдың ақ таңы нұрын шашты,
Жаңа жылдың жаңа күні қадам басты.
Құтты болсын жаңа жыл әжетайым,
Ортамызда денің сау болсын басты.

Бақытына бөлесін ұл-қыздарың,
Жарық етер әжетайым жұлдыздарың.
Немарелер қуандырсын, шөберелер,
Сыйлайтұғын қашанда өмір мәнін.

Жаңа күндер жаңадан нұр сыйласын,
Бар әлемнің қуанышын сыйлап сізге.
Ортамызда гүл жайнап жүре берші,
Басшы болып әжетай, әркез бізге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу