03.12.2021
  340


Автор: Жібек Ысқақова

Әжеме жаңа жылға тілек

Еркелетіп өсірген әжетайым,
Амандықта қасымызда болшы дәйім.
Құтты болып жаңа жыл есік ашқан,
Қуанышын сыйласын әркез лайым.

Көктемдейін әр күніңіз көктей берсін,
Бар жақсылық әже сізге беттей берсін.
Бақыт сыйлап әр күні жаңа жылдың,
Қуанышын Раббым Алла көптей берсін.

Бала-шаға аман болып, отбасымыз,
Немеренің қызығын көріңіз сіз.
Шөберенің қолынан майын жалап,
Әжетайым саулықта болыңыз сіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу