03.12.2021
  336


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңыз құтты болсын, АТА!

Бұл жаңа жыл бөлесін шаттығына,
Шаңыраққа әкеліп құт-береке.
Құтты болсын аташым бұл жаңа жыл,
Өзіңізбен толық қанды бұл мереке.

Көңіліңіз шад-шадыман күйге еніп,
Бар жақсыны табыңыз жаңа күннен.
Әр жаңа жыл қуантып сізді ата,
Амандықта болыңыз әркез бізбен.

Зейнетін сіз көріңіз пейнеттің бұл,
Әрқашанда аташым саулықта боп.
Алғысымыз ұшан-теңіз өзіңізге,
Бас иеміз аташым, рахмет көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу